Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
04
июнь
2024

Жылдық есеп


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


№ 64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназия












2023-2024 оқу жылындағы

математика-информатика кафедрасындағы

жүргізілген жұмыс

ЕСЕБІ
















                                    Кафедра меңгерушісі: Сартаева Қ.Ж.
















ШЫМКЕНТ  2024 ЖЫЛ




 2023-2024 оқу жылында математика-информатика кафедрасында 11 математика пән мұғалімі және 11   информатика пән мұғалімі бар. Соның ішінде 12-зерттеуші мұғалім,7- педагог-модератор,1-педагог бар. Жас маман Нарбекова Нұрайым, Пернеханова Жансая.

      Әрбір мұғалім оқу жылының алғашқы күнінен бастап жеке тұлғаға бағытталған оқыту- мұғалімдердің барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып , оның жеке ерекшеліктерін дамытуға қажетті жағдай жасау, ойлау қабілетін жетілдіру, шығармашылық ізденіске қызығушылығын дамыту, озық тәжірибені насихаттау мақсатында жұмыс істеді.

Тамыз айының жоспарына сәйкес әдістемелік нұсқаулық хатты ,оқу бағдарламасын, сағат жүктемелерді, пән мұғалімдерінің жеке іс-қағаздарын реттеу және кафедраның жылдық жоспарын талдау бойынша кафедра отырысы болып өтті.

Күн тәртібінде

1.2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нүсқаулық хатпен танысу.

2.Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар «Математика» «Алгебра ,геометрия ,информатика» оқу пәндері білім беру саласының мазмұныны туралы. Оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі туралы.

3. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың талаптары. 

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес:  бастауыш білім беру деңгейінде «Математика» және «Цифрлық сауаттылық» (1-4-сыныптар);  негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика» (5-6-сыныптар), «Алгебра», «Геометрия» (7-9-сыныптар) және «Информатика» (5-9-сыныптар);  жалпы орта білім беру деңгейінде оқытудың екі бағыты бойынша «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика» (10-11- сыныптар) пәндері оқытылады. Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының (өзгерістер мен толықтырулар ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022 ж. № 412 бұйрығымен енгізілген) 1–3, 11–15-қосымшаларында (1-4-сыныптар), 6–8, 16– 20-қосымшаларында (5-9-сыныптар), 21–30, 85–90-қосымшаларында (10-11- сыныптар) көрсетілген. 

Жиналысты тыңдай келе мынандай қаулы қабылданды:

2023-2024 оқу жылындағы математика-информатика кафедрасы әдістемелік нүсқаулық хатпен танысып,жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес  жұмыс жүргізілсін.

Қыркүйек айының жоспарына сәйкес жаңа   2023-2024 оқу жылына кафедра   жоспары  бекітілді. Дарынды және қабілетті  балаларды  іріктеп, тізімі жасалды.(5-11 сыныптар) Дарынды және  қабілетті  оқушылардың ғылыми   жұмыс жоспарын құрылды. Дарынды оқушылармен жоспар бойынша жұмыс толық жүргізілді.Ғылыми жоба тақырыптары   бекітілді. Оқу кабинеттерінің жабдықталуын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

 5-11сынып аралығында олимпиадаға дайындық кестесі,оқушылардың тізімі және дайындық жоспары бекітілді.Сол бойынша пән мұғалімдері дайындық жұмыстарын жүргізді.


№64 Ж. Аймауытов атындағы мектеп-гимназияда 5-11 сыныптардың білім сапасын анықтау мақсатында   № 558   бұйрығына сәйкес 18-20.09.2023ж. күндері аралығында  5-11 сынып оқушыларының математика пәнінен алынған 0-дік  бақылау жұмысы алынып, ,анықтама мониторинг жасалып оқушылардың жұмыстарымен қоса 

I ауысым ДОІЖ орынбасары А.Т.Абуоваға,II ауысым ДОІЖ орынбасары Л.Б.Беркимбаеваға  өткізілді.Соңында мынандай қорытынды және ұсыныс жасалды:

Қорытынды: 

 Оқушылармен өтілген тақырыптар бойынша қосымша жұмыстар жасау . 

Төмен көрсеткіш берген оқушылармен қосымша жұмыстар  жүргізіліп,   кеткен  кемшіліктерді жою.




Ұсыныс: 

1.Төмен көрсеткіш берген оқушылардың білімі ата-аналармен, сынып жетекшісімен бірлесе қолға алынсын.

2.Үлгерімі төмен оқушылармен қосымша сабақтар өткізіліп, кемшіліктер жойылсын.


"Біздің айналамыздағы математика" тақырыбында математикалық сауаттылық апталығының жұмыс жоспары бойынша 26.09.23ж. 5 сыныптар арасында "Мен математикамен доспын" атты интеллектуалдық сайыс сабағын математика пәнінің мұғалімдері   Жунисбекова Ултуар және   Идирисбаева Гулнар өткізді. Сабақтың мақсаты: Математикалық сауаттылықты дамыту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылыққа баулу, тапқырлыққа, жаңа ғылымға ізденіске жетелеу.

"Біздің айналамыздағы математика" тақырыбында математикалық сауаттылық апталығының жұмыс жоспары бойынша 28.09.23ж. 7 сыныптар арасында математика пәнінің мұғалімі Жақыпбекова Ажар "Математикалық квест ойыны" өткізді.

  Сабақтың мақсаты: Математикалық тапсырмаларды сыни тұрғыдан ойлануды қажет ететін тапсырмалар құру, математикалық сауаттылықты дамыту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылыққа баулу, тапқырлыққа, жаңа ғылымға ізденіске жетелеу.

ББ Әдістемелік орталығы жоспарына сәйкес 2023 жылғы 23 қараша күні №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясында «Жас маман шеберлігін арттыру» тақырыбында қалалық тәжірибелік жас мамандарға арналған семинар өтті, семинарға жас маман математика пәнінің мұғалімі Нарбекова Нұрайым мен кафедра жетекшісі Сартаева Қалима қатысты. 

Шымкент қаласы ББ Әдістемелік орталығы ұйымдастырған "ББЖМ тапсырмалары бойынша математика пәнінің оқу мақсаттары" тақырыбындағы  қалалық оқыту семинарында өз тәжірибесімен математика пәні мұғалімі Нарбекова Нұрайым бөлісіп, мадақтамамен марапатталды.

"Тоғыз айға 9 іс- шара" аясында қаңтар айында "Қазақ есебі" челленджі негізінде математика пәні мұғалімі Идирисбаева Гүлнар оқушылар арасында "Қазақтың байырғы қара есептері" тақырыбында математикалық кеш ұйымдастырды.

Мақсаты:білім алушылардың креативті және сыни ойлауын дамытуға ықпал ету.

Міндеттері: білім алушылардың математикалық және логикалық есептерді шығаруға деген қызығушылығын ояту, зияткерлік қабіілеттерін дамыту, математикалық білімнің өмірмен байланысын көрсету.

Қазақтың байырғы қара есептері - ұлттық қазынамыздың бірі. Қазақ халқының асыл мұрасын әрқашан бойтұмарымыздай сақтап жүру болашақ ұрпақ үшін өте маңызды!!!

Шымкент қаласы Қосымша білім беру оқу салалық орталығы "Біртұтас тәрбие бағдарламасын" жүзеге асыру мақсатында республика бойынша білім беру ұйымдарында А.Жұмаділдаевтің ұсынған есептерін шығарудан ұйымдыстырған челлендж барысында оқушылар математикалық есептер шығару білім алушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға, логикасын, зейінін жаттықтыруға ықпал етеді.

Математикалық есептерді шешу білім алушыларды ойлануға, модельдеуге, болжауға және нақты мысалдарды дәлелдеуге негіз болады, бұл күнделікті өмірде ең қарапайым және күрделі мәселелерде оң шешім қабылдауға әсер етеді.

"Қазақ есебі" челленджі ф-м.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі, ғалым-математик Жұмадилдаев Асқар Серқұлұлының авторлық есептерін шешуге арналды. Осы іс-шараны математика пәнінің мұғалімі Сартаева Қалима 9 сыныптар арасында жүргізді.

Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияның 22.01.2024ж-02.02.2024ж аралығындағы «Жаңа технология — заман талабы. Оқу мақсатына жетудің тиімді жолдары» атты онкүндікте Мунашева Камшат 11 А сыныбымен 31.01.2024ж  «Конус бүйір беті және толық беті жазбасының ауданы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы,  оқушыларда  пәнге   деген қызығушылық арта түсті. 6 А сыныбымен 01.02.2024ж. Эралиева Сандуғаш «Сан аралықтардың бірігуі мен қиылысуы» тақырыбында ашық сабақ өтті.  Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы,  оқушыларда математика пәніне деген қызығушылық арта түсті. 5"Ғ" сыныбымен Жунисбекова Ұлтуар "Ондық бөлшекті қосу және азайту" тақырыбында өтілген ашық сабақта оқушылар белсенді қатысып, сабақ мақсатына жетті.

"Ж.Аймауытовтың рухани мұрасы: көркемдік құндылықтар және педагогикалық идеялар" тақырыбындағы Ж.Аймауытовтың 135 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған он күндігі

 аясында 9 сыныптар арасында математика пәнінің мұғалімдері Сартаева Қалима және Нарбекова Нұрайым “Математика әлеміне саяхат” атты математикалық ойын-сабақ ұйымдастырды. 

Сабақтың мақсаты:

    Оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау. Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Математикалық заңдылықтарын логикалық және шығармашылық есептерді ауызша әрі тез есептей білуге, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.

Сабақтың міндеттері:

-  Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

-  Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Математика-информатика кафедрасының “Математика-информатика-ақыл-ойдың әуені” тақырыбындағы 05-09.02.24ж аралығындағы апталықтың кезінде жоспарланған 14 ашық сабақтың 13-і  және 3 сыныптан тыс жұмыс өтілді. Математика пәнінің мұғалімі Мунашева Камшат денсаулығына байланысты ашық сабағын өтпеді. Апталықтың ашылуы кезінде барлық пән мұғалімдерінің қатысуымен түрлі ойын арқылы оқушыларға апталық екендігін сезіндірді.  

05.02.24 ж күні 4 “А” сыныбында Пернеханова Жансая “Презентацияға арналған ақпарат” тақырыбында ашық сабақ өтті. 

Мұғалім түрлі әдіс-тәсілдермен,көрнекіліктер қолданып оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып,өз тәжірибесін жаңа тәсілдермен толықтыра отырып өтті. 

06.02.24 ж.  күні 9 "Ғ" сыныбында Нарбекова Нұрайым "Үшбұрыштарды шешу" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ мақсатына жетті және мұғалім түрлі әдістермен оқушылардың қызығушылығын арттыра білді.

06.02.24ж. 5-6 сыныптар арасында " математика пәні мұғалімі Идирисбаева Гүлнар оқушылар арасында "Қазақтың қара есептері" тақырыбында математикадан сыныптан тыс жұмыс өткізді.

Қазақтың байырғы қара есептері - ұлттық қазынамыздың бірі. Қазақ халқының асыл мұрасын әрқашан бойтұмарымыздай сақтап жүру болашақ ұрпақ үшін өте маңызды!

07.02.24ж күні  8 «Ә» сыныбында Тусиббекова Алтынай «Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың ауданы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Топтық және жұптық оқыту түрлерін ұтымды қолдана отырып сабақ өте сапалы өз дәрежесінде өтілді.

07.02.24 ж күні 7-8 сыныптар арасында информатика пәні мұғалімдері Кадырбекова Айжан және Мыңжасар Айдана “Ақ кеме” тақырыбында зияткерлік ойын өтті. Мақсаты:

• оқушылардың информатика пәндерінен алған білімдерін жинақтап ортаға салуға үйрету, олардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, интелллектуалдық қабілетін дамыту, бір-бірінің пікірін, ойын тыңдау арқылы сөйлеуге дағдыландыру. Зияткерлік ойын ережелерін сақтай отырып жұмыс жасауға тәрбиелеу.Мұғалімдер түрлі әдіс-тәсілдермен,көрнекіліктер қолданып оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып,өз тәжірибесін жаңа тәсілдермен көрсете білді. Оқушылар өздерінің білімдерін және алғырлықтарын жоғары дәрежеде көрсетті.

07.02.24ж күні 5 «А» сыныбында Бекқожаева Тұрсынай «Бұрылыстар» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, оқушыға проблемалық ситуация тудыра отырып, шығармашылыққа баулыды.

07.02.24 ж күні 7 «В» сыныбында Жақыпбекова Ажар «Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты Ж.Аймауытовтың 135 жылдық мерейтойы аясында ұйыдастырған тапсырмалары сабақта өз үйлесімін тауып тапсырмалар өте ұтымды таңдалған.

07.02.24ж 6 «Ғ» сыныбында Бердимуратова Айбаршын «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылардың мотивациясын тудыра отырып критерийге сәйкес оқушылар бағаланды. 

08.02.24ж күні 8 «Е» сыныбында Зиядақызы Құралай «Үшбұрыштың ауданы формулаларын қолданып есептер шығару» тақырыбында ашық сабақ өтті. 

08.02.24ж күні 10 «Ә» сыныбында Рустемова Айнагүл «HTML кестелер» тақырыбында ашық сабақ өтті.

08.02.24ж күні 6 А сыныбында Эралиева Сандуғаш «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар өздерінің білімдерін  жоғары дәрежеде көрсете білді.

08.02.24ж. күні 6 «А» сыныбында Ахметова Мариям «Арифметикалық амалдардың жазылу ережелері» тақырыбында ашық сабақ өтті.

09.02.24ж күні 10 «Ә» сыныбында Бердимуратова Алтынай «Практикум. HTML.Кесте құру» тақырыбында ашық сабақ өтті.

09.02.2024 ж. 5 "Ғ" сыныбында Жунисбекова Ултуар "Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту" тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ өте жоғарыда деңгейде өтілді. Сабақ мақсатына жетті.

09.02.2024ж күні цифрлық сауаттылық пәнінен Кәрібаева Айнұр 3 "А" сыныбымен « Компьютерде және құжатта ақпарат іздеу» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар өздерінің білімдерін  жоғары дәрежеде көрсете білді.

29.03.2024 жылы “Қазіргі білім беру процесіндегі жаңа әдістер мен инновациялық технологиялар” тақырыбында ғылыми практикалық конференцияда математика пәнінің мұғалімі Жақыпбекова Ажар “Математика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тапсырмалары” және информатика пәнінің мұғалімі Бердимуратова Алтынай тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп баяндама жасады. Баяндама математика және информатика пәндерін оқытудағы бүгінгі таңда өзекті мәселе: оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана алуын қалыптастыру, яғни функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Баяндамалар құнды деп табылды.

Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп –гимназияның 08.02.2024 жылғы №123 бұйрығына сәйкес 19.02-29.02.24 ж аралығында 1-11 сыныптардағы информатика  және 5-11 сыныптардағы математика оқу пәндерінің жүргізілу барысын,мұғалімнің   шеберлігін,теориялық білімін,сабақ беру әдіс-тәсілдерін, сабақ өтілуін,технологияны тиімді пайдалануын,мемлекеттік стандарттың орындалуын,білім сапасын қадағалау мақсатындағы кешенді тексеру жүргізілді.

 Сабаққа қатысудағы мақсат – пән мұғалімінің қолданатын әдіс-тәсілдерін, оқушылардың сабаққа қызығушылығын дамыту деңгейін анықтау.Тексеру қорытындысы бойынша мынандай ұсыныс жасалды:

Ұсыныс:

1.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс өз дәрежесінде   талапқа сай жүргізілсін.

2.Оқушыларды қосымша ресурстар мен  интернет ресурстарды пайдалануға  үйрете отырып   дағдыландыру.

3.Жаңа заман талабына сай ізденімпаз, жауапкершілігі зор, талапты жеткіншек қалыптастыру жолында жұмыстар жүргізу

4.Үлгерімі төмен оқушылардың сынып жетекшісі және ата-аналарымен бірлесе отырып  жұмыс жүргзілсін

5.Сабақта белсенді оқушыларды олимпиадаларға қатыстыруға көңіл бөлу.

6.Түрлі әдіс-тәсілдерді сабақ барысында тиімділігін арттыру.

7. Демонстрациялық материалдарды көп көлемде қолдану 


Математика пәнінің мұғалімдері Мунашева Камшат Кудеровна,Жакыпбекова Ажар Торехановна

«Математикалық   логика және сауаттылық   тапсырмалар жинағы»  атты ,Тусиббекова Алтынай Ибрагимджановна , Зиядақызы Құралай «Математиканы кіріктіре оқыту әдістемесі»

әдістемелік құралдар шығарды 2024 ж.

















Оқушылар жетістігі:

5-6 сыныптардың Алтын сақа олимпиадасы 29.09.2023ж. сағат 12:00-де (Астана уақытымен) өтілді. Мектепішілік жалпы - 42 оқушы қатысты. 5 сыныптан 20 оқушы, 6 сыныптан 22 оқушы қатысты.Келесі кезеңге 6 оқушы өтті.  Республикалық "Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңінен 5 "ғ" сынып оқушысы Бақытбек Еңлік ІІ дәрежелі дипломмен, ал 5 "г" сынып оқушысы Нурбай Ахмад І дәрежелі дипломмен марапатталды. Пән мұғалімі Жунисбекова Ұлтуар.

Дарын орталығы  ұйымдастырған "ІІІ-Тасмурзаев" олимпиадасында   5 "Г" сынып оқушысы Нурбай Ахмад 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Жунисбекова Ұлтуар.

10.02.2024 жылы Шымкент қаласында математика пәнінен өткізілген Республикалық “Алтын сақа”олимпиадасынан   8 Ә сынып оқушысы Көмек Абдімансур және 7 в сынып оқушысы Пернан Керей ІІІ орын иеленді. Жетекшілері : Тусиббекова Алтынай Ибрагимджановна және Жақыпбекова Ажар

Кенгуру халықаралық олимпиада – 26-30 қыркүйек 2023 ж-42 

І дәрежелі диплом-29

ІІ дәрежелі диплом – 9

ІІІ дәрежелі диплом-4

Кенгуру халықаралық олимпиада – 25-30 сәуір 2024 ж-41 

І дәрежелі диплом-5

ІІ дәрежелі диплом – 16

ІІІ дәрежелі диплом-20

Интернет олимпиада

1.Халықтар Достығы  университетінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Mатематика»  пәндік олимпиадасы Абдижаппарова Салима 10 «А» сынып оқушысы І орын

2.«Әбу Насыр Әл-Фарабиге – 1154 жыл» тақырыбында оқушылар арасында өткен республикалық байқауы I дәрежелі диплом-4

Мұғалім жетістігі:

2024 жылы 26-27 наурыз аралығында өткен республикалық математика пәні мұғалімдеріне арналған "Математикалық регата" олимпиадасына математика пәнінің мұғалімі Нарбекова Нұрайым Маратқызы қатысып, кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталды.

Шымкент қаласы ББ Әдістемелік орталығы «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы» ШЖҚРМҚ-ның 05.10.2023 ж. Хатының негізінде негізгі орта білім беру категориясындағы 5-9 сыныптар бойынша Педагогтердің үздік сабақтар банкі жасағына математика пәнінің мұғалімі Эралиева Сандуғаш «Сыбайлас және вертикаль бұрыштар» тақырыбында сабағы жарияланды.


Интернет олимпиада


1.ІІ Республикалық «Педстарт -2023» байқауы-«Үздік математика пән мұғалімі»-1

2.«Педстарт» республикалық олимпиадасы «Дарын» РҒПО№ PS-M-D-IІ-2024-00570-ІІ орын-1

3.«Педстарт» республикалық олимпиадасы «Дарын» РҒПО№ PS-M-D-IІ-2024-00162 I-орын-

4.«Эрудит» интеллектуалды білім сайтының «Жылдың үздік авторы-2023» атты шығармашылық байқауы, Алматы, 2023ж. I дәрежелі диплом-2











1.   «Алтын білім кілті» ғылыми әдістемелік зерттеу орталығы әзірлеген  Жалпы білім беретін мектептерде  «Инклюзивті білім беру мен үйде оқытуды ұйымдастыру және арнайы балалармен жұмыс жасау» тақырыбы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде біліктілік курсынан информатика пәнінің мұғалімі Бердімұратова Алтынай өтті. Берілген күні 18.02.2024   Тіркеу № 02269 және информатика пәнінің мұғалімі Мыңжасар Айдана Ержанқызы өтті. Берілген күні 16-18.02.2024   Тіркеу № 02192

2. 15.04.2024-28.04.2024ж. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» әзірлеген  «Жалпы білім беретін мектептердің арнайы сынып педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында математика пәнінің мұғалімі Жунисбекова Ултуар  80 сағат көлемінде курстан өтті. №083376.

3. 25.09-06.10.2023ж. «Өрлеу » БАҰО  «5-9 сынып математика пәні мұғалімдерінің пәндік құзіреттіліктерін»дамыту»  тақырыбында математика пәнінің мұғалімі Эралиева Сандугаш   80 сағат көлемінде курстан өтті. №0724549

4. 22.04.2024-04.05.2024ж. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» әзірлеген  «Информатика мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында информатика пәнінің мұғалімі  Кадырбекова Айжан 80 сағат көлемінде курстан өтті. №083916 және информатика пәнінің мұғалімі   Елемесова Тоғжан  курстан өтті. №083912.

5. 08.04.2024-19.04.2024ж. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» әзірлеген  «Информатика мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында информатика пәнінің мұғалімі  Пернеханова Жансая Бориханкызы 80 сағат көлемінде курстан өтті. №082992.

6. «Алтын білім кілті» ғылыми әдістемелік зерттеу орталығы әзірлеген  Жалпы білім беретін мектептерде  «Инклюзивті білім беру мен үйде оқытуды ұйымдастыру және арнайы балалармен жұмыс жасау» тақырыбы бойынша             80 академиялық сағат көлемінде біліктілік курсынан информатика пәнінің мұғалімі Пернеханова Жансая Бориханкызы өтті. Берілген күні 18.02.2024   Тіркеу № 02165

7. 18.03.2024-03.04.2024ж. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» әзірлеген  «Математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту» тақырыбында математика пәнінің мұғалімі Нарбекова Нұрайым  80 сағат көлемінде курстан өтті. №081163.

8. 26 .03.2024-05.04.2024ж. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» әзірлеген  «Информатика мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында информатика пәнінің мұғалімі  Акынова Нурбиби Нурлановна 80 сағат көлемінде курстан өтті. №081484 және информатика пәнінің мұғалімі  Карибаева Айнур Ерланқызы 80 сағат көлемінде курстан өтті. Берілген күні 05.04.2024  Тіркеу №08149

9. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» әзірлеген  Жалпы білім беретін мектептердіңарнайы сынып педагогтерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту  тақырыбы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде біліктілік курсынан информатика пәнінің мұғалімі Акынова Нурбиби Нурлановна өтті. Берілген күні 15.03.2024   Тіркеу № 080131

10.Жакыпбекова Ажар Торехановна «Цифрлық сауаттылық негіздері және ААЖ-да жұмыс істеу Kundelik.kz ҚР жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері үшін» тақырыбы бойынша 72 сағат көлемінде біліутілікті арттыру онлайн-курсынан өтті.

Берілген күні 12.04.2024ж №335963

11. 08.04.2024-19.04.2024ж. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» әзірлеген   «Педагогтің зерттеу қызметі: Action Research және Lesson Study» тақырыбы бойынша математика  пәнінің   мұғалімі  Зиядақызы Құралай  80 академиялық сағат   көлемінде курстан өтті. Берілген күні 19.04.2024  Тіркеу №082203 және математика  пәнінің   мұғалімі  Мунашева Камшат Кудеровна   курстан өтті. Берілген күні 19.04.2024  Тіркеу №082208 және математика  пәнінің  мұғалімі Тусиббекова Алтынай Ибрагимджановна курстан өтті. Берілген күні 19.04.2024  Тіркеу №082220







Баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар:

  1. Жунисбекова Ултуар «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту, ондық бөлшектерді көбейту» атты материалын «Түркістан ұстазы» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналында №5 нөмірінде (39 беті) баспаға жариялады.
  2. Эралиева Сандугаш «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу» атты материалын «Педагогика Жаңалықтары» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналында №4 нөмірінде жариялады.


 «Математика-информатика» кафедрасының мүшелері мектеп өміріне және мектепішілік қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып , өз белсенділіктерін көрсетті.

          Кафедра мүшелерінің ішіндегі сынып жетекшілері мектепішілік жоспарға сәйкес барлық іс-шараларға және тәрбие сағаттарын өткізіп оны әлеуметтік желілерге жариялап тұрды.

          2023-2024 оқу жылындағы кафедра мұғалімдерінің жасаған жұмыс нәтижесі «жақсы» деп бағаланды.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив