Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
18
июнь
2024

Бастауыш сынып кабинеттері №13, №20 кабинет

                     Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияда ҚР Білім және ғылым министрінің                                                     2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына  сәйкес                                                  (ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023жылғы №193 бұйрығымен өзгерістер енгізілген)                     жабдықталған бастауыш сынып кабинеті №20

Кабинет 
Құжаты 
Бейнеролик
Жауапты мұғалім 
 
1
№20 Бастауыш сынып кабинеті 
Компьютерная Иконка Информационная Компания Бизнес Документ ...youtube иконки. Скачать бесплатно иконки youtube
Арисланова С.Э.
2№ 13  Бастауыш сынып кабинеті

Компьютерная Иконка Информационная Компания Бизнес Документ ...

youtube иконки. Скачать бесплатно иконки youtube
Жайсанбаева А.
      Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияда 22 бастауыш сынып кабинеті бар. Мектеп-гимназияда барлық кабинеттер ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығымен  (ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023жылғы №193 бұйрығымен өзгерістер енгізілген)  бекітілген құралдармен жабдықталған. Мысалы, №20 бастауыш сынып кабинеті  ІІІ қабатта орналасқан. Кабинет жарық, кең, 4 терезелі. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №76 бұйрығы  "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары талаптарына сәйкес көрсетілгендей бір білім алушыға шаққанда 2,5 шаршы метр көзделген. Кабинеттегі еденнің беті тегіс, саңылаусыз, ақаусыз және механикалық зақымданбаған . Мектепте  оқу жиhазын іріктеп алуды білім алушылардың бойына сәйкес жүргізілген. Оқу жиһазының өлшемдері осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келеді. Сонымен қатар №20 бастауыш сынып кабинетінде  биіктігі бойынша реттелетін 25 оқушы орындығы, демонстрациялық үстел ден басқа №70 бұйрықта көрсетілген құрал-жабдықтармен түгел қамтамасыз етілген. Интерактивті панель жаңа білімді меңгерту үшін қолданылса, таратпа материалдарын дайындау үшін  компьютер мен принтер пайдаланылады. Бастауыш сынып оқушыларына арналған көркем әдебиеттер жиынтығы, электронды кестелер жиынтығы, тақырыптық постерлер, үлестірмелі геометриялық фигуралар жиынтығыда әр сабақта қолданылады. "Көркем жазу", "Әліпби", "Таза жазу, Алфавит" А-2  нысан демонстрациялық кестелері баланы ана тілі , қазақ тілі сабақтарында көркем жазуғ,а дағдыландыру үшін пайдаланылады. Ал математика пәні бойынша анықтамалық кестелер 10 және 20 аралығындағы сандардықосу және азайтуды үйретуге арналған оқу құралдары да кабинетте жинақталған. Тақтаға арналған маркерлер мен магниттер,  өшіргіш губкалар, сынып тақтасына арналған 5 заттан тұратын сызу құралдарының жиынтығы да әр кабинетте бар. Бастауыш сынып кабинетінде интерактивті тақтадан бөлек  беті торға және сызыққа сызылған маркермен және бормен жазылатын құрама тақта да орнатылған. Ол тақта бастауыш сынып оқушыларының көркем де түзу жазуының қалыптасуына көмектеседі. Жалпы бастауыш сынып кабинетінде бастауыш сынып оқушылары үшін қажетті құралдардың барлығы бар, талапқа сәйкес орнатылған.