Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
22
февраль
2022

Әдістемелік семинар

1. 27 тамыз 2021 ж.№64 Ж. Аймауытов атындағы мектеп-гимназиямәжіліс залында «Білім алушылармен жұмысты ұйымдастыру, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» мақсатында дөңгелек үстел  өтті. Онда: 

1.жалпы ережемен                                                                                                                                 

 2. Оқу-әдістемекліәк жұмыстың мазмұнымен таныстырылды.«Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» айтылды.
  Ә
дістемелік нұсқау хаттың мазмұны еліміздің педагогикалық сарапшылар қауымдастығымен талқыланды. Білім беру ұйымдарындағы оқу процесі екінші жыл пандемия жағдайында өтуде. Шектеу шараларына байланысты оқушылардың білімінде туындаған олқылықтардың орнын толықтыру өзекті міндетке айналды. Әрбір педагогке шәкірттерінің білімін толықтыру бойынша арнайы жұмысты ойластыру және тиімді жүргізу қажет болып отыр. Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» мен «Букварь» пәндерінің қайтарылуы. Бұл идея былтырғы тамыз конференциясында айтылған болатын. Бірінші қыркүйек күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде «Әліппе» және «Букварь» оқулықтары табыс етіледі. Мұғалімнің жүктемесі 18-ден 16 сағатқа азайтылды. Сабақ ұзақтығы 45 минутқа қайтарылды. Білім алушылардың оқу жүктемесі төмендетілді. Білім беру ұйымдарына қысқартылған оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарларын таңдау мүмкіндігі артты. Өткен оқу жылында оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу жоспарларымен жеті жүз мектеп жұмыс жүргізіп, тәжірибе жинақтады. Осылайша мектептердің академиялық таңдау еркіндігі артты. «Жаһандық құзыреттіліктер» таңдау курсын енгізуоқушыларымыздың бойында қазіргі қоғамның талаптарына сай білім мен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Биылғы оқу жылында еліміздің мектептері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, ағартушы-ұстазымыз Ы.Алтынсариннің 180 жылдығынатап өтеді. Көрнекті педагогтің мұралары мен өсиеттері бүгінгі күнге дейін құндылығын жоғалтпады. Күнде таңертеңгісін сабақ басталар алдында мектеп директорының оқушыларды қарсы алатын жақсы дәстүрі ұсынылып отыр. Ең басты міндеттеріміздің бірі – оқушының білім алуы мен дамып-өсуіне қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау. Құрметті ұстаздар! Бұл Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 оқу жылында Сіздердің сенімді де ең қажетті көмекші құралдарыңыз болатыны айтылды.
  
2. 16 қыркүйек 2021 ж.№64 Ж. Аймауытов атындағы мектеп-гимназияда«Критериалды бағалау жүйесін енгізуге арналған іс-шараға жоспарымен таныстыру» мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналыста сонымен қатар: 1. Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесімен таныстыру. 2. Критериалды бағалау құралдарыментаныстырутақырыптары қаралды. Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларын дамыту дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Әр сабақ оқу мақсаттарын айту/көрсету мен оған жетудің критерийлерін таныстырудан басталуы керек. Білім алушы қойылған оқыту мақсаттарын түсінуге, оны ой елегінен өткізіп, оған қалай жету керектігін білуі қажет.Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін оқу материалын қалай игергенін, практикалық дағды қалай қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік беретін, нақты анықталған, алдынала танылған критерийлермен салыстыруға негізделген.Әрбір білім алушы дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, бұрынғы жетістіктерімен салыстырғанда оның жетістіктерінің динамикасын да атап өту маңызды. Бағалау жүйесі ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қарастырады. Білім алушылардың ата-аналарына бағалау жүйесінің мақсаты мен негізгі принциптері таныстырылуы керектігі айтылды. 

3. 20 қыркүйек2021 ж.№64 Ж. Аймауытов атындағы мектеп-гимназия мәжіліс залында «Критериалды бағалау» тақырыбында семинар өтті Қаралған мәселелер:                                                          

 1. Критериалды бағалау.

2. Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты.

3. Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері.

4. Жиынтық бағалау,қалыптастырушы бағалау.

5. Критериалды бағалаудың қағидаттары.

Осы мәселелер аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

4. 27 қыркүйек 2021ж.№64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясының мәжіліс залында  оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау туралы  жиналыс болды. 1. Критериалды бағалау оқушыға арналған ақпаратпен таныстыру.2.Критериалды бағалаумен таныстыру.3.Кері байланыс туралы ақпарат берілді. 

1-мәселе-бойынша критериалды бағалау оқушыға арналған ақпаратпен таныстыру.Мектеп жаңаша оқыту,басқаша бағалау түріне көшті.Ең алдымен оқушы мұғалім нені талап етіп отырғанын білу үшін әуелі критерийлерді оқып алу керек.Бәріміз келісеміз бе,біз барлығымыз бірге шешім қабылдауымыз қажет.Берілген критерий бойынша тапсырманы орындау керек.Топпен,жұппен жәнеде өз бетінше жұмыстар орындайды.Оқушылар өздерін, сыныптастарын жиі бағалай бастайды.Ал мұғалім оларға жиі көмек беріп отырады.Оқушыларға мұғалім баға қоймайды,оның орнына қалай дұрыс орындау керектігін айтады.Мұндай бағалау қалыптастырушы бағалау деп аталады. Осының нәтижесінде мен нені түзету және қайталауым керек деген ой болады.

2-мәселе.Критериалды бағалау-қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау болып табылады. 

Қалыптастырушы бағалау.

-сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізіледі.

-оқушы үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады.

-сабақ барысында мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнатады.

-мұғалім,ата-ана,оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді.

-білім беру үдерісін жетілдіруге мүмкіндік береді. Оқушы мен мұғалім өз нәтижесін талқылай алады.Талқылау кезінде мұғалім оқушының жіберген қателіктерін қалай жөндеуге болатыны туралы ұсыныстарын айтады,кері байланыс айтатыны туралы айтылды. 

5. 25 қазан  2021 ж.№64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясының мәжіліс залында  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы  16 қыркүйектегі №472 бұйрығын талқылау  вебинары өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығы ҚР Әділет министрлігінде 2021 жылғы қыркүйекте №24429 болып тіркелді.                                                                                       -Осы бұйрық негізінде тоқсандық қорытынды бойынша: автоматтандырылған ақпараттық жүйеден автоматты түрде жасалатын және бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері бойынша талдау жүргізіледі (қағаз немесе электрондық word немесе pdf формфтында);. Демек тоқсан бойы алынатын БЖБ, тоқсан соңында алынатын ТЖБ талдауы тоқсан соңында жасалынып, өткізіледі (электронды журнал бойынша).  БЖБ, ТЖБ нәтижелерін талдау осы бұйрықтағы үлгі бойынша толтырылады. Онда БЖБ, ТЖБ талдауы деп пайыздық мазмұны шығарылады, әрбір БЖБ, ТЖБ қол жеткізген мақсаттары, қиындық тудырған мақсаттары жазылады. -Сынып журналы  –әрбір педагог жүргізуге міндетті болып табылатын қатаң құжат, білім беру ұйымы электронды жүйеге көшкенде, электронды форматта толтырылады. Сынып журналын сынып жетекшісі толтырып береді.    -Дене шынықтыру дайындығынан Президенттік тест тапсыру мәліметі туралы мәлімет (5,10 және 11- сыныптарда дене тәрбиесі пәнінің педагогы толтырады) Пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік- тақырыптық) жоспар №472 бұйрық негізінді жасалу керектігі айтылып, слайд көрсетілді.                          

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив