2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нүсқау
Ж Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясының математика-информатика кафедрасының 2023-2024 оқу жылында әдістемелік нұсқаулық хатты талдау бойынша өткізілген отырыстың хаттамасы
Қатысқан мұғалімдер саны-21
Қатыспаған мұғалімдер саны-0
Күн тәртібінде
1.2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нүсқаулық хатпен танысу.
2.Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар «Математика» «Алгебра ,геометрия ,информатика» оқу пәндері білім беру саласының мазмұныны туралы. Оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі туралы.
3. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың талаптары.
Тыңдалды
Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша кафедра жетекшісі Сартаева Қ. мәлімдеме жасады.Жалпы оқу процесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде бірқатар атап өтті.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес: ✓ бастауыш білім беру деңгейінде «Математика» және «Цифрлық сауаттылық» (1-4-сыныптар); ✓ негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика» (5-6-сыныптар), «Алгебра», «Геометрия» (7-9-сыныптар) және «Информатика» (5-9-сыныптар); ✓ жалпы орта білім беру деңгейінде оқытудың екі бағыты бойынша «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика» (10-11- сыныптар) пәндері оқытылады. Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының (өзгерістер мен толықтырулар ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022 ж. № 412 бұйрығымен енгізілген) 1–3, 11–15-қосымшаларында (1-4-сыныптар), 6–8, 16– 20-қосымшаларында (5-9-сыныптар), 21–30, 85–90-қосымшаларында (10-11- сыныптар) көрсетілген.
Негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны математика мен информатиканың әлемдегі рөлін айқындау және түсіну қабілетін қалыптастыруға; математиканы ғылымның әмбебап тілі, құбылыстар мен процестерді модельдеудің құралы ретінде түсінуге; математика мен информатиканы оқыту кезінде орта білім беру 36 деңгейлеріндегі сабақтастықты, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды; жалпы орта білім беру деңгейінде оқуды жалғастыруға және сабақтас пәндерді оқуға, оларды күнделікті өмірде пайдалануға қажетті базалық математикалық білім мен біліктерді меңгеруге; бағдарламалау технологиясының және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін, информатиканы және басқа да пәндерді оқу кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып шынайы объектілер мен процестердің модельдерін қолдану және түрлендіру біліктерін меңгеруге; функционалдық сауаттылықты, логикалық, алгоритмдік және операциялық ойлауды, кеңістікті елестетуді, математика мен информатиканың түрлі тілдерін (сөздік, символдық, талдамалық, графикалық) пайдалану қабілеттерін, әртүрлі нысанда берілген ақпаратты қабылдау және сын тұрғысынан талдауды дамытуға бағытталған.
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны білім алушылардың келесі білім алу деңгейінде табысты оқуы, сондай-ақ практикалық есептерді шешуі үшін қажетті математикалық білім жүйелері мен біліктерін және математикалық мәдениетті дамытуға; функционалдық сауаттылықты, абстрактілі, логикалық, алгоритмдік және есептік ойлауын дамытуға; есептерді шешу және ақпараттық технологиялардың құралдары мен әдістерін меңгеруге; білім алушылардың қоршаған әлемнің математикалық заңдылықтары туралы түсініктерін жүйелеу және дамытуға, олардың математикалық құралдар мен әдістер тәжірибеде барлық білім салаларында құбылыстар мен процестерді сипаттау және зерттеуде қолданылатынын жете түсінулеріне; объектілер мен процестерді модельдеу ептіліктерін дамытуға бағытталған. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсыныстар Математикалық сауаттылық функционалдық сауаттылықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Математикалық сауаттылық – бұл әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешу үшін негізделген математикалық пайымдаулар тұыжырымдау, математиканы қолдану қабілеті. Мектептегі математикалық білім берудің мазмұны білім алушылардың зияткерлік дамуына, олардың ойлау мәдениеті мен дербестігін қалыптастыруға, алған білімдерін практикада қолдану мүмкіндігіне бағытталған. Қойылған міндеттерді шешу үшін мектеп математика курсын игеру барысында негізгі және маңызды орындардың бірін алатын жаттығулар жүйесіне ерекше рөл беріледі. Математика бойынша жаттығулар жүйесіне келесі типтегі тапсырмалар кіреді: ағымдағы оқылатын материалды қолдануға арналған тапсырмалар; әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар; шығармашылық тапсырмалар; пәнішілік және пәнаралық байланысты жүзеге асыруға бағытталған есептер және т.б. Математика сабақтарында әртүрлі мазмұндағы мәтінді есептерді (пәнаралық есептер, тәжірибеге бағытталған тапсырмалар, ситуациялық есептер) шешуге көп көңіл бөлу керек, олардың кейбіреулерін шығару барысында есептің мәтіні бойынша математикалық модель құрастырылады. Үлгілік оқу бағдарламаларында «Математикалық моделдеу және анализ» бөлімі берілген. Осыған сәйкес әр бөлімді игеру барысында мәтінді есептерді 37 шығаруға, математикалық сауаттылықты дамытуға арналған, практикаға бағытталған тапсырмаларды орындауға назар аудару ұсынылады. «Математика және информатика» білім саласы оқу пәндерін оқыту барысында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында білім алушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу; математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру; игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу; дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау; математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады. Сонымен қатар, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру кезінде білім алушылардың жазбаша дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыстарды жүргізу ұсынылады: тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтар мен алгоритмдер жасау; математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру; тапсырманың орындалу барысын ауызша және жазбаша талдау. Математикалық сауаттылық зерттеу сипатындағы тапсырмаларды шешуде де қалыптасады, оларды орындай отырып, білім алушылар қолда бар деректерді тапсырма сұрақтарымен байланыстыра алады, тапсырма сұрағынан қолда бар деректерге іздеу қадамдарын жоспарлайды, табылған шешімді тапсырма сұрақтарымен салыстырады, нәтижені алудың әр қадамының дұрыстығын дәлелдейді, табылған шешімнің дұрыстығы мен толықтығын тексереді. Оқу пәнінің кез-келген тақырыбы аясында білімалушының алдына белгілі бір пәнді оқу кезінде алынған білімнің көмегімен шешілетін пәндік саладан тыс мәселелер қоюға болады. Математика осындай есептерді қарастыруға мүмкіндік береді. Білім беру процесінде цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту бойынша ұсынымдар Математикада цифрлық ресурстарды пайдалану құзыреттілігі білім алушылардың жұмыс барысында, бос уақытында технологияларды сенімді және шығармашылық пайдалануды қамтиды. Цифрлық құзыреттіліктің құрамдас бөліктері білім алушылардың өздігінен білім алу, қажетті ақпаратты іздеу, іріктеу, ақпаратты талдау, ұсыну және беру дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Цифрлық құзыреттілікті дамыту үшін ұсынылады: 1) білім алушыларды негізгі ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету; 2) ақпарат іздеуге және оны таңдауға байланысты өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту; 38 3) математиканың әртүрлі бөлімдерін зерделеу кезінде презентациялар жасау үшін қажетті компьютерлік бағдарламаны пайдалану, математикалық тапсырмаларды орындау кезінде фото/видео әзірлеу (геометриялық фигуралар жасау). Пәндік, метапәндік және негізгі (жоғары сыныптарда) құзыреттерді дамыту бойынша ұсынымдар «Математика және информатика» білім беру саласы пәндерін оқуға деген қызығушылықты арттырудың бір жолы – білім алушылардың жобалық қызметі. Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсынуды және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді. Құндылыққа бағдарланған оқытуды іске асыру бойынша ұсыныстар «Математика және информатика» білім беру саласы пәндерін оқыту барысында келесі құндылықтарға назар аудару ұсынылады: еңбек пен шығармашылық (пәндік дағдыларды игеру, стандартты емес мәселелерді шешу үшін алған білімдерін шығармашылықпен қолдану); ашықтық (тұлғааралық ашықтықты қалыптастыру және дамыту білім алушылар, мұғалім мен білім алушы арасындағы қарым-қатынас процесінде жүзеге асырылады); өмір бойы білім алу (математиканы оқыту кезеңдері арасындағы сабақтастықты, оқу процесінің тұтастығын мен үздіксіздігін қамтамасыз ету, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру); ынтымақтастық (топтарда білім алушылардың бірлескен жұмыстарын ұйымдастыру); құрмет; патриотизм. Математика сабағында құрмет, патриотизм құндылықтарын қалыптастыру тарихты, мәдениетті мен дәстүрлерін және халықтың басқа да құндылықтарын құрметтеуге; қоршаған ортаны қорғаудағы белсенді ұстанымға; жоғары патриоттық сезімдерге тәрбиелеуге бағытталған жаттығулар шешімдері арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан мүмкіндігінше мұндай тапсырмаларды шешуді, әсіресе 1-8-сыныптарда қарастырған жөн. Пәндерді оқыту процесінде білім сапасын жетілдіру мақсатында тұлғаға бағытталған проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен қатар ісәрекет түрлері мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту тәсілдерін қолдану ұсынылады.
Мектептегі математикалық білім берудің мазмұны білім алушылардың зияткерлік дамуына, олардың ойлау мәдениеті мен дербестігін қалыптастыруға, алған білімдерін практикада қолдану мүмкіндігіне бағытталған. Қойылған міндеттерді шешу үшін мектеп математика курсын игеру барысында негізгі және маңызды орындардың бірін алатын жаттығулар жүйесіне ерекше рөл беріледі. Математика бойынша жаттығулар жүйесіне келесі типтегі тапсырмалар кіреді: ағымдағы оқылатын материалды қолдануға арналған тапсырмалар; әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар; шығармашылық тапсырмалар; пәнішілік және пәнаралық байланысты жүзеге асыруға бағытталған есептер және т.б.
Математика сабақтарында әртүрлі мазмұндағы мәтінді есептерді (пәнаралық есептер, тәжірибеге бағытталған тапсырмалар, ситуациялық есептер) шешуге көп көңіл бөлу керек, олардың кейбіреулерін шығару барысында есептің мәтіні бойынша математикалық модель құрастырылады.
Үлгілік оқу бағдарламаларында «Математикалық моделдеу және анализ» бөлімі берілген. Осыған сәйкес әр бөлімді игеру барысында мәтінді есептерді шығаруға, математикалық сауаттылықты дамытуға арналған, практикаға бағытталған тапсырмаларды орындауға назар аудару ұсынылады.
Мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта,техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022жылғы 3тамыздағы №348 бұйрығына сәйкес негізгі орта білім беру деңгейінде 5-6сыныптарда «Математика»пәні,7-9 сыныптарда «Алгебра» және «Геометрия», 10-11 сыныптарда жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» пәндері оқытылады.
11.1-кесте–Апталық және жылдық оқу жүктемесінің көлемі
Сынып | Оқу пәнінің атауы | |||
Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) | ||||
Апталық | Жылдық | |||
5 | Математика | 5 | 170 | |
6 | Математика | 5 | 170 | |
7 | Алгебра | 3 | 102 | |
7 | Геометрия | 1 | 34 | |
8 | Алгебра | 3 | 102 | |
8 | Геометрия | 1 | 34 | |
9 | Алгебра | 3 | 102 | |
9 | Геометрия | 1 | 34 | |
10 (ЖМБ) | Алгебра және анализ бастамалары | 4 | 136 | |
10 (ҚГБ) | Алгебра және анализ бастамалары | 3 | 102 | |
10 (ЖМБ) | Геометрия | 2 | 68 | |
10 (ҚГБ) | Геометрия | 1 | 34 | |
11 (ЖМБ) | Алгебра және анализ бастамалары | 4 | 136 | |
11 (ҚГБ) | Алгебра және анализ бастамалары | 3 | 102 | |
11 (ЖМБ) | Геометрия | 2 | 68 | |
11 (ҚГБ) | Геометрия | 1 | 34 |
11.2-кесте–Қолданыстағы оқу бағдарламалары бекітілген бұйрықтар
Үлгілік оқу бағдарламаларының түрлері | Сынып | ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен енгізілген толықтырулармен өзгерістер | |
Негізгі | 5-9 | 25.10.2017ж.№545 | |
10-11 | 27.07.2017ж.№352 07.03.2019ж.№105 (Геометрия, 10-11 сыныптар,ЖМБ,Ұзақмерзімдіжоспар) | ||
оқу жүктемесі төмендетілген | 7-11 | 27.11.2020ж.№496 (Алгебра7-9 сыныптар, Геометрия 7-9 сыныптар,Алгебра және анализ бастамалары 10-11сыныптар,ЖМБ;ҚГБ) |
«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫ 1-4 СЫНЫП «ИНФОРМАТИКА» ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 1-11 СЫНЫПТАР
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1-сыныпта, аптасына 0,5 сағатты, оқу жылында 17 сағатты;
2-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
3-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
4-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды. «
Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
5-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;
6-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат
7-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;
8-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
9-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
10-11-сыныптарда «Информатика» оқу пәнін оқытуға бөлінген апталық жүктеме:
- қоғамдық-гуманитарлық бағытта 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;
- жаратылыстану-математикалық бағытта 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағат.
Білім алушылардың оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамыту мақсатында жобалық жұмыс арқылы ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге ерекше назар аударылуы тиіс.Жобамен жұмыс істейтін оқушылар жеке немесе топта жұмысты жоспарлау,мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу,гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс туралы нәтижелерді ұсыну,талдау және бағалау жұмыстарын орындау,сондай-ақ өз жобасын шебер қорғау керек.
Пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсаттарының бірі білім алушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып табылады.Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды,қажетті ақпаратты іздеуді,гипотезаны ұсынуды және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдаумен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.
Пәндерді оқыту процесінде білім сапасын жетілдіру мақсатында жеке тұлғаға бағытталған проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен қатар іс-әрекет түрлері мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту тәсілдерін қолдану ұсынылады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта, техникалық жәнекәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2008жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы(өзгерістерҚРБҒМ 2022жылғы12 мамырдағы№193 бұйрығымен енгізілген) негізінде жүргізіледі
3. Осы бұйрықтың 11 тармағына сәйкес «Аптасына 1 сағат оқу жүктемесікезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады».Яғни, Үлгілік оқу жоспарларында бөлінген апталық оқу жүктемесіне қарай жүргізілетін БЖБ және ТЖБ «Математика», «Алгебра», «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» пәндері бойынша 11.3-кестесінде көрсетілген.
11.3-кесте–Апталық оқу жүктемесіне қарай БЖБ және ТЖБ туралы
Пәннің атауы | Сыныптар | Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) |
Математика | 5-6 | БЖБ,ТЖБ |
Алгебра | 7-9 | БЖБ,ТЖБ |
Геометрия | 7-9 | БЖБ,жартыжылдық |
Алгебра және анализ бастамалары | 10-11(ЖМБ) | БЖБ,ТЖБ |
10-11(ҚГБ) | БЖБ,ТЖБ | |
Геометрия | 10-11(ЖМБ) | БЖБ,ТЖБ |
10-11(ҚГБ) | БЖБ,жартыжылдық |
11.4-кесте–Пәндер бойынша БЖБсаны
Төмендетілген оқу жүктемесіменҮлгілік оқу жоспары | |||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | ||
5-сынып | Математика | 3 | 2 | 3 | 2 |
6-сынып | Математика | 2 | 2 | 3 | 3 |
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары | |||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | ||
7-сынып | Алгебра | 2 | 2 | 1 | 1 |
8-сынып | Алгебра | 1 | 1 | 2 | 1 |
9-сынып | Алгебра | 2 | 1 | 1 | 2 |
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары | |||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | ||
7-сынып | Геометрия | 1 | 2 | 1 | 1 |
8-сынып | Геометрия | 1 | 1 | 1 | 1 |
9-сынып | Геометрия | 1 | 1 | 1 | 1 |
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары | |||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | ||
10-сыныпЖМБ | Алгебра және анализ бастамалары | 3 | 2 | 2 | 2 |
10-сыныпҚГБ | Алгебра және анализ бастамалары | 2 | 2 | 2 | 2 |
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары | |||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | ||
11-сыныпЖМБ | Алгебра және анализ бастамалары | 2 | 1 | 3 | 1 |
11-сыныпҚГБ | Алгебра және Анализ бастамалары | 1 | 2 | 2 | 1 |
12.1-кесте.«Информатика»пәні бойынша жиынтық бағалау саны»
Сынып | Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны | |||
1 тоқсан | 2 тоқсан | 3 тоқсан | 4 тоқсан | |
5 сынып | 1 | 1 | 1 | 1 |
6 сынып | 1 | 1 | 2 | 1 |
7 сынып | 2 | 1 | 2 | 1 |
8 сынып | 1 | 1 | 2 | 1 |
9 сынып | 2 | 1 | 2 | 1 |
10сынып ҚГБ | 2 | 1 | 1 | 1 |
11сынып ҚГБ | 1 | 1 | 2 | 1 |
10сынып ЖМБ | 2 | 1 | 1 | 1 |
11сынып ЖМБ | 1 | 2 | 2 | 1 |
Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары
Элективті курстар оқу пәнін тереңдетуге бағытталған. Пәннің Үлгілік оқу бағдарламасына кіретін негізгі курстың жеке бөлімдерін тереңдетіп оқытады.
Сонымен қатар білім беру процесін жандандыруға және жекелендіруге арналған.Әдетте,бұл курстар стандартты бағдарламадан алуға болмайтын терең білім береді.
Элективті курстардың функциялары мен міндеттері өте кең:
Бейінді оқу пәндерінің бірін,оның бөлімін меңгерудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді;
Пәнаралық негізде оқу пәндерін игеруге қызмет етеді;
базалық оқу пәндерінің біреуін (немесе бірнешеуін) меңгерудің неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етеді;
іс жүзінде маңызды мәселелерді шешу үшін іс-әрекеттің дағдылары мен әдістерін қалыптастыруға қызмет етеді;
кәсіптік бағдар беру жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етеді;
танымдық қызығушылықтарды қанағаттандыруға,өмірлік маңызды мәселелерді шешуге ықпал етеді;
білім алушыларыд еңбек нарығында табысты ілгерілеуі үшін білім беру нәтижелерін алуға ықпал етеді.
Білім алушыларды робототехника, программалау, 3D-модельдеу қызықтырады. Осы қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін неғұрлым күрделі дағдылар мен құзыреттіліктер қажет. Озық технологияларды меңгеру, топта жұмыс істеуді үйрену және «Информатика» пәнінен алған дағдыларын дамыту,жобалық жұмыстарды жүргізу үшін үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонент есебінен:
- 4,5-11-сыныптары үшін «Робототехника»;
- 8,9–сыныптары үшін «3D-модельдеу»;
- 6, 8-11 сыныптары үшін «Python тілінде программалау» элективті курстарын жүргізу ұсынылады.
Қаулы:
2023-2024 оқу жылындағы математика-информатика кафедрасы әдістемелік нүсқаулық хатпен танысып,жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жұмыс жүргізілсін.
Хатшы :Нарбекова Н.М.