Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
» » » Ж.Аймауытов атындағы 64 мектеп-гимназияның 1-сыныптардан құрылған “Болашақ ” тобында жоспарланған қолөнер үйірмесінде мүсіндеме жасау.
31
май
2024

Ж.Аймауытов атындағы 64 мектеп-гимназияның 1-сыныптардан құрылған “Болашақ ” тобында жоспарланған қолөнер үйірмесінде мүсіндеме жасау.

     31.05.2024жыл Шымкент қаласының білім басқармасының 20.05.2024ж.

 №225 хатын негізге ала отырып, ҚР Оқу ағарту министрінің "2024-2026 жылдарына арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын жұмыспен айналысуын" ұйымдастыруына сәйкес Ж.Аймауытов атындағы 64 мектеп-гимназияның 1-сыныптардан құрылған “Болашақ ” тобында жоспарланған қолөнер үйірмесінде мүсіндеме жасау. 

Мақсаты: Оқушылардың мүсін өнері туралы түсініктерін кеңейту.
 
-Мүсін өнерінің айырықша туындыларын көрсете отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
 
-сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.

    Мүсін – ең ежелгі өнерлердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Үнді, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнерін скульптура дейді. Ол латынның «Sculpere» – «қашау» деген сөзінен шыққан. Әр өнердің төңірегіміздегі дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін тілі бар. Сурет өнерінің тілі – бояулар. Сурет­шілер сол арқылы бояу әлемінің сұлу­лығын ашады. Мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды, не саздан жасайды. Ол өз ойын картинадағыдай тек бір жазықтықта кескіндемей, кеңістікте жан-жағынан бірдей көрінетіндей қылып, толық мүсіндейді. 

Мүсіндеудің түрлері: 1. жұмыр мүсіндеу 2. рельеф(бедерлі) Жұмыр мүсінді барлық жағынан қарауға болады.
 
Мүсіншілер өздерінің шығармаларын жасау барысында адам мен жануарлардың мүсіндерін жан - жақты қарап отырып сомдайды.

Ермексазбен жұмыс істеу техникасының ерекшеліктерін түсінді.
 
Техника қауіпсіздігін айту. қамырмен, ермексазбен жұмыс істеу кезіндегі

І топ. «Құстарды мүсіндейміз.»

2. Құстар туралы әңгіме. сұрақ - жауап алынды
 
ІІ топ.– Жануарларды бейнелейтін мүсінші. (Анималист мүсінші)
 
3. Мүсін өнері. Жануарларды бейнелейтін жанр қалай аталады?

4. Мүсін өнерінің тарихы туралы не айтасың. Мүсін нешеге бөлінеді?

5.Жұмыр мүсін дегеніміз не?  Бедерлі мүсін ше?

Балаларға сұрақтар қойылып оған  жауаптары тыңдалды.

Оқушылардың үйірме сабағында жасаған бұйымдары мен шығармашылығын насихаттау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және шығармашылық ой-өрісін дамыту мақсатындағы бұл үйірменің балаларға үйретері көп-ақ.


Қолөнер үйірме жетекшілері: Жусупбекова Ф.А.  Айтжан Т.Қ. 

#64_tarbie

#біртұтас_тәрбие

#жазғы_лагерь

#балдәурен

#lager.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив