«Балдәурен» алаңшасындағы қолөнер үйірмесінің 11.06.24ж. Күні «Күншуақ» тобында тақырыбы: "Қағазбен жұмыс- оригами" практикалық жұмыс
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы Шымкент қаласының білім басқармасының 20.05.2024ж. №225 хатын негізге ала отырып, ҚР Оқу ағарту министрінің "2024-2026 жылдарына арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын тиімді пайдалану" мақсатында ұйымдастырылуына сәйкес мектеп жанынан ашылған «Балдәурен» алаңшасындағы қолөнер үйірмесінің жүргізілген жұмысының анықтамасы
11.06.24ж. Күні «Күншуақ» тобында тақырыбы: "Қағазбен жұмыс- оригами" практикалық жұмыс жасалды. Мақсат: Балалардың қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып, дидактикалық ойын түрінде көзілдірікті қағаздан қиып жасау жолдарымен таныстыру. Жұмысты ұқыпты жасауға, өздеріне қажетті бұйымды жасап үйренеді.
Балалар бүгін біз қағаздан оригами әдісін қоладана отырып, көзілдірік жасаймыз.
Оригами (жапонша “бүктелген қағаз”) – ежелден келе жатқан қағаздан әр түрлі пішіндер жасау өнері. Бұл қолөнер түрі қағаздың алғашқы отаны, қағаздың алғаш шыққан жері-Қытай мемлекетінен бастау алады. Негізінде оригами үшін кез келген қағазды қолдана берсе болады. Алайда, қағаздың бүктелу барысы мен соңғы шыққан пішіні қағазға өте байланысты болады. Қарапайым "ақ тырна", "кітап", “гүлдер”, “бақа” т.б. сияқты пішіндерді жинау үшін қарапайым қағазды қолданса болады. Ал, одан ауырлау қағаз түрлері сулы қағаздарды бүктеу техниксында қолданылады. Жапонияда оригами үшін арнайы қағаздар сатылады. Олар көбіне дайын кесілген шаршы ретінде (2.5-25см) сатылады. Олардың бір жақ беті ақ, ал бір жақ беті түст болып келеді. Кейде, арнайы өрнектермен өрнектелген, я бір түсті, немесе алуан түстілері кездеседі. Оригамиге арналған қағаз-ками (жап. қағаз)деп аталады. Ол қарапайым қағазға қарағанды жеңілдеу болып келеді.
Күншуақ тобындағы оқушылар өздері түрлі-түсті қағаздан көзілдірік жасап, қуанып көздеріне тағып көріп бір-бірінмен қуанып қалды.
Қолөнер үйірме жетекшісі: Жусупбекова Ф.А.
Топ тәрбиешілері: Запар С. Муратова А.