Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
» » » рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханаға жиі келіп, кітап оқуға шақырды.
12
февраль
2024

рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханаға жиі келіп, кітап оқуға шақырды.

Шымкент қаласы орталықтандырылған көпшiлiк кiтапханалар жүйесiне карасты бірінші кiтапхана бөлiмшесi жазушы, ақын, драматург Әбілдә Тәжiбаевтың 115 жыл толуына орай "Тарихи тұлға тағылымы" атты тақырыпта әдеби кеш ұйымдастырды. Әдеби кешке жоғары оқу орнының студенттері және Жүсіпбек Аймауытов атындағы №64 мектептің 8 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Кеште шығып жиналған көпшілікке, оқушыларға Шымкент каласы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі КММ директоры Н.С.Жұманова, кiтапхана бөлiмшесiнiң меңгерушісі Усенова Зухра Эралхановна, Ардагер ұстаз, Казак ССР ағарту iciнiң озық қызметкерi, Қазақстанның педагогикалық академиясының профессоры, Өркениет ақпараттық-әдiстемелiк орталығының директоры Қоздыбаева Абила Коздыбайкызы және АИУ окытушысы Мурзабаева Манзура Әбілда Тәжібаевтың ақындығы, драматургиясы және жазушылар одағындағы қызметтері туралы көптеген қызғылықты мәліметтер, әңгімелер айтып берді. 
Оқушылар ақын, драматург Әбілдә Тәжiбаевтың өздері оқыған шығармалары жайлы бөлісті. 8 «Ә» сынып оқушысы  Забырхан Кәусар ақынның өлеңін мәнерлеп оқып берді. Жиналған тыңдармандар мен оқушылар ақын жайлы көптеген мәліметтер алды және өздерінің білімдерін толықтырды. Сондай-ақ оқушыларымыздың бойында азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханаға жиі келіп, кітап оқуға шақырды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив