01
апрель
2024
5-11 сынып оқушылары арасында тарих пәнінің мұғалімдері Ж.Абдикулова мен М.Амирова лекция оқыды.
Ж.Аймауытов атындағы# 64 мектеп-гимназияда Құқықтық оқу бойынша " Неке( ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР-ның "Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыздықтың алдын алу туралы Заңы" тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында тарих пәнінің мұғалімдері Ж.Абдикулова мен М.Амирова лекция оқыды. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтардың қадалағаусыз және панасыз қалудың алдын алу бойынша баламен жеке жұмыс жасау,балаларды оқыту ,тәрбиелеу, емдеу ,спортпен айналысуды қамтамасыз ету,ата-аналардың қадағалау керектігін мақсаттарын толық түсіндірді. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектеп инспекторы Ж.Орынбаев ,оқушылардың дұрыс тамақтануы,салауатты өмір салтын ұстануды мақсатты түрде қалыптастыруға мектеп медбикесі К.Шабданова түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Мақсаты: кәмелетке толмағандар арасында балалардың қадағалаусыз және панасыздықтың алдын алу,балалардың мінез-құлқын заңға бағынушылыққа қалыптастыру,қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға жол бермеу,жайсыз отбасылармен жұмыс жүргізу, мектеп әкімшілігі тарапынан моралдық тұрғыда көмек беру.


