Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
07
февраль
2022

#КүшімізБірлікте

Құрметті әлеумет! Қазақстанның әрбір өңірінде орын алған тәртіпсіздік бүкіл әлемді елең еткізді. Біздің еліміздің егемендігіне, тәуелсіздігіне төнген бұл қауіп барша халықтың жұмылуын талап етуде.

Осы бір қиын-қыстау күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі халықтың топтасып, жұмылуына жаңа дем беріп отыр.
  Күш құрылымдарының өкілдері мен бейбіт тұрғындар тәртіпсіздікке жол бермеу үшін, тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін, көк байрағымыздың бейбіт аспанда желбіреуі үшін басын бәйгеге тігіп, жанын қиды. Бұл, әрине, біз үшін үлкен трагедия.Осыған орай, әріптестерімізді Отанымыздың тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу үшін, демократиялық қоғам құру үшін білімі мен санасы жоғары жастарды тәрбиелеуде Президентті қолдап, жұдырықтай жұмылып, мемлекет басшысының жанына топтасуға шақырамыз.

Қан төгілмесін, ел іргесі сөгілмесін, ел аман, жұрт тыныш болсын!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив