12
декабрь
2022
ДОЖЖ орынбасары Беркимбаева Лаззаттың ұйымдастырылуымен 2-ауысымында "LESSON STUDY" өткізілді
Ж.Аймауытов атындағы 64 мектеп-гимназиясының 2-ауысымында "LESSON STUDY" зерттеу әдісі бойынша
Беркинбаева Л
Бердібаева А
Тулендиева Б
Мусирова Б
Сеңгірбаева Ә
Тәжібекова Д
Елемесова Б
Ералиева С
Наурызбаева К
Бердимуратова А
Алтыбаева Э
Амирова М
Көш басшыларының ұйымдасуымен құрылған топ мүшелері
5 "Д" сыныбына қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі,тарих, математика, жаратылыстану т.б негізгі пәндерден бірнеше зерттеу сабақтарын өткізді.
"LESSON STUDY" зерттеу сабақтары- даму мен ілгерлендірудің формуласы.
"LESSON STUDY" әдісі - әріптестермен бірігіп,сабақ жоспарын құру, зерттеу сабағын талқылау, сабақ жоспарын талқылау, зерттеу сабақтарын өткізу.
Мақсаты: Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study әдісін ұсыну. Тәжірибені жетілдіру ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын көрсету.
Міндеттері:
Lesson stady әдісінің өзіндік ерекшелігін ұғыну.
v Lesson stady әдісінің тиімділігіне көз жеткізу
Бір- бірінің пікірін, көзқарасын құрметтеуге, өзара ұжымдық әрекетке бейімдеу.
Күтілетін нәтиже:
Мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және онын сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестермен ынтымақтастық орнатады;
v Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді, мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады;
Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады.
Түйінді идеялар:
Lesson Study-сыныпты зерттеу нысандарының бірі. Мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған.
v Lesson Study-мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі.
Lesson Study – оқу сапасын арттыруды көздеген тәжірибені жақсарту үшін демократиялық тәсіл.
07.12.2022 күні 5 "Д" сынбына қазақ тілі пәнінен " Балалық шақ" тақырыбында
3 -зерттеу сабағы өтілді.Сабаққа "Lesson Study" зерттеу тобы қатысты. Сабақта топтық, жеке, деңгейлі тапсырмалар берілді."Ой шақыру", "Ой бөліс", Нағыз балалық шақ қандай болу керек", "1 минут", "Бас бармақ" т.б әдіс-тәсілдер пайдаланылды.Балалар сабаққа белсене қатысты әрі қызықты өтті. Сабақ өз мақсатына жетті.



