ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ - БАСТЫ МІНДЕТ

Бүгінгі күні қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу болып табылады.

Мектептегі жасөспірімдермен кездесу және жоспар бойынша профилактикалық әңгімелер өткізу мектеп пен жергілікті полиция қызметінің бірлескен жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.

Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында №64 Ж. Аймауытов атындағы мектеп-гимназияда 2024 жылдың 28 ақпан күні мектеп инспекторы Ж.Орынбаевтың қатысуымен 10 сынып ұлдарымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу, топтық төбелесті болдырмау, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлық, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында тақырыптар кеңінен талқыланып, оқушылар құқық қорғау қызметкерлерін зор ықыласпен тыңдап, барлық қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды. Айтулы іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Домекова қорытындылады.


[media=
]