Математика-информатика кафедрасының жылдық есебі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№ 64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназия
2022-2023 оқу жылындағы
математика-информатика кафедрасындағы
жүргізілген жұмыс
ЕСЕБІ
Кафедра меңгерушісі: Сартаева Қ.Ж.
ШЫМКЕНТ 2023 ЖЫЛ
2022-2023 оқу жылында математика-информатика кафедрасында 12 математика пән мұғалімі және 11 информатика пән мұғалімі бар. Әрбір мұғалім оқу жылының алғашқы күнінен бастап жеке тұлғаға бағытталған оқыту- мұғалімдердің барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып , оның жеке ерекшеліктерін дамытуға қажетті жағдай жасау, ойлау қабілетін жетілдіру, шығармашылық ізденіске қызығушылығын дамыту, озық тәжірибені насихаттау мақсатында жұмыс істеді.
15.08.2023–26.08.2023 аралығында ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» әзірлеген «10-11 сыныптар математика курсының күрделі тақырыптарын оқытуда математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» педагог кадрлардын біліктілігін арттырудын бiлiм беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқу курсынан математика пәнінің мұғалімі Идирисбаева Гүлнар өтті.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік әзірлеген Қазақстан Республикасының педагогтерінің біліктілігін арттырудың «Оқыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтерінің аналитикалық құзыреттілігі»білім беру бағдарламасы бойынша 80академиялық сағат көлемінде курстан информатика пәнінің мұғалімі Рустемова Айнагүл өтті . Тіркеу нөмірі 389a1f479. Берілген күні: 11.11.2022
«Өрлеу Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»акционерлік қоғамының «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалының базасында өткізілген тиісті бағыт бойынша 2022 жылдың 26.10– 04.11 аралығында «Жаһандық құзіреттілік» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстан информатика пәнінің мұғалімі Рустемова Айнагүл өтті.Тіркеу нөмірі №0613864. Берілген күні: 04.11.2022.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2021 жылы 12 қазандағы №726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт, сапалы білім беру» жобасының «Барлық білім деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру»мақсатын жүзеге асыру аясында «Инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы» тақырыбында өткізілген 80 сағаттық біліктілікті арттыру көлемінде курстан математика пәнінің мұғалімдері Идирисбаева Гүлнар мен Мамытова Рахима өтті. 04.02.2023 жыл
2023 жылы «Цифрлық сауаттылық негіздері және ААЖ-да жұмыс істеу Kundelik.kz ҚР жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері үшін» тақырыбы бойынша 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру онлайн курсынан кафедра мұғалімдері түгел өтті.
24.04.2023–05.05.2023 аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» әзірлеген «Математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту» педагог кадрлардын біліктілігін арттырудын бiлiм беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқу курсынан Түсіпбекова А., Сартаева Қ., Мунашева К., Зиядақызы Қ., Жүнісбекова Ұ., Мамытова Р. өтті.
«Өрлеу» Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты әзірлеген«10-11 сыныптардағы күрделі есептер» тақырыбындағы біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша 10.05.23-19.05.2023ж.ж , 80 академиялық сағат көлемінде курсынан математика пәнінің мұғалімі Жақыпбекова Ажар өтті.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Білім мен ғылымдағы өзекті мәселелер» тақырыбындағы халықаралық онлайн-семинарға информатика пәнінің мұғалімі Қадырбекова Айжан қатысып,сертификат берілді.
11.11.2022 ж күні математика пәнінің мұғалімдері Шекербек Элдира,Тусипбекова Алтынай,Нарбекова Нұрайым тірек мектептер арасында «Цифрлық технология элементтерін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру » тақырыбында тренинг сабақ өтіп,өз тәжірбиелерімен әріптестермен бөлісті.
21.11-30.11.22ж аралығында «Білімді ұрпақ-ел болашағы» тақырыбында 19 ашық сабақтар және сыныптан тыс жұмыс өз дәрежесінде өтті. Апталықтың негізгі мақсаты: оқушылардың математикалық және ақпараттық даму деңгейін арттыру, ой-өрісін кеңейту, өздігінен ойлауды, мақсатқа жетудегі табандылықты, ұжым алдында өз ісіне деген жауапкершілікті тәрбиелеу.
Математика -акыл-ойдың гимнастикасы» деп айтпақшы, жоғарғы сынып окушылары да кұр алақан еместігін көрсетті. 11 «А» сынып окушыларының қатысуымен "Кім білгір" интеллектуалды сайысы өтті. Сайысты математика пәні мұғалімі Идирисбаева ұйымдастырды. Оқушылар жоғары белсенділікпен катысып, сұрақтарға жауап берді. Интелектуалдық ойында окушыларға теориялық білімдерін шыңдауға, өмірде қолдануға, өз қателіктерін еркін мойындап, оны түзетуге талпынуға ұмтылдыратын сабақ болды.
Қазіргі танда қоғамға тығырықтан шыға алатын,сыни тұрғысынан ойлап және шешім кабылдай алатын,алга койган накты максатына жете алатын,кезі ашық, көкірегі ояу жастарды тәрбиелеу мақсатында Оқушылар берілген тапсырмаларды ерекше ынтамен орындап, қызығушылықтарын
жасырмады.
Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті барлык накты ғылымдардын негізін меңгеруде. Оқушылар қазіргі уақытта цифрлық сауаттылыктын өте кажет екендігін біледі. Себебі компьютерлік сауаттылығы, білімі мықты, цифрлық сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала гана гылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Оқушылардың бойында білімге деген кажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу, цифрлық сауаттылығын шындаған окушылар тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуда екеніне де кезіміз жетті.
Апталык өз койған мақсатына жетті. Пән мұғалімдері әр іс- шараға тыңғылықты дайындалган және де үлкен жауапкершілікпен өткізді. Апта бойы окушылар жоспардағы іс-шараларға белсене араласты және катысты.
23.01-03.02.2020 ж аралығында «Жаңа технология – заман талабы. Оқу мақсатына жетудің тиімді жолдары» атты онкүндікте математика пәнінің мұғалімі Шекербек Элдира «Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасы тақырыбына есептер шығару» тақырыбында 20.01.23ж 7 ә сыныбында және информатика пәнінің мұғалімі Ахметова Мариям «Құжатты рәсімдейміз» 26.01.23ж күні 3 в сыныбында ашық сабақтар өтті.
«Білім сапасын арттырудың негізгі шарты-жаңа инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбындағы қалалық оқыту семинарында информатика пәнінің мұғалімі Сарбасова Айнұр 10.03.2023 ж. 4 «А» сыныбымен «Презентациядағы видео» тақырыбында және математика пәнінің мұғалімі Жунисбекова Ұлтуар 10.03.2023 ж. 8 «Ә» сыныбымен «Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу тақырыбына есептер шығару» тақырыбында ашық сабақтар өтіп, Шымкент ҚББ Әдістемелік орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.
«Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» тақырыбындағы 24.04-28.04.2023ж аралығындағы апталық кезінде информатика пәнінің мұғалімі Сарбасова Айнұр 26.04.2023ж күні 4а сыныбына «Пароль сенімділігі» тақырыбында ашық сабағын өтті.Сабақта балаларға қазіргі таңда әлеуметтік желілерге пароль қойғанда,өте ұқыпты және бір парольдің басқа жерде қайталанбауына мұқият болуы үйретілді.Тақырыпқа қатысты түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып,рефлексиядан оқушылардың сабақты толық меңгергені көрінді. Осы апталық кезінде 27.04.2023ж күні 10г сыныбына «Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары» тақырыбында математика пәнінің мұғалімі Нарбекова Нұрайым ашық сабақ өтті. Осы апталық кезінде информатика пәнінің мұғалімі Мыңжасар Айдана 26.04.2023 ж.5 «А» сыныбына «Интернетте жұмыс істеудің қандай қауіп-қатері бар?» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Осы апталық кезінде информатика пәнінің мұғалімі Пернеханова Жансая 26.04.2023ж күні 4А сыныбына «Пароль сенімділігі» тақырыбында ашық сабағын өтті.Сабақта балаларға қазіргі таңда әлеуметтік желілерге пароль қойғанда, өте ұқыпты және бір парольдің басқа жерде қайталанбауына мұқият болуы үйретілді.
Оқушылар жетістігі:
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған қалалық онлайн олимпиаданың 5(6) «А» сынып оқушысы Алпыс Ақжол ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, пән мұғалімі Шекербек Элдира
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінің жүлдегері 6 д сынып оқушысы Сайлаубек Бақдәулет ІІ орын иегері, пән мұғалімі Жүнісбекова Ұлтуар.
Республикалық VII «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңінде 6 д сынып оқушысы Сайлаубек Бақдәулет І орын иегері , пән мұғалімі Жүнісбекова Ұлтуар,5 ә сынып оқушысы Айбатыров Біржан ІІІ орын иегері , пән мұғалімі Эралиева Сандуғаш,5 д сынып оқушысы Сейлхан Көркем, пән мұғалімі Бердімұратова Айбарша және 6 в сынып оқушысы Сиражов Абдужамил, пән мұғалімі Жақыпбекова Ажар мақтау қағаздарымен марапатталды .
«Самұрық» математикалық зияткерлік сайысы – 104
Бас жүлде - 2
Диплом І орын – 36
Диплом ІІ орын – 26
Диплом ІІІ орын – 40
«Ақбота» интеллектуалдық марафоны – 51
І дәрежелі диплом – 20
ІІ дәрежелі диплом – 25
ІІІ дәрежелі диплом – 6
Кенгуру халықаралық олимпиада – 15
І дәрежелі диплом-7
ІІ дәрежелі диплом – 1
ІІІ дәрежелі диплом-7
Vpo.kz Республикалық виртуалды олимпиада
ІІ дәрежелі диплом – 1
Reo.kz Республикалық виртуалды олимпиада
І дәрежелі диплом – 1
Мұғалім жетістігі:
Шымкент ҚББ әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша мұғалімдер арасында өтілген «Білімді мұғалім» сайысының 1- орын жүлдегері математика пәнінің мұғалімі Жүнісбекова Ұлтуар, 2-орын жүлдегері информатика пәнінің мұғалімі Құдабаева Эльмира.
Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін жоғарылату, кәсіби шеберлігін арттыру, қысқа мерзімді жоспарды оқу мақсатына сай жоспарлай білу, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің теориялық және тәжірибелік тұрғыдан кәсіби дамуын жетілдіру, жалпы білім беру ұйымдары мұғалімдерінің білім беру жүйесінің дамуына қосып жатқан үлесін көпшілікке жария ету мақсатында ұйымдастырылған«Ең үздік сабақ жоспары-2023» тақырыбындағы мұғалімдер арасындағы қалалық сырттай байқауында математика пәнінің мұғалімі Түсіпбекова Алтынай ІІ орынды иеленді.
«Өздігінен білім жетілдіру-кәсіби кемелденудің кепілі» тақырыбындағы қалалық оқыту семинарына математика пәнінің мұғалімі Жүнісбекова Ұлтуар өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, мадақтамаға ие болды.
Шымкент ҚББ әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 11 мамыр күні №11 А.Навои атындағы жалпы орта білім беретін мектебі базасында өткен «Үздік математик-2023» байқауында математика пәнінің мұғалімі Нарбекова Нұрайым 3 орынды иеленді.
Шымкент қаласының білім басқармасы қосымша білім беру оқу салалық орталығы ұйымдастырған «Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың!» тақырыбында білім беру мекемелерінің педагогтері арасында өткен пікірсайыс турнирінің Әль-Фараби аудандық іріктеу кезеңінде 24.03.2023 ж. Информатика пәнінің мұғалімі Сарбасова Айнұр қатысып, III дәрежелі дипломмен марапатталды.
ҚР Оқу-Ағарту Министрлігі Шымкент «Дарын» орталығымен Алғыс хатпен математика пәнінің мұғалімі Идирисбаева Гүлнар марапатталды.
2022 жыл «Nur Otan» партиясының бағдарламасы мен шешімдерін жүзге асыруда белсенділік танытқаны үшін математика пәнінің мұғалімі Мамытова Рахима алғыс хатпен марапатталды.
«Жарқын» республикалық ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен үздік ізденімпаз ұстаздар қызметкерлері арасында өткен «Мәңгілік ел ұстаздары» байқауында информатика пәнінің мұғалімі Қадырбекова Айжан қатысып, І орын дипломымен марапатталды. 2022 ж №1257
Шымкент қаласының білім басқармасының әдістемелік орталығы ұйымдастырған қалалық конференцияда құнды баяндама ұсынып, тәжірибе бөліскені үшін информатика пәнінің мұғалімі Ахметова Мариям ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Шымкент қаласы мектептерінің 2-11 сынып оқушылары арасында өткен «Самұрық» математикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпазын дайындағаны үшін
Алғыс хат – 8
Мадақтама – 1
Vpo.kz Республикалық қашықтық олимпиада
ІІ дәрежелі диплом – 2
ІІІ дәрежелі диплом – 1
Reo.kz Республикалық виртуалды олимпиада
ІІ дәрежелі диплом – 1
Qazaqstan ustazy- сайты ұйымдастырған информатика пәнінен Республикалық виртуалды олимпиада
І дәрежелі диплом – 1
Эрудит онлайн сайты ұйымдастырған информатика пәнінен Халықаралық виртуалды олимпиада
ІVдәрежелі диплом – 1
Жас маман Нарбекова Нұрайым, Сарбасова Айнұр, Ұзақбай Аида,Пернеханова Жансая
Дарынды оқушылармен жоспар бойынша жұмыс толық жүргізілді.
Баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар:
«Ұлт ұстазы» республикалық педагогикалық журналының №12 (80) 2022 желтоқсан айындағы санында математика пәнінің мұғалімі Шекербек Элдираның «Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану» тақырыбында мақаласы жарияланды. Осы сабаққа видео түсіріліп youtube.kz желісіне жариялады. 45 мин Шымкент қ №64 мек гим Шекербек Элдира Математика сабағы - YouTube
№5 (мамыр) 2023 жылы «Ұлт ұстазы» Республикалық педагогикалық әдістемелік журналына «Пайыз» тақырыбында математика пәнінің мұғалімі Бердімұратова Айбаршынның мақаласы жарияланып, алғыс хатпен марапатталды.
«Ұстаз мектеп тірегі» республикалық педагогикалық әдістемелік журналында математика пәнінің мұғалімі Мамытова Рахиманың «Математика сабақтарында жаңа білім беру технологияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын арттыру» тақырыбында мақаласы жарияланып, алғыс хатпен марапатталды. Уақыты:№12 (9) Желтоқсан 2022 жыл.
«Дара бала» Республикалық ғылыми әдістемелік журналына «Компьютердің пайдалы және зиянды жақтары» тақырыбында информатика пәнінің мұғалімі Қадырбекова Айжанның мақаласы жарияланды. 2023ж
«Математика-информатика» кафедрасының мүшелері мектеп өміріне және мектепішілік қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып , өз белсенділіктерін көрсетті.
Кафедра мүшелерінің ішіндегі сынып жетекшілері мектепішілік жоспарға сәйкес барлық іс-шараларға және тәрбие сағаттарын өткізіп оны әлеуметтік желілерге жариялап тұрды.
2022-2023 оқужылындағы кафедра мұғалімдерінің жасаған жұмыс нәтижесі «жақсы» деп бағаланды.