Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
22
май
2025

Жылдық есеп


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


№ 64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназия












2024-2025 оқу жылындағы

математика-информатика кафедрасындағы

жүргізілген жұмыс

ЕСЕБІ
















                                     Кафедра меңгерушісі: Сартаева Қ.Ж.


















ШЫМКЕНТ  2025 ЖЫЛ






2024-2025 оқу жылында математика-информатика кафедрасында 11 математика пән мұғалімі және 11  информатика пән мұғалімі бар. Әрбір мұғалім оқу жылының алғашқы күнінен бастап жеке тұлғаға бағытталған оқыту- мұғалімдердің барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып , оның жеке ерекшеліктерін дамытуға қажетті жағдай жасау, ойлау қабілетін жетілдіру, шығармашылық ізденіске қызығушылығын дамыту, озық тәжірибені насихаттау мақсатында жұмыс істеді.

2024-25 оқу жылының тамыз пед.оқулары ғылыми конференциясына информатика  пәнінің  мұғалімі     Бердімұратова Алтынай  қатысты.

  1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік  орталығы әзірлеген «Информатика мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту» біліктілікті арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде информатика   пәнінің мұғалімі  Пернеханова Жансая курстан  өтті. №082992
  2. 2024 жылы қазан айында «Білім алушылардың математикалық сауаттылығын дамытуда жаттығулар жүйесінің маңызы» атты Республикалық ғылыми-практикалық семинарға математика пәнінің мұғалімі Нарбекова Нұрайым зуммен қатысты.
  3. Қазан айында математика пәнінен Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді.5 сынып оқушыларынан 5 оқушы, 6 сыныптардан 6 оқушы, 7 сыныптардан 7 оқушы, 8 сыныптардан 6 оқушы қатысты. 
  4. Қазан айында 10-11 сынып оқушыларына арналған "Алтын түлек" олимпиадасының мектепішілік кезеңінде 8 оқушы қатысты.
  5. Қараша айында математика пәнінен Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. 9 сыныптардан 5 оқушы, 10 сыныптардан 5 оқушы қатысты.

13.01-20.01.2025 ж аралығында «Математика, информатика – қызықты да сырлы әлем» тақырыбында өткізілген апталықта 5 «а» сыныбымен математика пән мұғалімі Нарбекова Нұрайым 14.01.2025 ж «Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер» тақырыбында ашық сабақ өтті.

14.01.2025 ж күні 8 «А» сыныбына «For циклі»  тақырыбында   информатика  пәнінің  мұғалімі    Мыңжасар Айдана ашық сабақ өтті

14.01.2025  күні 6 «Ә» сыныбына «IDE-мен танысу»  тақырыбында информатика  пәнінің   мұғалімі Ахметова Мариям ашық сабақ өтті.

15.01.2025ж күні 3В сыныбына «Word мәтіндік редакторы» тақырыбында информатика   пәнінің мұғалімі  Пернеханова Жансаяның ашық сабағын өтті.Сабақта оқушыларға  Word мәтіндік редакторын іске қосып,онымен жұмыс істеу жолдары көрсетілді. Тақырыпқа қатысты түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып ,рефлексиядан оқушылар сабақты толық меңгергенін байқалды. Сергіту сәті оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталды. Сабақ мақсатына жетіп, әр тапсырмадан соң кері байланыс беріп отырды. Оқушылар сабаққа белсене қатысып,сабақта жағымды психологиялық ахуал орнады.

16.01.2025 ж күні  математика пәнінің мұғалімі Мунашева Камшат 9 «Д» сыныбына «Кез келген бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі, котангенсі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ «Өте жақсы» деп бағаланды.

16.01.2025 ж күні информатика  пәнінің  мұғалімі     Кадырбекова Айжан  8 «В» сыныбында «While циклі» тақырыбында  ашық   сабақ өтті.

16.01.2025 ж күні информатика  пәнінің  мұғалімі     Журимбаева Салима  3 «Ә» сыныбында «Құжатты рәсімдейміз» атты тақырыбында   ашық сабақ өтті. Жасанды интеллект технологиясын тиімді пайдаланып, Bamboozl программасы арқылы оқушыларға сұрақ қойылды,QR код арқылы мұғалімді бағалады, сабақтың әр кезеңін жүйелі түрде, сабақта берілетін тапсырмаларға дескрипторлар жасалып, бағалау критерийлері нақты қойылды. Оқушылармен  кері байланыс жасалды.

17.01.2025 ж күні информатика пән мұғалімдері Бердимуратова Алтынай мен Рустемова Айнагүл

10 және 11-сыныптар арасында «InfoМедиа»  тақырыбында сыныптан тыс сабақ өтті. Жаңа технология элементтерін тиімді пайдаланып, сабақтың әр кезеңін жүйелі түрде, сабақта берілетін тапсырмаларға дескрипторлар жасалып, бағалау критерийлері нақты қойылды, оқушылармен  кері байланыс жасалды.

17.01.2025  ж күні математика пәнінің мұғалімі     Эралиева Сандугаш 7 «А» сыныбына «Параллель түзулер, олардың белгілері мен қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ «Өте жақсы» деп бағаланды.

17.01.2025 ж күні информатика пәнінің мұғалімі Кудабаева Эльмира 5 «Ә» сыныпқа  «Робототехника тарихы және перспективалары»  тақырыбында ашық сабақ өтті. Жаңа технология элементтерін тиімді пайдаланып, сабақтың әр кезеңін жүйелі түрде, сабақта берілетін тапсырмаларға дескрипторлар жасалып, бағалау критерийлері нақты қойылды. Оқушылармен  кері байланыс жасалды

20.01-31.01.2025ж аралығында «Цифрлық білім беру ресурстарды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» онкүндігінде   математика пәнінің мұғалімі Тусиббекова Алтынай 8 «Ғ» сыныбында геометрия пәнінен «Параллелограмның ауданы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында жаңа технология элементтерін, цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдаланып оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттыра білдім. Сабақ барысында жеке, жұптық және топтық жұмыстар жүйелі түрде жасалды.  Сабақтың әр тапсырмасына дескриптор жасалып, бағалау критерийлері нақты қойылды. Оқушылармен кері байланыс өз дәрежесінде жасалынды. 

20.01-31.01.2025ж аралығында «Цифрлық білім беру ресурстарды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» онкүндігінде 6 «А» сыныбына информатика  пәнінің  мұғалімі Тастанбекова Динара «Тіл әліпбиі.Синтаксис»  тақырыбында   ашық сабақ өтті. 

20.01-31.01.2025ж аралығында «Цифрлық білім беру ресурстарды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» онкүндігінде математика пәнінің мұғалімі    Бердимуратова Айбаршын7 «ғ» сыныбына «Қысқаша көбейту формулаларына есептер шығару» тақырыбында ашық сабақ өтті.

2025 жылы қаңтар айының 29 күні «Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» атты қалалық әдістемелік семинарда «Цифрлы платформалардың мүмкіндіктері мен артықшылықтары» тақырыбында математика пәнінің мұғалімі Нарбекова Нұрайым баяндама оқыды. 

«Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» қалалық әдістемелік семинарда математика пән мұғалімі Зиядақызы Құралай 5 «ғ» сыныбына «Ондық бөлшектерді салыстыруға есептер шығару» тақырыбында шеберлік сабақ өтті.

«Цифрлық білім беру ресурстарын қолдана отырып, білім сапасын арттыру»  атты әдістемелік семинарда информатика  пәнінің  мұғалімі    Ақынова Нұрбибі 7 «Г» сыныбына «Тармақталған алгоритмдерді программалау» тақырыбында ашық сабақ өтті. Жаңа технология элементтерін тиімді пайдаланып, сабақтың әр кезеңін жүйелі түрде, сабақта берілетін тапсырмаларға дескрипторлар жасалып, бағалау критерийлері нақты қойылды. Оқушылармен  кері байланыс жасалды.

Наурыз айында «14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі)» күніне жасалған іс –шара негізінде орыс тілі және математика-информатика кафедрасы Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында биыл Наурыз мерекесі Мемлекет басшысы 2024 жылы мақұлдаған Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес жаңартылған форматта – Наурызнама онкүндігі аясында бірлесіп ұлттық нақышта көрініс көрсетілді.

«Рефлексивтік тәжірибеден тұрақты кәсіби дамуға» тақырыбында тәжірибе алмасу алаңында математика пән мұғалімі Зиядақызы Құралай «Математика сабағында ұлттық құндылықтарды дарыту» тақырыбында баяндама оқып, 11 балл алып қорғады. 




Оқушылар жетістігі:


  1. 5 сыныптар арасында Алтын сақа олимпиадасының аудандық кезеңінен    5 «А» сынып оқушысы Джанкарашов Бақдаулет І дәрежелі диплом , математика пән мұғалімі Нарбекова Нұрайым.
  2. 5 г сынып оқушысы Бейсенбай Мирас Республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінен 2 орын алып, келесі кезеңге жолдама алды. ІІ дәрежелі Диплом АС5-24-ІІ-17-02-007.Пән мұғалімі Құдабаева Элмира
  3. 5 сыныптар арасында Алтын сақа олимпиадасының қалалық кезеңінен      5 «А» сынып оқушысы Джанкарашов Бақдаулет грамота , математика пән мұғалімі Нарбекова Нұрайым
  4. 6 сыныптар арасында Республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде 6 Ғ сынып оқушысы Бақытбек Еңлік ІІІ дәрежелі диплом №ФС6-24-ІІІ-17-02-004, математика пәнінің мұғалімі Эралиева Сандуғаш
  5. Джанкарашов Бақдаулет Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 3-орын иеленді, математика пән мұғалімі Нарбекова Нұрайым
  6. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінің жеңімпазы ,ІІІ дәрежелі   диплом, 9 «Ә» сынып оқушысы   Абдраман Ерхан, информатика   пәнінің  мұғалімі    

Мыңжасар Айдана, № 9А2024-482,   05.12.2024ж

  1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 10-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінің жеңімпазы ,ІІ дәрежелі  диплом«Дарын» РҒПО 10 «А» сынып оқушысы  Әбдіғапар Әділбек, информатика  пәнінің   мұғалімі    Бердімұратова Алтынай  
  1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінің жеңімпазы, I дәрежелі диплом 8 «В» сынып оқушысы Пернан Керей, математика пән мұғалімі Жақыпбекова Ажар
  1. Джанкарашов Бақдаулет 5 «А» сынып оқушысы Mathematical Literacy-2025 онлайн олимпиадасынан І дәрежелі диплом. Өтілген орны: НЗМ Шымкент 11-16.11.2024ж, математика пән мұғалімі Нарбекова Нұрайым.


Мұғалім жетістігі:

2025 жылы ақпан айында Шымкент қаласы білім басқармасының «Әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен болған «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңінде математика пән мұғалімі Нарбекова Нұрайым қатысып, 2-орын иеленді.

2025 жылы  наурыз айында «Математикалық регата» мұғалімдер арасындағы олимпиадаға математика пән мұғалімі Нарбекова Нұрайым қатысып, І дәрежелі диплом алды. 

2025 жылы мамыр айында «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» байқауында математика пәні мұғалімі Нарбекова Нұрайым жұптық сайыста 2-орын, командалық сайыста 3-орын иеленді.

Математика пән мұғалімі Тусиббекова Алтынай 2025жылдың сәуір айында Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

Шымкент қаласының білім басқармасы №453, 2024ж  алғыс хатымен математика пәнінің мұғалімі Эралиева Сандуғаш марапатталды.




Интернет олимпиада


  1. Математика пән мұғалімдері Тусиббекова Алтынай  және Зиядақызы Құралай M.Тасова атындағы «Ең білімді педагог» олимпиадасына қатысып, ІІІ орын иеленді.
  2. Математика пән мұғалімі Бердимуратова Алтынай M.Тасова атындағы «Ең білімді педагог» олимпиадасына қатысып, ІІ орын иеленді.


Интернет олимпиада

«Akberen Education» -15 оқушы,І орын1-,ІІорын-14

«Ақбота» зияткерлік олимпиадасы-13 оқушы,І орын-1,ІІ орын-5,ІІІ орын -7

«Кенгуру» ойын конкурсы, 27-31 наурыз 2025ж,4- оқушы,І дәрежелі диплом, ІІІ дәрежелі диплом

«ЖАС МАТЕМАТИК- YOUNG MATHEMATICIAN»-12 оқушы,І орын-7,ІІ орын-5

«Жас зерттеуші академиясы» ғылыми жобасы» 4 оқушы ,І дәрежелі диплом

Ustaz tilegi  «Наурыз»  айында информатика пәнінен оқушылар арасындағы олимпиада-4 оқушы,І дәрежелі диплом-2,ІІ дәрежелі диплом -2

Информатика пәні бойынша мұғалімдер арасында Наурыз айында ұйымдастырылған республикалық «Sheber Еducation» олимпиадасы- 3 мұғалім,ІІ орын-1,ІІІ орын -2

Халықаралық  ғылым мен білімді қолдау орталығы

«Пед Старт-2025»  атты ІІ Республикалық байқауына «Үздік информатика пәні мұғалімі»-1 мұғалім,І орын

     Жас маман Нарбекова Нұрайым, Пернеханова Жансая

     Дарынды оқушылармен жоспар бойынша жұмыс толық жүргізілді.


Баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар:

1.Халықаралық ғылыми-танымдық педагогикалық «Іnnovative teachers»  журналының ақпан айындағы №31-1 санына «Математика пәнін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбындағы математика пән мұғалімі Тусиббекова Алтынайдың  жұмысы жарияланды.

2. 2024 жылдың қазан айындағы «Ұлт   ұстазы» республикалық педагогикалық әдістемелік журналында математика пән мұғалімі Тусиббекова Алтынайдың «Mатематика маңызы» мақаласы жарияланды.

3. 2025 жылы сәуір айында Республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» журналында «Цифрлы платформалардың мүмкіндіктері мен артықшылықтары» тақырыбында математика пән мұғалімі Нарбекова Нұрайым мақала жариялады.

4. Информатика  пәнінің   мұғалімі    Журимбаева Салиманың информатика пәні бойынша оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру» атты мақаласы «Бүгінгі ұстаз таңы» атты журналына жариялады.23.10.2024 ж мақала Республикалық деңгейде жарық көрді.


20.02.2025 жылы №77 А.Асқаров атындағы мектеп-лицейінде «Күрделі есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру әдістері» тақырыбында өтілген тәжірибелік семинарға математика пән мұғалімі Тусиббекова Алтынай барып тәжірибе алмасты.

Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының 17.03.2025 ж. №18 Ш.Уалиханов атындағы ЖОББМ өткен «Жаратылыстану-математика пәндерін оқытуда инновациялық-цифрлық технологияны қолдану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинарға математика пән мұғалімі Құдабаева Элмира және информатика  пәнінің   мұғалімі    Журимбаева Салималар  қатысып тәжірибе жинақтады.

 28.03.2025ж. күні А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназияда  математика пәні мұғалімі, Қазақстан Еңбек ері   атағының иегері, бірнеше оқулықтың соавторы Шүкіжанованың озық іс-тәжірибе тарату семинарына математика пәнінің мұғалімі    Эралиева Сандугаш қатысып тәжірибе жинақтады.

Жалпы білім беру мекемелерінің информатика пәні мұғалімдеріне арналған «CHFTD Uzdik IT Ustaz» тақырыбында 19.02.2025 ж. №14 ЖОББМ өткен семинарға информатика   пәнінің  мұғалімі    Рустемова Айнагүл  қатысып тәжірибе жинақтады. 

28.02.2025ж  күні жалпы білім беру мекемелерінің информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Қолданбалы бағдарламалар мен олардың ерекшеліктері» тақырыбындағы   №80 IT мектеп-лицейінде өткен семинарға   информатика  пәнінің  мұғалімдері    Мыңжасар Айдана  мен Ахметова Мариям қатысып ,тәжірибе жинақтады. 


«Математика-информатика» кафедрасының мүшелері мектеп өміріне және мектепішілік қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып , өз белсенділіктерін көрсетті.

          Кафедра мүшелерінің ішіндегі сынып жетекшілері мектепішілік жоспарға сәйкес барлық іс-шараларға және тәрбие сағаттарын өткізіп оны әлеуметтік желілерге жариялап тұрды.

          2024-2025 оқу жылындағы кафедра мұғалімдерінің жасаған жұмыс нәтижесі «жақсы» деп бағаланды.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив