Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
10
октябрь
2022

Ізгіліктану кафедрасының жұмыстары

Бүгін мені оқушыларым өздерінің дарындылық қасиеттерімен рольдік ойынға түсе отырып таң қалдырды. 🤗🤗🤗
9 “ Б” сынып оқушылары “ Отбасының бұзылу шарттары мен қағидаттары” тақырыбында құқық негіздері пәнінен тереңірек үңілді. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі. Осы Кодекс неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Отбасы қоғамда өмірдің басты құндылықтарының бірі және бақытты өмір сүрудің шарты ретінде қабылданатынын біледі. Оның үстіне қоғамдық өмірдің тұрақтылығы немесе тұрақсыздығы, ұлт денсаулығы тікелей отбасының жағдайына байланысты екенін түсінеді. Оқушылар ерлі зайыптылардың некесі бұзылған жағдайда, ортадағы баланы заңдастыру жолдарын да көрсете білді. 
Оқушылар бұзылған отбасының, Отбасылық-некелік қатынастарды реттеп отыратын құқықтық нормалардың жиынтығы “отбасы құқығы” деп аталады. 2011 жылы 26 желтоқсанда қабылданған ҚР “Неке және отбасы” туралы Кодексі отбасылық-некелік қатынастарды реттеп отырады.
      Отбасындағы қатынастардың бәрі құқық арқылы реттелмейді.
Отбасындағы қатынастар, негізінен, өзара сыйластық, махаббат, бір-біріне қамқорлық моральдық қолдау көрсету сияқты әдептілік ережелеріне негізделіп реттеледі. Көбінесе отбасылық өмір салты ұлттық дәстүрлер мен әдет ғұрыптарға сүйенеді.
   Отбасының ішкі мәселелері, егер бұл мәселелер олардың мүддесін көздейтін болса, кәмелетке толмаған балаларды да қоса отырып, отбасы мүшелерінің өзара келісімі арқылы шешіледі. Отбасылық қатынастар бұзылған кезде ғана құқықтық ережелердің араласы қажеттілігі туындайтынын көрсетті.
    Отбасылық мүліктік қатынастарды азаматтық құқық реттейді, ойткені аталған қатынас объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасы құқығы азаматтық құқықпен тығыз байланысты екенін атап айтты. Рольдік ойында барлық тараптардың арыз шағымдарында барлық мәселелер заңмен қарастырылды.
Отбасы құқығы қағидаттарына:
-ер мен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
-отбасындағы ерлі-зайыптылардың теңдігі;
-отбасы істеріне әлдекімнің өздігінен араласуына жол бермеу;
-отбасының ішкі мәселелеріне өзара келісім арқылы шешу;
-балалардың отбасында тәрбиеленуіне, олардың дамуы мен жағдайының жақсы болуына басымдық беру;
-отбасының еңбекке қабілетсіз және жасы келген, кәмелет жасына толмаған мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау;
-отбасы мүшелерінің өз құқығын еш кедергісіз жүзеге асыру, құқықтарын сот арқылы қорғау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
-барлық отбасы мүшелерінің денсаулығын сақтау ісінде қолдау көрсету жатады.
Отбасы құқығы шартты түрде отбасылық деп аталатын басқа да қатынастарды реттеп отырады. Мысалы, әжелер мен немерелер арасындағы қатынас;
кәмелет жасына жеткен, өздері отбасын құрған және бөлек тұратын ағалар мен қарындастар арасындағы қатынас. Көрсетілген қатынастардың негізі көбінесе туысқандық қатынас болғандықтан, мұндай қатынастар “туысқандық қатынастар” деп аталады. Туысқандықтың екі тармағы ерекшеленеді: тікелей немсе жанама. Тікелей тармағы бір-бірінен тарау негізінде болады. Туысқандықтың жоғарғы сызығы мен төменгі сызығын бөліп көрсетеді. Туысқандықтың жоғары сызығы ұрпақтарынан ата-бабасына қарай, төменгі сызығы- атасынан ұрпағына қарай жүреді.
    Туыстық- бір-бірінен немесе бір атадан тараған тұлғалардың қандвқ байланысы. Қазқ халқында жеті атаға дейін туыс болып саналады.
   Отбасын құру негізі неке болып табылады. Қазақстанда неке мемлекеттік органдарда тіркелуі керек екендігі бәрімізге мәлім.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив