Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
» » » "Ізгіліктану" кафедрасының 2023-2024 оқу жылының жұмысесебі жоспары
07
июнь
2024

"Ізгіліктану" кафедрасының 2023-2024 оқу жылының жұмысесебі жоспары

Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназияның Ізгіліктану кафедрасының 2023-2024 оқу жылындағы жұмысының тақырыбы: «Білім сапасын арттыруда инновациялық әдіс-тәсілдерді оқу үдерісіне енгізе отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу».
Мақсаты: 1. Мектеп –гимназия өміріне белсене қатысу.
2. Дарынды оқушыларды анықтау.
3.Жаңа технологияны қолдана отырып мұғалімнің шеберлігін арттыру.
4.Сабақтарды түрлендіре, қызықтыра өту, сапалы білім беру.
Міндеті: 1.Келешек ұрпақтың еркін дамуын жан-жақты білім алуын белсенді шығармашыл болуын талап ету.
2.Мұғалім мен шәкірт арасындағы жаңашыл қарым-қатынас орнату,орындаушылық стилден баланы дара тұлға деп қарап онымен ынтымақтастықты құру.
3.Оқыту мазмұнын түрін, әдісін таңдай білу.
4.Кабинеттерді жабдықтап, көрнекілікпен толықтыру.
5.Оқушылар творчествасымен жетілдіру, сынып арқылы көрмелер, сайыстар өткізу.
6.Шебер мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау
7.Жаңа технологияны оқып үйрену, сабақта пайдалану.
    Ізгіліктану кафедрасында тарих және география пәнінен сабақ беретін 16 мұғалім бар. Олардың санаттары туралы мәлімет:
«Педагог зерттеуші»  -11 
«Педагог-сарапшы» 2 
«Модератор»- 1, 
бірінші санатты- 1, 
санатсыз-1. 
Кафедрадағы мұғалімдердің барлығы жоғары білімді. Кафедра мұғалімдері мектебімізде болған іс-шараларға қатысып, өз үлестерін қосып отырды. Курс бойынша барлық мұғалімдер жаңартылған білім мазмұны бойынша Қазақстан тарих пәнінен курстан өтті. 
Тамыз айының жоспарына сәйкес жаңа 2023-2024 оқу жылына бірлестіктің жоспарын бекіту.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығымен бекітілген, 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (төмендетілген оқу жүктемесімен) тиісті білім беру деңгейіндегі оқу жүктемесінің ерекшеліктерін қамтиды, оның ішінде: жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері» (10-11 сыныптар) пәндері оқытылады. Аталған оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы (ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365 ,30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен бұйрықтың 1-3, 11-15 (1-4 сыныптар) қосымшаларында, 6-8, 16-20 (5-9 сыныптар) қосымшаларында, 21-30, 85-90 (10-
11 сыныптар) қосымшаларында берілген. 
Мұғалімдердің күнтізбелік жоспарлары  осы көрсетілген бұйрық негізінде тексеріліп бекітілді.
1.Мұғалімдерінің іс-қағаздарын қабылдау.
2.Тереңдетілген сыныптардың жоспарын талқылау. Мұғалімдердің жүктемелерін бекіту.
3.Оқу кабинеттерін жабдықталуын анықтау. Мектептің іс-шараларына қатысу. Тарих пәні бойынша 25-27 кабинет, география пәні бойынша 24 кабинет бөлінген. 25-27 кабинет ақылы кабинеттер. 25 кабинетке жауапты Амирова Меруерт. 27 кабинетке жауапты Елемесова Баян. 24 кабинетке жауапты Кулаева Жадра. 50 кабинет Құқық негіздері кабинет. Ол кабинетке жауапты Жолдыбаев Нұрлыбек. 53 тарих кабинеті жауапты Ж.Абдикулова.  Осы кабинеттің тазалығына және безендіру осы жауапты мұғалімдер болады. Кафедра мұғалімдері мектептегі болып жатқан іс-шараларға қатысып отыру қажет. Және берілген тапсырмаларды уақытында орындау мұғалімдерге жүктелді.

















































Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив