Коучинг-сессия мақсаты:

Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге LS әдісін ұсыну.

Сабақты зерттеуді қалай пайдалануға болатынын көрсету.
Коучинг-сессия міндеті:

LS әдісінің өзіндік ерекшеліктерін ұғыну.

LS әдісінің тиімділігіне көз жеткізу.
Күтілетін нәтиже:

Мұғалімдер әріптестерімен ынтымақтастық орнатады.

Мұғалімдер сабақты зерттегенде әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады.

Мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады.
Ресурстар:

АКТ, “banucandy”тәттілері,плакат,маркер.

Сабақ соңында кері байланыс “БББ” әдісімен ауызша алынды.


