06
декабрь
2022
"Оқуға құштар мектеп"жоба аясында 6"А"сынып білім алушылары
Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназия Кітапханасында Жаңа кітаптармен таныстырылым ұйымдастырылуда. Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасы негізінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында әлем әдебиеттерінің аудармалары және ақын жазушыларымыздың көркем шығармаларын ,ертегілері Сіздерге ұсынамыз ондағы мақсат оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру өз ойын еркін жеткізуге, тіл барлығын арттыруға ықпал;
Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру; Оқшыларды әдеби кітап оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту.Оқушылардың оқу дағдысы, оқу сауаттылығын қалыптастыру және тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына сондай-ақ бәсекеге қабілетті болуына әсер ететіні сөзсіз.Сондықтан мектебіміздің оқушыларын еліміздің үздік классиктерінің көркем шығармалары мен ертегілері оқуға шақырамыз.
"Оқуға құштар мектеп"жоба аясында 6"А"сынып білім алушылары "Ер жүрек Юнга", "Дымбілмес пен достарының хикаялары","Дымбілмес күн қаласында "ертегісін
"Менің атым Қожа"повестерін қызыға оқып шықты.
Мақсаты:оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру,кітап оқуға ынтасын арттыру,көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізе білуге баулу,әдеби кітаптарды оқуды насихаттау арқылы білім алушылардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.
Кітапхана меңгерушісі: Зейнетаева Гулназ Қуанышбекқызы
Сынып жетекшісі :Мамырова Нургуль Асетуллаевна


