15
ноябрь
2023
Психологиялық көмек
«Құқықбұзушылықтың алдын -алу» және «Буллинг» , «Кибербуллингтің алдын-алу» тақырыбында өткізілген іс -шара.
Өткізілген орны: мектеп – гимназия АКТ залы
Өткізілген мерзімі: 15.11.2023ж
Форма: әңгіме, тренинг
Қатысқандар: 10-11 сынып оқушылары
ДТІЖ орынбасары: А.Домекова
Директордың у.м.а – А.Т.Абуова
Педагог – психолог: Р.М.Арзыкулова
Мектеп – инспекторы: Ж.Орынбаев
1. Кибербуллинг деген не?
2. Буллинг дегеніміз не?, Қандай белгілері болады ?
Мақсаты: Жас жеткіншектер арасында құқықбұзушылықтың, зорлық – зомбылықтың алдын алу.
Тыңдалды: Мектеп педагог – психологы: Р.М.Арзыкулова, - Кибербуллинг (электрондық кеңістікте қудалау, онлайн қатыгездік) – бұл өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі қуадалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі. Бұл смс-хабарламалар, әлеуметті желілер, абыройды төгетін веб-парақшалар ашу немесе қорлайтын, тіл тигізетін бейнеконтент жариялау арқылы, т.б. жолдармен жасалады.
Кибербуллинг ұғымын Крэйг пен Пеплер (Craig W. & Pepler D.J.) 1997 жылы алғашқылардың бірі болып сөз еткен. Онда Интернет-алаңдарда қудалау – оқушылар арасына көзбе-көз емес, технологияландырылған қудалау тәсілін жөн көретін агрессияға толы қудалау- жайттары сипатталған.
Кибербуллингтің салдары қандай?
Ойша – адам өзін көңілі қалғандай, қысылғандай, ақымақ болғандай, тіпті ашуланғандай сезінуі мүмкін.
Эмоциялық жағынан – адам ұялуы немесе сүйікті істеріне қызығушылығын жоғалтқанын сезінуі мүмкін.
Физикалық жағынан – шаршау (ұйқыдан айырылуы) немесе іш және бс ауыруы сияқты симптомдар болуы мүмкін.
Біреу өзіңді күлкіге айналдырып жатқанын немесе басқа адамдар өзіңді қуадалап жатқанын сезіну адамдарды осы мәселе жайлы жақ ашпауына немесе оны өз бетінше шешуге тырысуына апаруы ықтимал. Аса күрделі жағдайларда кибербуллинг тіпті адамдарды өз-өзіне қол салуына алып келуі мүмкін.
Кибербуллинг жағдайында досымызға қалай көмектесе аламыз?
Достарыңды тыңдау өте маңызды. Неге олар кибербуллинг туралы хабарлағысы келмейді? Өздерін қалай сезінеді? Оларға ресми түрде ештеңе хабарлау керек жоқ екенін, бірақ, көмектесе алатын адаммен сөйлесу қажет екенін түсіндіріңдер.
Естеріңде болсын, достарың өзін осал сезінуі мүмкін. Оған мейірімді болыңдар. Кімге және не айтуға болатынын ойластыруға көмектесіңдер. Егер хабарлауға бел буса, бірге баруды ұсыныңдар. Ең бастысы, есіне салыңдар, сендер оның жанындасыңдар және көмектескілерің келеді.
Егер достарың оқиға жайлы бәрібір айтқысы келмесе, өзі сенетін және сол оқиғаны реттеуге көмектесе алатын ересек адамды табуға көмектесіңдер. Естеріңде болсын, белгілі бір жағдайларда кибербуллинг салдары өмір үшін қауіпті болуы мүмкін
Буллинг дегеніміз не?, Қандай белгілері болады ? - біреуге физикалық немесе психоэмоционалды зиян келтіру мақсатымен қайталанатын агрессивті әрекеттер. Оған басыну, жәбірлеу, ұрып-соғу, елемеу, ақша бопсалау, затын бүлдіру, мазақтау секілді әрекеттер жатады.
Буллингтің әсері:
Баланың оқу үлгерімі нашарлайды. Әрдайым қысым көріп, стрессте жүрген бала сабаққа зейін салып тыңдай алмайды .
Баланың өзбағаланымы және өзіне сенімділігін түсіреді. Соның кесірінен бала өз күшіне, мүмкіндіктеріне сенбейді, тырыспайды.
Мектеп ортасы балаға қауіпті көріне бастайды. Бала түрлі себептермен жиі сабақтан қалуға тырысады.
Есте сақтаңдар!
Жала жабу (ҚР ҚҚ 130), тіл тигізу (ҚР ҚҚ 131) үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Кәмелетке толмағандардың әрекеттері үшін жауапқа тартылатындар:
- ата-аналары, заңды өкілдері (ӘҚБК 127 бабы);
- балалар орналастырылған мемлекеттік мекемелер (ӘҚБК 127-1 бабы)
Мектеп-гимназия инспектор- Ж.Орынбаев оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша кеңестер беріп. Түнгі сағат 10:00 кейін ата-анасынсыз далада жүрмеу керектігін, түнгі уақытта рейд жүргізілетіндігін, ұсьалған жағдайда ата-анасы жауапқа тартылатындығын атап көрсетті. Мектеп инспекторы
Сонымен қатар 8-11 сынып оқушылары арасында "Зорлық-зомбылықтың алдын-алу" бойынша гугул формада сауалнама жүргізілді.
Директордың у.м.а.А.Т.Абуова 10-11сынып оқушыларына құқықбұзушылықтан аулақ болуларына, және де орын алған жағдайда мектеп әкімшілігін хабардар етіп, достарына көмектесу керектігін айтып өтті.
Қорытынды:
1.Сынып сағаттарында құқықбұзушылық, буллинг, кибербуллингтің алдын-алу бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілсін.
#психология_шымкент_әдістемелікорталық







