Мектеп-гимназиядағы №24 кабинет ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына сәйкес (ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023жылғы №193 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) жабдықталған. Кабинетте ашық және жабық сөрелері бар шкаф, маркермен және бормен жазылатын бес элементті ұүрама тақта, шынтақшалары бар айналатын кресло, плакаттарға арналған аласа шкафпен, 25 оқушыға арналған үстелдермен жабдықталған. Кабинетте оқытудың техникалық құралдары түгел. , интерактивті панель мен көп функциялы құрылғы , акустикалық жүйе, желілік фильтр бар. Сонымен қатар кабинетте сабақта пайдаланатын түрлі датчиктер, сандық зертханалағы эксперименттері жазылған кітап та бар. Сонымен қатар кабинетте әлемнің және аймақтардың қағаз карталары, Қазақстан Республикасының қағаз карталары, демонстрациялық үлгілері, жұлдызлы аспан глобусы, жер глобусы, ай глобусы, марс глобусы және т.б. жинақталған. Табиғи коллекциялар "минералдар мен тау жыныстары", "пайдалы қазбалар" коллекциясы сабақ кезінде оқушыларға көрсетіледі, Ал аспаптар мен керек жарақтар: барометр-анероид, г.игрометр, электрондық қашықтық өлшеуіш, мектеп компасы, курвиметр, өлшеуіш таспалар, ең жоғарғы және ең төменгі мәндерді тіркейтін термометр, сейсмограф ұлгісі флюгерт.б электрондық оқу басылымдарының жинағы , пластик негіздегі қабырға стендтерінің жиыны әр сабақта оқушының дүниетанымын арттыру үшін, әлем туралы ақпаратты қабылдау үшін жиі қолданылады. Оқушының қауіпсіздігін қаматасыз ету үшін дәрі қобдишасы да кабинетте бар. Ал сабақта қосымша қажет маркерлер, борлар, магнит пен А4 қағаздары қолжетімді. |