20
ноябрь
2023
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА
Бүгінгі таңда балалардың қауіпсіздігі, олардың денсаулығы мен қорғалуы, әл-ауқаты, білімі мен әлеуметтік жағдайы – басты назарда. Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыретін дамыту мақсатында Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияда "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығы жұмыс жасауда.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы оқу жылының соңына дейін ата-аналарға ұлттық құндылықтарға негізделген сабақтарды да өткізеді.
Сонымен қатар жоба аясында «Даналық мектебі» клубы құрылды. Клуб мектептің нақты сұраныстарына сәйкес «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» секілді секцияларды ұйымдастыру арқылы ұлтымызға тән туыстық қарым-қатынастарды ұрпақ бойына сіңіруді мақсат етеді.
28.10.2023 ж. Ата- аналарды қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 1-4, 5-7, 8-11 сынып ата-аналарымен алғашқы түсіндірме сабақтары өткізілді. Тақырыптары: 1. 1-4 сыныптарда «Отбасы - бақыт бесігі»
2. 5 – 9 сыныптарда «Баланың бас ұстазы – ата-ана»
3. 10-11 сыныптарда «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу....» Мектеп-гимназия директоры Гульхан Сандыбаева Турсыметовна алғашқы сөз кезегін алып, "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" ашылудағы мақсаты, міндеттері туралы айтып, жылдық жоспарымен таныстырып өтті. Мектебімізде арнайы ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы кабинетінің салтанатты ашылуы болды. Директордың тәрбие ісі -жөніндегі орынбасары А. Домекова «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатын айтып, «Ұлттық мүдде»,«Ар-ұят», «Талап» құндылықтарына тоқталды.
