26
март
2022
"Ұлттық тәрбие - ұлт қазынасы" 64 мектеп- гимназияның 30 жылдығы.
"Ұлттық тәрбие - ұлт қазынасы" Ия, баба дәстүрін ұрпақ бойына сіңіру үшін аянбай еңбек еткен ұстаздарымыз үшін бұл күн үлкен мерекеге айналды.Себеп: 64 мектеп- гимназияның 30 жылдығы.Бұл мереке - 30 жылдық тарихына үңіліп, осы кезеңде атқарған жұмыстарға есеп берген күн. Бұл күн - мектепке жан бітірген ардагер ұстаздарымызды ұлықтап, шын дүниеге аттанған ұлыларымызды еске алу күні. Қала көлемінде өткізілген оқу- тәрбие семинарында "Әжелер,аналар" және "Әкелер" мектебі жұмысы, дебат ойыны, 'Оқуға құштар мектеп" жобасы, құқықтық тәрбиеге байланысты сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбие сағаттары, "Үштік Одақ" жұмысы, А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай коучинг, және түрлі үйірмелердің жұмысы қонақтардың назарына ұсынылды. Наурыз мерекесімен қатар тойланған мектептің 30 жылдық мерейтойына арналған іс шараны Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығы әдіскері Баймұсаева Гүлім Ергешқызы ашып, ұжымға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.#64мектеп30жыл
[media=https://www.facebook.com/100015194193406/videos/pcb.1382313928951734/720282086049101?__cft__[0]=AZVqhLUEizt7TSash4p2iqAaJw81QEfFlrhniXJX9saN84lSBZoajmj9Xu9yxU-EYBIhuhGAH0_FQFYnZh9rw4bOJ57j5OGvEM0VSztE_0YXKWk9T5lbFoq4IdtF91kQqmM&__tn__=*bH-R]