"Жаңа технология-заман талабы"
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет,жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.
Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымызда жаңа технологияларды қолданамыз. Жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан – жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін арттыруға, өзін – өзі өзектендіруге, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу – танымдық ынтасын жетілдіруге, әрі жеке тұлғаны жан – жақты дамытуға жетелейді. Әр мұғалім өз сабағының – көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көштідұрысбағыттайбілуоныңшеберлігінебайланысты.
Білімді ұрпақ – ел болашағы. Оқушы күшпен қуатты да, шабыт пен дарынды да ұстаздан алады. Сондықтан бүгінгі таңда ақпараттық жаңашыл технологиялармен қаруланған педагог өскелең ұрпақтың толық қанды білім алуына, ізгілік қасиеттерді бойына сіңіруге, ұлтжанды, тәрбиелі жеке тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізері сөзсіз
"Жаңа технология-өмір талабы" атты онкүндікте "Ондық бөлшектерді қосу және азайту" тақырыбында 5 "ғ" сынып оқушыларымен ашық сабақ өтілді.
Жаңа технология-өмір талабы" атты онкүндікте "Роботтың сызық бойымен қозғалысы" тақырыбында 6 "В" сынып оқушыларымен ашық сабақ өтілді.


