математика-информатика кафедрасының 2024-2025 оқу жылында әдістемелік нұсқаулық хатты талдау бойынша өткізілген №1 отырыстың хаттамасы
Ж Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясының математика-информатика кафедрасының 2024-2025 оқу жылында әдістемелік нұсқаулық хатты талдау бойынша өткізілген
№1 отырыстың хаттамасы
Қатысқан мұғалімдер саны-20
Қатыспаған мұғалімдер саны-1
Күн тәртібінде
1.2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нүсқаулық хатпен танысу.
2.Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар «Математика» «Алгебра ,геометрия ,информатика» оқу пәндері білім беру саласының мазмұны туралы. Оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі туралы.
3. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың талаптары.
Тыңдалды
Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша кафедра жетекшісі Сартаева Қ. мәлімдеме жасады.Жалпы оқу процесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде бірқатар атап өтті.
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» білім беру саласы
ҮОЖ, ҮОБ іске асыру ерекшеліктері.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекет тік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес: негізгі орта білім беру деңгейінде
«Математика» (5-6-сыныптар),
«Алгебра», «Геометрия» (7-9-сыныптар) және «Информатика» (5-9-сыныптар);
жалпы орта білім беру деңгейінде оқытудың екі бағыты бойынша
«Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика» (10-11-сыныптар) пәндері оқытылады.
Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Ре спубликасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2012 жылғы 8 қараша дағы №500 бұйрығының 1–3, 11–15, 103-қосымшаларымен (1-4-сыныптар), 6–8, 16 20, 104-қосымшаларымен (5-9-сыныптар), 21–30, 85–90, 105,106-қосымшаларын
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы да (10-11-сыныптар) берілген. Оқу пәндерін игеру ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Атап айтқанда, «Математика» (5-6-сыныптар) - 52-қосымша, «Алгебра» (7-9-сыныптар) - 53-қосымша, «Геометрия» (7-9-сыныптар) - 54-қосымша, «Информатика» (5-9-сыныптар) - 55-қосымша, «Алгебра және анализ бастамалары» (10-11-сыныптар, ЖМБ) - 104-қосымша, «Алгебра және анализ ба стамалары» (10-11-сыныптар, ҚГБ) - 105-қосымша, «Геометрия» (10-11-сыныптар, ЖМБ) - 106-қосымша, «Геометрия» (10-11-сыныптар, ҚГБ) - 107-қосымша, «Инфор матика» (10-11-сыныптар, ЖМБ) - 108-қосымша, «Информатика» (10-11-сыныптар, ҚГБ) - 109-қосымша.
Білім алушылардың әртүрлі өмірлік жағдайларда (оқу, математикалық, жаратылыстану сауаттылығы) білім, білік және дағдыларын қолдану қабілетін қалыптастыру
Функционалдық сауаттылық бұл білім алушылардың пән мазмұнын меңгеру барысында қол жеткізе алатын білім деңгейі және адамның қолданбалы білімге негізделген өмір мен қызметтің әртүрлі салаларындағы стандартты өмірлік мәселелерді шешу қабілеті екені белгілі.
Функционалдық сауаттылықтың бір бағыты математикалық сауаттылық болып табылады. Бұл білім алушының ма тематикалық ойлау, тұжырымдау, қолдану және әртүрлі практикалық бағыт тағы тапсырмаларды шешу үшін математикалық білімін қолдану қабілеті. Математикалық сауаттылық құбылыстарды сипаттау, түсіндіру және болжау үшін математикалық ұғымдарды, фактілер мен құралдарды қолдануды көздейді. Бұл математиканың әлемдегі рөлін түсінуге, негізі бар пікірлер айтуға, белсен ді шешімдер қабылдауға көмектеседі. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған тапсырмалар білім алушылардың шығармашылық қабілеттері мен танымдық қызығушылықтарын дамытатын әртүрлі математикалық материалдармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білім алушылардың пән бойынша білімін бекіту мен тереңдету, практикалық дағдыларын қалыптастырумен қатар олардың түрлі иллюстрациялармен жұмыс жасауын көздейді.
Мектептегі оқу процесінде математиканы оқытуда бұл міндеттерді іске асыру кезінде жаттығулар жүйесі ерекше рөл атқарады, оның ішінде білім алушылар дың математикалық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту, математиканы басқа пәндермен интеграциялау бойынша жұмысты ұйымдастырудың бір әдісі ретінде практикаға бағытталған тапсырмалар, мәнмәтін негізіндегі тапсырма лардың маңызы зор.
Мәнмәтіндегі тапсырма мазмұны оқу бағдарламасына сәйкес болуы қажет. Мұндай тапсырмаларды құрастыру барысында онда қолданылатын термин дердің білім алушыға таныс болуына; сұрақтарының арасында жүйелі байланыстың болуына; тапсырма мәтіннен ғана емес иллюстрациядан тұруына назар аударылуы керек.
Математиканың тапсырма мәтінінде басқа пәндердегі немесе күнделікті нақты өмірдегі жағдайлар баяндалуы, әртүрлі пәндік салалардың негізінде құрасты рылуы мүмкін. Бұл орайда білім алушыларға әртүрлі мәнмәтін беру маңызды. Мәнмәтін негізіндегі тапсырма білім алушылардан есептеулер жүргізуді ғана емес, сонымен қатар өз жауаптарын негіздеуді қажет етеді. Осы орайда білім алушылар өз қадамдарын түсіндіру үшін дәлелдер келтіруі керек. Бұл өз алды на білім алушылардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Мәнмәтін негізіндегі тапсырманы орындау барысында білім алушыларда берілген жағдайды талдау, түсіну және түсіндіру, шығару тәсілін таңдау дағды лары қалыптасады; білім алушылардың танымдық қызығушылығы артады, математикалық, оқу, қаржылық, ақпараттық сауаттылығы дамиды.
«Информатика» оқу пәні бойынша білім алушылардың алған білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдану қабілетін дамыту білім беру процесінің маңызды мақсатын білдіреді. Білім алушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптасты ру білім беру әдістері мен стратегияларының кең спектрін қамтитын кешенді тәсілді талап етеді: • оқу материалын информатика саласындағы нақты сценарийлер мен жағдайларға біріктіру білім алушыларға ақпараттық технологиялардың күн делікті өмірде қолданылуын көруге мүмкіндік береді. Оған мобильді қосым шаларға арналған программалық қосымшаларды әзірлеу, медициналық диагностикадағы деректерді талдау, қоршаған ортаны басқару жүйелерін құру және өнеркәсіптегі процестерді оңтайландыру; • практикалық жұмыстарды жүргізу информатика саласында дағдыларды игеруге бағытталған. Мысалы, программалау, деректерді талдау, веб-сайт тар құру және басқа компьютерлік қосымшалар бойынша тапсырмаларды орындау; • нақты жағдайларға байланысты компьютерлік мәселелер мен міндеттерді шешу аналитикалық ойлауды дамытуға және алған білімдерін қолдануға ықпал етеді. Мысалы, қауіпсіздік жүйелеріндегі ақпараттық процестерді тал дау, күнделікті өмірдегі киберқауіпсіздікке қатысты мәселелер, өндірістік процестерді оңтайландыру алгоритмдерін әзірлеу және басқа да осыған ұқсас міндеттер;
информатикада оқытудың интерактивті әдістерін қолдану материалды тиімдірек игеруге және алынған білімді қолдану дағдыларын дамытуға ықпал етеді;
виртуалды ортадағы ақпараттық процестермен тәжірибе жасау білім алушы ларға денсаулық пен қоршаған ортаға қауіп төндірмей информатиканың негізгі тұжырымдамаларын түсінуге, практикалық дағдыларын қалыптасты руға мүмкіндік береді. Мысалы, виртуалды зертханалық жұмыстарды жүр гізу, әзірлеудің мамандандырылған ортасында алгоритмдерді модельдеу және программалау;
білім деңгейін бағалап қана қоймай, білім алушыларды алған білімдерін әртүрлі сценарийлерде талдауға және қолдануға ынталандыратын кері байланыс беру информатикадағы білім беру процесінің негізгі аспектісі бо лып табылады. Мұндай кері байланыс тапсырмаларды орындаудың дұры стығын бағалауды ғана емес, сонымен қатар шешім әдістерін талдауды және ақпараттық процестерді зерделеуде зерттеу тәсілін ынталандыруды қамтуы мүмкін.
Мектептегі информатика бағдарламасында икемді дағдыларды дамыту оқыту мақсаттары аясында жүзеге асырылады
«Информатика» пәні бойынша білім алушылардың сыни ойлау мен шығар машылығын дамытуға әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы қол жет кізуге болады. Мысалы:
1. топтық жобалар мен талқылаулар: білім алушыларды топтарға бөлу және оларға мәселелерді шешуге немесе жобаларды бірге құруға шақыру. Бұл бағдарламаларды әзірлеуді, веб-сайттарды құруды немесе тіпті пікірталас өткізуді қамтиды. Топтық динамика идеялармен алмасуға ықпал етеді және шығармашылықты ынталандырады.
2. технологияны қолдану: бағдарламалау, виртуалды даму орталары, сон дай-ақ мультимедиялық презентациялар сияқты заманауи технологиялар ды біріктіру. Бұл білім алушыларға информатика туралы түсініктерін терең детіп қана қоймай, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға көмектеседі. Осылайша, осы тәсілдерді біріктіру компьютерлік білімнің теориялық базасын нығайтуға және оларды шығармашылық және сыни сценарийлерде қолдану дағдыларын дамытуға көмектеседі. Пәндік және түйінді құзыреттерді дамыту бойынша ұсыныстар
Мектептегі математикалық білім берудің мазмұны білім алушылардың зияткер лік дамуына, олардың ойлау мәдениеті мен дербестігін қалыптастыруға, алған білімдерін практикада қолдану мүмкіндігіне бағытталған. Қойылған міндет терді шешу үшін мектепте математика курсын игеру барысында негізгі және маңызды орындардың бірін алатын жаттығулар жүйесіне ерекше рөл беріледі.
Математика бойынша жаттығулар жүйесіне келесі типтегі тапсырмалар кіреді: • ағымдағы оқылатын материалды қолдануға арналған тапсырмалар; • әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар; шығармашылық тапсырмалар; пәнішілік және пәнаралық байланысты жүзеге асыруға бағытталған есептер және т.б. Математика сабақтарында әртүрлі мазмұндағы мәтінді есептерді (пәнаралық есептер, тәжірибеге бағытталған тапсырмалар, ситуациялық есептер) шешуге көп көңіл бөлу керек, олардың кейбіреулерін шығару барысында есептің мәтіні бойынша математикалық модель құрастырылады. Сонымен қатар, білім алушылардың жазбаша дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыстарды жүргізу ұсынылады: тапсырмаларды орындау үшін нұсқау лықтар мен алгоритмдер жасау; математикалық есептерді ауызша және жазба ша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру; тапсырманың орындалу барысын ауызша және жазбаша талдау (практикалық есептер контекстінде айнымалы ның қандай мәндерінде алгебралық өрнек мағынасы бар екенін талдау және түсіндіру; іріктеу арқылы комбинаторлық есептерді талдау, түсіндіру және шешу; үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер центрлерінің ор наласуын түсіндіру). Оқу пәнінің кез келген тақырыбы аясында білім алушының алдына белгілі бір пәнді игеру барысында алған білімнің көмегімен орындалатын тапсырмалар ды қарастыруда математиканың мүмкіндік зор.
Жаратылыстану циклінің пәндерімен пәнаралық байланыстарды орнату, ма тематика сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану қолданбалы есептерді қарастыру арқылы жүзеге асырылады (8.4.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану). Мұндай есептерді шешу теори яны практикалық іс-әрекеттермен байланыстыруға мүмкіндік береді, бұл ма тематиканы тереңірек меңгеруді және пәнге деген қызығушылықты дамытуға ықпал етеді (8.4.2.1 мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу). Пәндерді оқуға деген қызығушылықты арттырудың бір жолы – білім алушылар дың жобалық қызметі. Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады (4.5.2.5 ақпаратты түсіндіру, салысты ру және мәліметтерді жиынтықтау, қозғалыс графиктерін құру, қозғалысқа ар налған есептерге сызба құрастыру). Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсынуды және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалау ды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.
Информатика.
Пәндік құзыреттер бағдарламалау негіздерін, операциялық жүйелермен және кеңсе бағдарламаларымен жұмысты меңгеруге бағыт талған.
Бағдарламалау негіздері логикалық ойлауды, есептерді шешу қабілетін дамытады, алгоритмдік дағдыларды қалыптастырады; әртүрлі операциялық жүйелермен, олардың функцияларымен және мүмкіндіктерімен танысу ком пьютерлік ортаны түсінуді жақсартады және білім алушылардың цифрлық сау аттылығын арттырады. Бағдарламалау негіздерінде құзыреттілікті дамыту үшін білім алушыларға Python немесе Scratch тілінде қарапайым бағдарламалар жасайтын тапсырма ларды ұйымдастыру ұсынылады. Мысалы, сандардың қосындысын есептеуге, сандарды жұп пен тақ санға тексеруге немесе қарапайым анимациялар жаса уға арналған тапсырмаларды ұсынуға болады (1.4.2.1. ойын бағдарламалау ор тасында дайын сценарий бойынша алгоритмді іске асыру (Scratch (scratch));). Білім алушылар блок-схемалар мен алгоритмдерді қолдана отырып ойын дар немесе интерактивті әңгімелер жасай алатын сабақтар да пайдалы (8.3.1.1 Python бағдарламалау тілінде тапсырма модельдерін жасау (Python)).
Білім алушылардың операциялық жүйелермен жұмыс істеу құзыреттілігін қа лыптастыру үшін операциялық жүйелердің әртүрлі функцияларын зерттейтін сабақтар өткізу ұсынылады. Бұған файлдар мен папкаларды басқару, Жүйе па раметрлері және пайдаланушы интерфейсі кіруі мүмкін. Сонымен қатар, білім алушыларға Windows, macOS және Linux сияқты әртүрлі операциялық жүйе лермен танысуға мүмкіндік беру керек, осылайша білім алушылар әртүрлі жүй енің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін салыстыра алады (6.1.2.1 операциялық жүйенің негізгі функцияларын атаңыз;). Қатысушыларды желідегі ақпаратты сыни тұрғыдан ойлауға және талдауға үй рету олардың сенімді көздерді таңдау және ақпараттың дұрыстығын бағалау қабілеттерін нығайтады (1.1.4.2 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес деп пайымдау;). Ақпаратты ыңғайлы форматта ұйымдастыру, өңдеу және ұсыну дағдыларын дамыту деректердің үлкен көлемімен тиімді жұмыс істеу ге мүмкіндік береді (1.1.2.1 қабылдау тәсілі бойынша ақпарат түрлерін анықтау). Жобалық ойлауды ынталандыру шығармашылық және проблемалық-бағдар лау қабілеттерін дамытады. Командада жұмыс істеу, мәселелерді шешу және шығармашылық сияқты не гізгі құзыреттер қатысушылардың ақпараттық-технологиялық салада табысты жұмыс істеуге дайындығын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Тапсыр маларды шешу және жобаларды құру үшін топтарда жұмысты ұйымдастыру қатысушылардың коммуникациялық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Қатысушыларды күрделі тапсырмаларды шешуде қолдау және проблемаларды шешуде шығармашылық тәсілдерді қолдану олардың анали тикалық және инновациялық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді (11.5.3.1 Startup (стартап) ұғымын сипаттау;)
Білім алушылардың жобалық зерттеу әрекетін ұйымдастыру
Математика және информатика бойынша білім алушылардың жобалық зерт теу қызметін ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл процесті жүзеге асы ру қадамдары: • тақырыпты таңдау: білім алушыларға өздеріне қызықты жоба тақырыпта рын таңдауға мүмкіндік беру. Олармен информатика саласындағы өзекті тақырыптарды талқылау немесе таңдаудың бірнеше нұсқасын ұсыну;
• топ құру: білім алушыларды бірлесіп жұмыс істеу үшін топтарға бөлу; әр топ тағы әр түрлі дағдылар мен қызығушылықтарды ынталандыру;
• зерттеу мақсаттары: білім алушыларды өз жұмыстарына бағыттайтын жобаның нақты мақсаттарын тұжырымдау;
• ақпаратты іздеу: білім алушыларға информатика саласындағы ақпаратты іздеу және талдау әдістерін үйрету; онлайн кітапханалар мен дерекқорлар сияқты зерттеу ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік беру;
• зерттеуді жоспарлау: білім алушыларға белгілі бір кезеңдермен зерт теу жоспарын құруға көмектесу; зерттеу әдістемесі мен деректерді жинау жоспарын талқылау;
• деректерді талдау: білім алушыларға деректерді талдаудың қолайлы әді стерін қолдануға және олардың нәтижелерін түсіндіруге көмектесу;
• есеп дайындау: білім алушыларды ғылыми есептер мен презентациялар жасауға үйрету; олардың зерттеу нәтижелерін презентациялар немесе жа рияланымдар арқылы ұсыну мүмкіндігін ұйымдастыру
11.1-кесте – Апталық және жылдық оқу жүктемесінің көлемі
Сынып | Оқу пәнінің атауы | Жалпы жүктеме, сағат | |||
Үлгілік оқужоспары | Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) | ||||
Апталық | Жылдық | Апталық | Жылдық | ||
5 | Математика | 5 | 170 | 5 | 170 |
6 | Математика | 5 | 170 | 5 | 170 |
7 | Алгебра | 3 | 102 | 3 | 102 |
7 | Геометрия | 2 | 68 | 1 | 34 |
8 | Алгебра | 3 | 102 | 3 | 102 |
8 | Геометрия | 2 | 68 | 1 | 34 |
9 | Алгебра | 3 | 102 | 3 | 102 |
9 | Геометрия | 2 | 68 | 1 | 34 |
10 (ЖМБ) | Алгебра және анализ бастамалары | 4 | 136 | 4 | 136 |
10 (ҚГБ) | Алгебра және анализ бастамалары | 3 | 102 | 3 | 102 |
10 (ЖМБ) | Геометрия | 2 | 68 | 2 | 68 |
10 (ҚГБ) | Геометрия | 1 | 34 | 1 | 34 |
11 (ЖМБ) | Алгебра және анализ бастамалары | 4 | 136 | 4 | 136 |
11 (ҚГБ) | Алгебра және анализ бастамалары | 3 | 102 | 3 | 102 |
11 (ЖМБ) | Геометрия | 2 | 68 | 2 | 68 |
11 (ҚГБ) | Геометрия | 1 | 34 | 1 | 34 |
«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» 1-4 СЫНЫП, «ИНФОРМАТИКА» ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 1-11 СЫНЫПТАР
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1-сыныпта, аптасына 0,5 сағатты, оқу жылында 17 сағатты;
2-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
3-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
4-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
5-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;
6-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат
7-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;
8-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
9-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
10-11-сыныптарда «Информатика» оқу пәнін оқытуға бөлінген апталық жүктеме:
- қоғамдық-гуманитарлық бағытта 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;
- жаратылыстану-математикалық бағытта 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағат.
11.3-кесте – Апталық оқу жүктемесіне қарай БЖБ және ТЖБ туралы
Пәннің атауы | Сыныптар | Үлгілік оқу жоспары (негізгі) | Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) |
Математика | 5-6 | БЖБ, ТЖБ | |
Алгебра | 7-9 | БЖБ, ТЖБ | |
Геометрия | 7-9 | БЖБ, ТЖБ | БЖБ, жартыжылдық |
Алгебра және анализ бастамалары | 10-11 (ЖМБ) | БЖБ, ТЖБ | |
10-11 (ҚГБ) | БЖБ, ТЖБ | ||
Геометрия | 10-11 (ЖМБ) | БЖБ, ТЖБ | |
10-11 (ҚГБ) | БЖБ, жартыжылдық |
11.4-кесте – Пәндер бойынша БЖБ саны
Үлгілік оқу жоспары | |||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | ||
5-сынып | Математика | 3 | 2 | 3 | 2 |
6-сынып | Математика | 2 | 2 | 3 | 3 |
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары | |||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | ||
5-сынып | Математика | 3 | 2 | 3 | 2 |
6-сынып | Математика | 2 | 2 | 3 | 3 |
Үлгілік оқу жоспары | |||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | ||
7-сынып | Алгебра | 2 | 2 | 2 | 1 |
8-сынып | Алгебра | 1 | 2 | 3 | 1 |
9-сынып | Алгебра | 2 | 2 | 2 | 2 |
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары | |||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | ||
7-сынып | Алгебра | 2 | 2 | 1 | 1 |
8-сынып | Алгебра | 1 | 1 | 2 | 1 |
9-сынып | Алгебра | 2 | 1 | 1 | 2 |
Үлгілік оқу жоспары | |||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | ||
7-сынып | Геометрия | 1 | 2 | 2 | 1 |
8-сынып | Геометрия | 1 | 1 | 1 | 1 |
9-сынып | Геометрия | 1 | 1 | 1 | 1 |
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары | |||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | ||
7-сынып | Геометрия | 1 | 2 | 1 | 1 |
8-сынып | Геометрия | 1 | 1 | 1 | 1 |
9-сынып | Геометрия | 1 | 1 | 1 | 1 |
Үлгілік оқу жоспары | |||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | ||
10-сынып ЖМБ | Алгебра және анализ бастамалары | 3 | 3 | 3 | 2 |
10-сынып | Алгебра және | 2 | 2 | 2 | 1 |
ҚГБ | анализ бастамалары | ||||
10-сынып ЖМБ | Геометрия | 1 | 1 | 2 | 1 |
10-сынып ҚГБ | Геометрия | 1 | 1 | 2 | 1 |
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары | |||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | ||
10-сынып ЖМБ | Алгебра және анализ бастамалары | 3 | 2 | 2 | 2 |
10-сынып ҚГБ | Алгебра және анализ бастамалары | 2 | 2 | 2 | 2 |
Үлгілік оқу жоспары | |||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | ||
11-сынып ЖМБ | Алгебра және анализ бастамалары | 2 | 2 | 3 | 1 |
11-сынып ҚГБ | Алгебра және анализ бастамалары | 1 | 2 | 2 | 1 |
11-сынып ЖМБ | Геометрия | 1 | 1 | 1 | 1 |
11-сынып ҚГБ | Геометрия | 1 | 1 | 1 | 1 |
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары | |||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | ||
11-сынып ЖМБ | Алгебра және анализ бастамалары | 2 | 1 | 3 | 1 |
11-сынып ҚГБ | Алгебра және анализ бастамалары | 1 | 2 | 2 | 1 |
12.1-кесте. «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны»
Сынып | Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны | |||
1 тоқсан | 2 тоқсан | 3 тоқсан | 4 тоқсан | |
5 сынып | 1 | 1 | 1 | 1 |
6 сынып | 1 | 1 | 2 | 1 |
7 сынып | 2 | 1 | 2 | 1 |
8 сынып | 1 | 1 | 2 | 1 |
9 сынып | 2 | 1 | 2 | 1 |
10 сынып ҚГБ | 2 | 1 | 1 | 1 |
11 сынып ҚГБ | 1 | 1 | 2 | 1 |
10 сынып ЖМБ | 2 | 1 | 1 | 1 |
11 сынып ЖМБ | 1 | 2 | 2 | 1 |
Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары
Элективті курстар оқу пәнін тереңдетуге бағытталған. Пәннің Үлгілік оқу бағдарламасына кіретін негізгі курстың жеке бөлімдерін тереңдетіп оқытады.
Сонымен қатар білім беру процесін жандандыруға және жекелендіруге арналған. Әдетте, бұл курстар стандартты бағдарламадан алуға болмайтын тереңбілім береді.
Элективті курстардың функциялары мен міндеттері өте кең:
бейінді оқу пәндерінің бірін, оның бөлімін меңгерудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді;
пәнаралық негізде оқу пәндерін игеруге қызмет етеді;
базалық оқу пәндерінің біреуін (немесе бірнешеуін) меңгерудің неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етеді;
іс жүзінде маңызды мәселелерді шешу үшін іс-әрекеттің дағдылары мен әдістерін қалыптастыруға қызмет етеді;
кәсіптік бағдар беру жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етеді;
танымдық қызығушылықтарды қанағаттандыруға, өмірлік маңызды мәселелерді шешуге ықпал етеді;
білім алушыларыдң еңбек нарығында табысты ілгерілеуі үшін білім беру нәтижелерін алуға ықпал етеді.
Білім алушыларды робототехника,
программалау,
3D-модельдеу қызықтырады.
Осы қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін неғұрлым күрделі дағдылар мен құзыреттіліктер қажет. Озық технологияларды меңгеру, топта жұмыс істеуді үйрену және «Информатика» пәнінен алған дағдыларын дамыту, жобалық жұмыстарды жүргізу үшін үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонент есебінен:
4, 5-11 - сыныптары үшін «Робототехника»;
8, 9 – сыныптары үшін «3D-модельдеу»;
6, 8-11 сыныптары үшін «Python тілінде программалау» элективті курстарын жүргізу ұсынылады.
Ішкі және сыртқы бағалауды өткізу ерекшеліктері
Ішкі бағалаудың ерекшеліктері
Бағалау нормативтік құқықтық актілерге және педагогтерге, ата-аналарға және білім алушыларға көмек ретінде әзірленген әдістемелік материалдарға сәйкес жүргізіледі:
• 2023 жылғы 1 қыркүйектегі енгізілген өзгерістерге сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақыла удың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы;
• 2023 жылғы 2 тамыздағы енгізілген өзгерістерге сәйкес «Орта, техника лық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығы;
• Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде орта мектеп үшін критериалды бағалау және құжаттау рәсімдері бойынша нұсқаулық;
• Бастауыш сынып педагогтеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
• Негізгі және жалпы орта мектеп педагогтеріне арналған критериалды баға лау бойынша нұсқаулық: оқу-әдістемелік құрал;
• Сыныптар, пәндер және тілдер бойынша қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағы;
• Сыныптар, пәндер және тілдер бойынша жиынтық бағалау бойынша тапсы рмалар жинағы;
• Сыныптар, пәндер және тілдер бойынша жиынтық бағалау бойынша әдісте мелік ұсынымдар;
• Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдар.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау – білім беру қызметінің, оқыту мен оқытудың ажырамас бөлігі.Ішкі бағалау – бұл формативті (қалыптастырушы) бағалау негізінде оқу бағдарламасының мақсаттарына жетудегі білім алушы лардың үлгерімін көрсететін педагогтердің ақпарат жинау процесі. Бағалау білім алушылар мен олардың ата-аналарына, мектеп басшыларына білім беруді жоспарлауда бағдар бола алатын үлгерім туралы қажетті ақпаратты береді. Ол үшін бағалау жарамдылық, объективтілік және сенімділік талаптарына сәйкес келуі керек.Бағалаудың негізгі мақсаты – оқыту мен оқытудың сапасын арттыру. Ішкі бағалау формативті және жиынтық тәжірибелерді қамтитын критериалды бағалау жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Формативті бағалау
Формативті бағалау күн сайын сабақ барысында жүргізіледі, білім алушылар дың құзыреттіліктерінің қалыптасуының ағымдағы деңгейін айқындайды. ФБ барысында жиналған ақпарат педагогтарға білім алушылардың оқу бағдарла масының әрбір бөлімі бойынша күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізудегі күшті және әлсіз жақтарын анықтауға көмектеседі Формативті бағалауды сапалы іске асыру білім алушылардың оқу бағдарламасының мақсаттарына сәйкес өз нәти желерін және оқуын жетілдіру қажеттіліктерін өз бетінше бағалау дағдыларын дамытады. Формативті бағалауды сапалы жүзеге асыру үшін педагог:
• оқу бағдарламасының мақсаттарын сабақ мақсаттарына түрлендіреді және сабақ мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін әзірлейді (оның негізінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізілетін белгі). Оқу бағдар ламасының мақсаттарын сабақ мақсатына айналдыру үшін педагогтің оқыты латын пәннің мазмұнын, үлгілік оқу бағдарламасын, мемлекеттік білім беру стандарттарын жоғары деңгейде меңгеруі көзделеді. Сабақтың мақсаттары білім алушылардың сабақ аяқталғаннан кейін не білуі, түсінуі немесе жасай алуы керек екенін анықтайды. Сабақтың әрбір мақсаты білім алушылардың үлгерімінің бір нақты аспектісіне бағытталуы және іс-әрекеттің бір етістігімен көрсетілуі тиіс. Сабақтың мақсаттары мен оларға қол жеткізу критерийлерін сыныптағы әр оқушы түсініп түсінуі керек;
• мұғалімге зерттелетін тақырып бойынша алдыңғы немесе алынған білім дең гейін, олардың күшті және әлсіз жақтарын анықтауға көмектесетін, сондай-ақ білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыратын, сыни ойлауды қолдануға және өзін-өзі оқыту дағдыларын дамытуға шақыратын сұрақ қоюды ойластырады;
• академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, білім алушылардың пәндік және мета-пәндік дағдыларын дамыту үшін әртүрлі сараланған тапсы рмаларды әзірлейді немесе бейімдейді. Тапсырмалардың әртүрлі түрлерін орындалуында жазбаша жұмыстар, ауызша жауаптар, жеке, жұптық және топ тық жұмыстар, презентациялар және т. б. түрінде ұсынылуы мүмкін. тапсы рмалар сапалы болып саналады, егер ол оқу мақсаты мен бағалау крите рийлеріне сәйкес келсе, білім алушылардың жас ерекшеліктері мен ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келсе, түсінікті тұжырымдалған және нақты анықтамалар жоқ;
• білім алушыларды оқу процесіне белсенді түрде әртүрлі әдістері мен баға лаудың әдістері арқылы тартады, мысалы, өзін-өзі бағалау (дұрыс жауапты, тапсырманы орындау деңгейін, сабақ нәтижелері бойынша өзін-өзі көрсету / тапсырманы орындау және т. б.), өзара бағалау (берілген бағалау критерий лері мен дескрипторлар бойынша бір-біріне кері байланыс беру) және т. б.;
• сындарлы кері байланыс тек ауызша немесе жазбаша түсініктемелермен шектелмейтін қылып береді. Мұғалім жоғары сапалы кері байланыс құралдарын, рубрикаларды, тапсырмалардың сәтті орындалуын тексеру парақта рын және т. б. пайдалануы керек. Әсіресе формативті және жиынтық баға лауда білім алушылардан процестер мен жұмыс сапасы тұрғысынан не күтілетінін көрсететін рубрикаларды қолдану өте маңызды. Педагогтер үшін де, білім алушылар үшін де бағалау критерийлерін нақтылауға мүмкіндік береді. Рубрикалардың форматы бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін екендігіне қарамастан, барлық рубрикалар екі негізгі белгіні біріктіреді: 1) тапсырмаға арналған критерийлер тізімі және2) білім алушылардың «күшті», «орташа» және «әлсіз» жұмыстарының сипаттамасымен сапа бойынша градация. Кері байланыс ол қате жауаптарға емес, дұрыс жауаптарға баса назар аударғанда, алдыңғы жұмыстармен салыстырғанда қол жеткізілген жетістіктерге назар аударғанда және білім алушыларға оқуын жақсартуға көмектесетін әдістер мен бірге жүргенде тиімді болады. Бағалау білім алушылар үшін де, педагог тер үшін де кері байланысты қарастырады, өйткені бұл екі жақты процесс.
Мектепте формативті бағалауды тиімді жүзеге асыру үшін мектеп басшылары ның бағалау саласындағы құзыреттері маңызды рөл атқарады.
Мектеп басшыларының бағалау саласындағы құзыреттілігінің жоғары деңгейі олардың:
• академиялық адалдық қағидаттарына негізделген формативті (қалыптасты рушы) бағалау тәжірибесінің маңыздылығына сенімді;
• мектептің дамуына ықпал ететін шешімдер қабылдау үшін сыныпта бағалау деректерін пайдалануда кәсібилік, сенімділік және әдептілік танытады;
• бағалау деректерін, оның ішінде олардың сенімділігі мен жарамдылығын талдауды түсінеді
• үздіксіз кәсіптік оқыту және педагогтармен өзара іс-қимыл жасау есебінен бағалау саласында өзінің сауаттылығын арттырады;
• мектепте бағалау саласындағы педагогтердің кәсіби дамуы мен қолдауына негізделген бағалау мәдениетін насихаттайды.
Жиынтық бағалау
Жиынтық бағалау (ЖБ) бөлімдерді / өтпелі тақырыптарды (БЖБ), тоқсанды (ТЖБ), оқу жылын (9 және 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау) зерде леу аяқталғаннан кейін оқу материалының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және белгілеу үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды білдіреді.
Педагогпен бірге ЖБ өткізген кезде келесі нормаларды басшылыққа алады:
• нысанды (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, презентация, эссе, тестілеу) және БЖБ орындау үшін сабақта өт кізілетін уақытты педагог дербес айқындайды;
• ЖБ жүргізу кезінде педагогтердің ТЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу кезінде, білім алушылардың – оларды орындау кезінде академиялық адал дық қағидаттарын сақтауы жоғары маңызға ие.
• ЖБ тапсырмаларын педагогтер дербес құрастырады және үлгілік оқу бағдар ламаларына сәйкес білім алушылар өткен материалды қамтиды.
• ТЖБ тапсырмаларының жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін оны өткізер алдында педагогтардың әдістемелік бірлестігінің отырысында тапсырма лардың оқу мақсаттарына сәйкестігі, тапсырмалар көлемі, тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулықтар, орындалу уақыты талқыланады. Осылай ша, бағалаудың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін балл қо юды стандарттау жүргізіледі;
БЖБ тоқсанына үш реттен артық емес жүргізіледі. Бөлімдер/тақырыптар тоқ сандағы төрт немесе одан да көп бөлімдерді / тақырыптарды зерттеу кезінде тақырыптардың ерекшеліктерін және оқу мақсаттарының санын ескере оты рып біріктіріледі. Оны екі кезеңде жүргізуге рұқсат етіледі;
• оқу пәндерінің күрделілік деңгейін ескере отырып, бір күнде үштен аспайтын ТЖБ өткізіледі. ТЖБ тоқсанды аяқтаудың соңғы күнінде және бір уақытта бір оқу пәні бойынша БЖБ және ТЖБ өткізілмейді;
ТЖБ жазбаша нысанда өткізілетін оқу пәндері бойынша даулы мәселелер туындаған кезде оқыту нәтижелерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету үшін педагогикалық кеңестің шешімі бойынша педагогтер эссе үшін баға қойылғанға дейін 1 (бір) күннен кешіктірмей модерация жүргізеді.
ФБ, БЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша 2-11 сынып білім алушыларына тоқсандағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады. Баллдар мен бағаларды қою бөлігінде педагогтер мыналарды ескереді:
• ФБ үшін максималды балл 2-11 сыныптарда 1-ден 10 баллға дейін болуы керек (әр сабақта ФО үшін балл қою міндетті емес);
• БЖБ үшін ең жоғары балл 1-4 сыныптарда 7-ден 15 балға дейін, 5-11(12) сынып тарда 7-ден 20 балға дейін;
• БЖБ және ТЖБ үшін қорытынды балды қою кезінде оқу тапсырмалары мен міндеттерінің шарттарын белгілеу және ресімдеу ескерілмейді, мінез-құлық үшін балдар төмендетілмейді;
• ФБ, БЖБ және ТЖБ балдары электрондық журналдарда қойылады;
• білім алушылардан алынған нәтижелер балдарды аудару шкаласы бойынша тоқсандық және жылдық бағаға ауыстырылады (балдардың пайыздық құра мынан бағаға): 0%-39% – «2» бағасы, 40%-64% – «3» бағасы, 65%-84% – «4» бағасы, 85%-100% – «5» бағасы; • тоқсандық баға 25%, 25% және 50% арақатынаста ФБ, БЖБ және ТЖБ нәтиже лері негізінде қойылады; • 2-11 (12) сынып білім алушыларының оқу пәндері бойынша жылдық бағасы ең жақын бүтінге дөңгелектей отырып, тоқсандық бағалар сомасының орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады және қорытынды баға болып табылады
Қаулы:
Математика-информатика кафедрасы «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ хатпен танысып, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жұмыс жүргізуде осы әдістемелік нұсқау хаттағықолданыстағы заңнаманы сақтау, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (бұдан әрі – МЖМБС), Үлгілік оқу жоспарларын (ҮОЖ) және Үлгілік оқу бағдарламаларын (ҮОБ) жүзеге асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында басшылыққа алып,жұмыс жүргізілсін.
Хатшы :Тусиббекова А
19.08.2024 жыл