Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
18
февраль
2021

"Оқуға құштар мектеп" жобасы

Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияда 19.01.2021ж. математика-информатика кафедрасы сағат 12:30-де ( офлайн) болып өткен «Оқуға құштар мектеп» жобасының таныстырылымы өткізілді.

Күн тәртібінде қаралған мәселе 

«Оқуға құштар мектеп» жобасының таныстырылымы, жобаның мақсат- міндеттерімен таныстыру

Жобаны мектеп-гимназияға енгізу мәселесі.

Тыңдалды: Мектеп-гимназия ДТІЖ орынбасары Г.Ш.Досан:

Бүгінгі іс-шараны өткізудегі мақсат- мемлекет басшысы 

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен білім мекемелерінде енгізіліп отырған «Оқуға құштар мектеп» жобасымен, жобаның мақсат –міндеттерімен ұжымды таныстыру, білім басқармасы тарапынан жіберілген жоспарды талқылау, мектеп-гимназияда жоспар құру.Іс шара барысында Сіздерге жобаны толық түсіндіре алдым деп ойлаймын. Математика-информатика пәндерінде, сабақ барысында оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруды қалай жүзеге асыруға болады? Өз ойларыңыз бен ұсыныстарыңызбен ортаға бөліссеңіздер:

Сөз алды. Математика-информатика кафедрасы жетекшісі

Қ. Сартаева:

«Оқуға құштар мектеп» жобасының мақсаты мен міндетін толық түсіндік, енді біз өз кафедрамыздағы пән мұғалімдерімізге таныстырылым жасасақ, әр мұғалім өз сабағында оқушыны кітап оқуға баулитын , қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер пайдаланса, онда біз оқуға құштар оқушыны тәрбиелей аламыз деп сенемін.Әрине, оқушылардан оқыған кітаптары туралы кері байланыстар алып, олармен өздеріне ұнаған кітаптар туралы еркін сұқбаттар ұйымдастырсақ, оқушылардың қызығушылығы артады деп ойлаймын.

Баланы кітап оқуға шақырмас бұрын, ең алдымен ұстаздар қауымы біз оқушыларға үлгі болуымыз керек. Өз басым математика сабағында оқушыларды оқулықты , өз бетінше оқуға бағыттау мақсатында үнемі әр сабақта формулалар мен ереже түсініктемелерді жаттап айтуын қадағалаймын. Бұл оқушылардың есте сақтау қабілетін ғана емес, математика пәнін оқуға ынтасын арттырады.

Сөз алды. Математика пәні мұғалімі А. Жақыпбекова: 

Сабақ барысында математика пәніне өз үлесін қосқан атақты: Пифагор, Ньютон, Фалес және т.с. ғалымдар туралы айтылып, оқушылар өз ойларын, оқыған мәліметтермен таныстырып толықтырса да оқулыққа құштарлығы артады деп ойлаймын. 

Информатика пәні мұғалімі А.Кәрібаева :-Әрине, мектепте баланың оқу сауаттылығын арттыру үшін баланың дағдыларын , оның ішінде оқылымды жақсарту керек, мен өзім психологиялық кітаптарды оқығанды өте жақсы көремін. Сабақ басында оқушылармен пікір алмасуға да үлкен үлесін тигізеді.

Математика пәні мұғалімі С.Эралиева: 

Жоба бойынша берілген ұсыныстар бойынша жоспармен таныстық, электронды кітап кз. Қосымшасының сматфонға қалай жүкте керектігін де білдік, енді осы жұмысты өз кафедрамызда жұмыс жүргізетін боламыз, әр кафедра көлемді түрде іс-шара берсек нұр үстіне нұр болар еді,- деп өз ұсынысын айтып өтті. 

Қорытынды сөз. Мектеп-гимназия ДТІЖ орынбасары Г.Ш.Досан:

Іс- шараны ұйымдастырған және қатысқан әріптестеріме үлкен алғысымды білдіремін, жұмысты ары қарай жүргізетін сіздерсіздер, баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін барлық бастамаларыңызға қолдау жасаймын, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив