01
июнь
2021
Ж.АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ #64 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ЖҮЛДЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салыбекова Бибигул Есимханкызы "Қалалық «ҮЗДІК САБАҚ ЖОСПАРЫ» сырттай байқауына" қатысып, "Бас жүлдеге" ие болды.

1.1. Жаңашыл мұғалімдерді анықтау және озық тәжірибелерды тарату, білім сапасын жетілдіру, озық тәжірибелер банкін құру.

2.1. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін жоғарылатуға, кәсіби шеберлігін арттыру.
2.2. Қысқа мерзімді жоспарды оқу мақсатына сай жоспарлай білу.
2.3. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерінің теориялық және тәжірибелік тұрғыдан кәсіби дамуын жетілдіру.
2.4. Жалпы білім беру ұйымдары мұғалімдерінің білім беру жүйесінің дамуына қосып жатқан үлесін көпшілікке жария ету.

3.1. Байқау қатысушылары қысқа мерзімді жоспарда келесі талаптарды сақтау қажет:
Сабақ мақсаттары
- сабақтың мақсаты оқу мақсаттарымен келісілген;
- сабақ мақсаттары пәннің ерекшелігіне бағдарланған;
- сабақ мақсаттары оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, SMART форматында құрастырылған.
Белсенді оқу әдістері
- әдістерді таңдау пән бойынша тақырыптың мазмұнымен анықталған;
- әдістер оқу мақсаттарына жетуге ықпал етеді;
- әдістер оқушыларды оқуға тартуға бағытталған.
Саралау әдістері
- тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып сараланған;
- саралаудың әр түрлі тәсілдері жоспарланған (тапсырмалар, дереккөздер, оқушыларды қолдау т.б.);
- саралау әдістері әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге ықпал жасайды.
Критериалды бағалау
- бағалау оқу мақсаттарына сәйкес келеді;
- қалыптастырушы бағалау оқуды қолдайды;
- бағалау критерийлері қолданылады.