01
сентябрь
2024
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназия Халықаралық тілдер кафедрасының 2024-2025 оқу жылына арналған № 1 отырысы

2) Кафедраның өткен оқу жылындағы жұмысына талдау жаску және 2024-2025 оқу жылына кафедраның жұмыс жоспарымен таныстыру, талдау және бекіту;
3)2024-2025 оқу жылына арналған сағат жүктемесімен кафедра мұғалімлерін таныстыру;
Әдістемелік нұсқау хатқа мыналар кіретіндігін туралы және биылғы ӘНХ-дағы бөлім бойынша және жаңадан енгізілген ерекшеліктер бойынша кафедра жетекшісі Серікбаева Р.К. баяндама оқыды.
* Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі білім беру процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттарға сілтемелер;
• білім беру процесінде цифрлық шешімдерді қолдану бойынша ұсынымдар
• тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар;
• инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша ұсынымдар;
• ішкі және сыртқы бағалауды жүргізу бойынша ұсынымдар;
• білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының үздіксіз кәсіби дамуын әдістемелік сүйемелдеу, мектепішілік бақылауды ұйымдастыру мен мектептің дамуын жоспарлау бойынша ұсынымдар
Тәрбиенің негізі – оқыту, тәрбие және дамудың бірлігін қамтитын үйлесімді да мыған тұлға «Толық адам» ұлттық идеалы болып табылады. Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры және тұлғаның адамгершілік тұрғыдан толысуын қамтитын үздіксіз процесс. Тәрбиенің мәні – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде білім алушылардың тұлғалық қасиет терін қалыптастыру үшін жағдай жасау. Құндылықтар адамның белгілі бір әрекет етуге деген тұрақты сенімін білдіреді және жеке адамның да, бүкіл қоғамның да өркендеуінің негізі болып табылады. Құндылық білім алушының өмірлік ұстаны мына, іс-әрекетіне, мінез-құлқына, дүниетанымына және этикалық нормаларды сақтауына әсер етеді. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде негізгі құндылықтарды атап өтті:
* Тәуелсіздік және Отаншылдық
• Бірлік және Ынтымақ
• Әділдік және Жауапкершілік
• Заң және Тәртіп
• Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік
* Жасампаздық және Жаңашылдық Бұл құндылықтар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) негізіне айналады. 2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы осы бағдарламаның негізгі ережелеріне сәйкес ұйымдастырылатын бола ды. Әрбір құндылық оқу процесінде жүйелі түрде көрінеді. Әр ай тұлғаны қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қамтиды:
Тұрмысы төмен отбасылардан (ары қарай - ТТО) шыққан балаларға арналған «Цифрлық ұстаз» жобасы Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 659 Жарлығын орындау барысында ҚР Үкіметінің бастамасымен жүзеге асырылды.
«Цифрлық ұстаз» жобасы (бұдан әрі – жоба) тұрмысы төмен отбасылардан шыққан үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша қосымша сабақтар ұйымдастыруды көздейді.
Кафедрада мұғалімдері өздеріне бекітілген сағаттармен таныстырылды.
Қаулы:
Халықаралық тілдер кафедрасы «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік Нұсқаулық хатпен танысып, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жұмыс жүргізуде осы әдістемелік нұсқау хаттағы қолданыстағы заңнаманы сақтау, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (бұдан әрі-МЖМБС), Үлгілік оқу жоспарларын (ҮОЖ) және Үлггілік оқу бағдарламаларын (ҮОБ) жүзеге асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында басшылыққа алып, жұмыс жүргізілсін.
Хатшы: Назарова Л.
27.08.2024ж
#Біртұтас_тәрбие
#64_tarbie