03
март
2024
Ашық сабақ
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп- гимназиясының 3”Ә” сыныбында 27.02.2024ж. күні “Бағалау- білім сапасын арттыру құралы” атты онкүндік аясында әдебиеттік оқу пәнінен Асылзат Жайсанбаева “Халық ұстазы“ тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында сабақта түрлі белсенді әдіс-тәсілдер жүргізілді.Оқушылар жеке, жұптаса, топтаса отырып белсенді түрде жұмыс жасады. Мұғалім сабағында ”flippity”платформасы пайдалана отырып оқушыларды топқа бөлді. "spinthewell” платформасы арқылы үй тапсырмасын пысықтауда оқушылардың қызығушылығын оята білді. Заманауи әдіс-тәсілдің бірі «Fеstisite Spiral» әдісі. Дөңгелете оқу әдісі Асылзат мұғалімнің сабағын көрініс тапты. Мәтінді айналдыра / спиральді/ оқыту әдісі-ең тиімді жаңашыл әдіс. Балалар спиральді мәтінді оқу кезінде шапшаңдықпен, қызығушылықпен және ептілікпен оқыды. Олай оқыған баланың есінде мәтін түсінікті түрде қалады және ынтасын арттыратыны сөзсіз."Ашық микрофон " әдісінде оқушылар жұпсаса жұмыс жасап,бір-бірінен мәтін бойынша сұхбат алды. Саймон Браунхилл бойынша, оқушы жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыланған. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айта білді. Сабақтың қорытынды бөлімінде мұғалім"Ақылды доп» әдісін қолданды.Оқушылар сабақта алған білімдерін тексеру мақсатында сұрақтарға жауап берді.Әр тапсырманың дескрипторы бойынша оқушылар бағалау парақшасына балл қойып,соңында нәтижесін шығарды. «Тау шыңы»әдісімен оқушылардан кері байланыс алынды.Тәжірибе алмасу мақсатында сабаққа қатысқан мұғалімдер оң пікірлерін айтып кетті.
#білімсапасыбастауыш_64
#білімсапасыбастауыш_64
