27
январь
2024
18.01.2024 ж.«Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында ДОЖЖ орынбасары Л. Беркимбаеваның ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалі
Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияда орта буын сыныптары мұғалімдерінен құрылған зерттеу топтары мүшелерінің қатысуымен 18.01.2024 ж.«Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында ДОЖЖ орынбасары Л. Беркимбаеваның ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері К. Наурызбаева, К. Сартаева коучинг өтті. Коучингтың мақсаты: Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануға ықпал ету. Күтілетін нәтиже: Мұғалім өз тәжірибесінде тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Түйінді идеялар: Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімдісін анықтай отырып, тізбектелген сабақты бірлесіп жоспарлау. Ресурстар: АКТ, бейнежазба, маркер,үлестірме материалдар, стикерлер, тапсырмалар. Коучинк барысында Әдіс - адам баласының өз қызметінің белгілі салаларында қолданылатын әр түрлі амал, тәсіл, айласы екені атап өтілді. Осыған орай ойшыл, ғұлама, педагог Ы.Алтынсарин: "Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе - ең жақсы оқыту әдістерін таба білу" десе, Ә.Бөкейханов "Халық ісінің орнын салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек" - деп айтып өткендей әдіс- тәсілдерді тиімді қолдану сабақтың сапасын, тиімділігін одан әрі арттырады, оқушының қызығушылығын тудырады.Мұғалім іздену арқылы өз тәжірибесінде әдіс- тәсілдерді оқушылардың қарым-қабілетіне қарай іріктеп қолданады. Егер "Мақсатыңыз қолжетімсіз екеніне көзіңіз жеткен кезде мақсатыңызды емес, әдісіңізді ауыстырыңыз" - деп Конфуций айтқандай заман талабына сай әр ұстаз өз тәжірибесінде әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланғаны абзал. Коуч барысында "Хабарлама", "Өзен", "Таяқшалар", "Стикер сөйлейді", "Жүзіп шығу" әдістерінің қолдану барысы туралы түсіндірілді.
Коучинг өте әсерлі, жаңа идеяларға толы болды.


