20
май
2024
“ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
“ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Қасқыр мінез Қазақпын,
Батыры бар жаны бар.
Тасқа басқан тарихын,
Алаш ұлын танып ал.
Қасқыр мінез Қазақпын,
От жүрегі тағы бар.
От намысты кеудеңе,
От тұмарды тағып ал!
Өлең жолдарының авторы: Тәжік ауған соғысының ардагері, Тәжік соғысының ардагерлер одағының төрағасы, қазақтың батыр мінезді азаматы, сегіз қырлы бір сырлы талантты адам барлық жағынан талантты демекші деп ақын сазгер әрі орындаушы әнші және халық қалаулысы Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты
Қадиров Нұрлан Тастемірұлы және оның досы “Тау жастар клубы” қоғамдық бірлестігі басшысы Исаев Бақыт Қарабайұлы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ж.Аймауытов атындағы N64 мектеп - гимназиясында бүгінде аса қадірлі қонағы. “Өнегелі ұрпақ” жобасы аясында Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Қадиров Нұрлан Тастемірұлы және “Тау жастар клубы” қоғамдық бірлестігі басшысы Исаев Бақыт Қарабайұлын құттықтау және 8 - 11 сынып оқушылары арасында кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезімді баулу,ардагерлерді ардақтау болып табылады.

