01
апрель
2024
5-11 сынып оқушылары арасында тарих пәнінің мұғалімдері Ж.Абдикулова мен М.Амирова лекция оқыды.
Ж.Аймауытов атындағы# 64 мектеп-гимназияда Құқықтық оқу бойынша "Қ Р Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы19 қаңтардағы № 44 ҚР-ның Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 ақпанда № 13070 болып тіркелед і"Мемлекеттік білім беру ұйымдары кітапханаларының қорын қалыптастыру,пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы" тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында тарих пәнінің мұғалімдері Ж.Абдикулова мен М.Амирова лекция оқыды. Кітап оқудың пайдасын,кітапханаға жиі барып тұру керегін,кітап оқи отырып тіл байлықтарының артатынын,сөздік қорларының көбейетінін,ақылды болатынын,артық білім кітапта екенін түсіндірді.Ұл балалар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша мектеп инспекторы Ж.Орынбаев,салауатты өмір салтын ұстануды мақсатты түрде қалыптастыруға мектеп медбикесі К.Шабданова түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Мақсаты:кітап оқудың пайдасы туралы,ақылына ақыл қосатынын,тіл байлығының артатынын түсіндіру ,баланың құқықтық сауаттылығын арттыру ,құқықтарын қорғау,тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу ,заңдармен таныстыру , түсіндіру.
