Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
27
май
2023

3"Г "сынып жетекшісі Телгозиева Гулнараның жылдық есебі

   №64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясының   2022-2023 оқу жылындағы бастауыш сынып мұғалімі   Телгозиева Гулнараның атқарған 

жұмыстарының есебі



Ж.Аймауытов атындағы №64мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Телгозиева Гулнара 2022-2023 оқу жылында бірнеше курстардан өттім. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты: «Бастауыш білім беру жағдайында 4К моделін жүзеге асыруда психологиялық-педагогикалық жағдай жасау» бастауыш сынып мұғалімдері үшін 07.11-18.11.2022ж аралығында 80 сағаттық курсын аяқтадым.Берілген күні 18.11.2022 жыл №0619722  Дәріс берген кураторым Азбердиева Нағима.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының «Барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру» мақсатын жүзеге асыру аясында «Инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы» тақырыбында өткізілген 80 сағаттық біліктілікті артыру курсына қатыстым.Берілген күні 04.04.2023жыл.Тіркеу №2829 Алматы қаласы.


«Цифрлық  сауаттылық   негіздері  және   ААЖ-да   жұмыс  істеу  Kundelik.kz   ҚР  жалпы  білім   беретін  мектептерінің  мұғалімдері   үшін» тақырыбы  бойынша  72   сағат  көлемінде   біліктілікті   арттыру  онлайн -  курстарынан   өттім.Берілген күні  14.04.23 жыл.Тіркеу №275515


«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму  институтынан:Мемлекетіміздің рухани әлеуетін рығайту мен білім бері сапасын арттыру саясатын жүзеге кәсіби жаіашылдықғы,үздіксіз іздемпаздықты және жоғары нәтижелері үшін мадақтама.Тіркеу №5720


2022-2023 оқу жылындағы бекітілген сағат жүктемесі  17 сағат болды.  Бекітілген күнтізбелік жоспардағы тақырыптар толық меңгеріліп, уақытында орындалды. Сыныпта 19 оқушы. Ұл 13, қыз 6. Сыныпта 5 үздік оқушы бар, оның 6  екпінді, қалғаны қанағаттанарлық деген бағада . Үлгерімі төмен 3 оқушы бар.Оның біреуі инклюзив оқушы. Олармен қосыша жұмыстар жүргізілуде. Сынып оқушылары  ұйымшыл, тату. БЖБ және ТЖБ  жұмыстарының кестесі құрылып, әр пәннен  БЖБ және ТЖБ   жұмыстары түзілді. Әр тоқсандағы БЖБ және ТЖБ  қорытындысы алынып, білім сапасының мониторингі шығарылды.Сыныпта түрлі тақырыптарда тәрбие сағаттары жүргізілді.


14.10.2022ж «Ашық есік» күні өтті.  Ата-аналар:   Абдимауленова Гульмира,Ташкенбаева Асия қатысты. Әдебиеттік оқудан  «Досқа көмек» тақырыбында өткен сабақта оқушылар үй жұмысына  жақсы дайындалған, берілген тапсырмалар, әдіс-тәсілдер ұтымды болды, оқушылар белсенді, оқуға деген қызығушылықтарын көрсете білді. Ата-аналар тарапынан өте жақсы деген баға берілді. Оқушылардың ынтасы, тапсырманы орындауда белсенді, топтық, жұптық жұмыстарда қызығушылықтарының өте жақсы екенін айтты. Мұғалімге рақмет айтып, мектептің ішкі жұмыстарына ризашылықтарын білдірді.

13.02-25.02.2023жылы бастауыштың онкүндік апталығы болып өтті.Апталықтың тақырыбы “ Ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып,бастауыш сынып оқушыларының ойлау дағдысын дамыту“.            3 “Г”сыныбына  әдебиеттік оқу пәнінен “Алғашқы ұстаз “тақырыбында ашық сабақ өттім.Сабақта қазақтың ұлттық ойынды асық атуды пайдалана отырып,оқушылар жаңа білімді топпен,жұмыс жасай отырып меңгере алды.

"Тәуелсіздік-ата бабам аңсаған " атты тәрбие сағаты өтілді.Өз елін,жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу."Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ "тақырыбында  тәрбие сағаты өтілді.Бойларындағы адами қасиеттерін сақтауға,әдепті,тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу."Менің Республикам "тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.Отанға,туған жерге,елге деген ыстық лебіздерін жеткізе білді."Ана-өмірдің шуағы "тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.Ана-ұлы адам,Ана-құдіретті жан екендігін меңгерту."Қош келдің-Әз Наурыз "тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.Туған елге деген сүйіспеншілікке,салт-дәстүрді құрметтеуге,үлкендерді және бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу."Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтайық! "тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.Жол қауіпсіздігін есте сақтауға,жол ережесінің белгілерімен жүре білуге  үйрету."Жер  сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері "тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.Өзін-өзі қорғай алатын,тыныс-тіршіліктен хабардар,сезімтал,жан-жақты тұлға тәрбиелеу.

" Қысқы табиғат өрнектері"тақырыбында,сурет салудан 3"Г "сынып оқушысы Турсынбек Раяна 2-орынды  иеленді.

«Дарын» орталығынан ,«Қош келдің!»жас журналисттер байқауынан Абдимауленов Дастан I-дәрежелі диплом алды.«Самұрық» математикалық зияткерлік олимпиадасына  оқушылар қатысып, Тұсынбек Раяна, Санғылбай Ақдидар, Жанбыршы Айкүміс 1-орын. Абдимауленов Дастан, Бейсенбай Мирас 2-орын.«Ақбота» математикалық зияткерлік олимпиадасына қатысып Бейсенбай Мирас 3-орынды иеленді.

Оқушылардың сауатты білі алуына,жан-жақты ізденуіне  оқушылармен жеке жұмыс жүргіземін.Қазақстандық  патриотизмге,төзімділікке,жоғары мәдениеттілікке және  құқық пен еркіндікті құрмет тұтуға, оқушылардың сана-сезімін  қалыптастыра отырып  тәрбиелеуді негізге  ала отырып жұмыс жасаймын.

Қорытындылай келе, ендігі   оқу жылында  республикалық, қалалық пән олимпиадаларына,ғылыми жобаларда, түрлі байқауларға оқушыларды қатыстырып,  барлық пәнге  қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың  білім сапасын көтеруді жүйелі түрде іске асыруды  мақсат етемін.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив