16
ноябрь
2021
«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
"ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН!"БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ОҚУШЫНЫ ӨЗ БЕТІНШЕ КІТАП ОҚЫП, ЖЫР ЖАТТАУЫНА ЫҚПАЛ ЕТТІ
«Qazaq Epos» ағарту жобасы аясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 29.10.2021 жылы республикалық «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
Байқауға Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ж.Аймауытов атындағы 64 мектеп-гимназиясының 8- сынып оқушысы Альзах Динара қатысып, Шымкент қаласы әдістемелік орталығының алғыс хатымен марапатталып, "Қаратау дәстүрлі өнер мектебіне" жолдама алды.
Марапат құтты болсын, Динара! Әрдайым жеңіс тұғырынан көріне бер!
Бүгінгі таңда осындай байқауды ұйымдастырушыларға үлкен рақмет! Байқау өте жақсы жоғары деңгейде өтілді. Шын таланттарды тануға, бала мүмкіндігін ашуға, оқушының кітап оқуға қызығушылығын арттыруға ықпал жасады. Ұлтымыздың тарихын, мәдениетін тануға, отанын сүюге мұндай байқаулардың пайдасы зор!