13
ноябрь
2023
Қайырымдылық пен Мейірімділік - асыл қасиет.
Қайырымдылық пен Мейірімділік - асыл қасиет.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ж.Аймауытов атындағы N64 мектеп - гимназияда 23.10 - 3.11.2023 ж аралығында "Жас Ұлан" ұйымы мен мектеп аға тәлімгері Л.Жартыбаевамен бірлесе отырып
"Жақсылық - жан азығы" тақырыбында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
5 - 7 сынып оқушылары жәрмеңке жасап, жиналған қаржыға 3 аз қамтылған, көпбалалы отбасына көмек көрсетілді. Екі отбасына азық - түлікпен, бір отбасына қаржылай көмек көрсетілді.
Мақсатымыз балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымын қалыптастыру, оқушыларды кішіпейілділікке, үлкеннің еңбегін бағалауға үйрету.
Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі, ол әрбір адамзатқа тән құбылыс. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Қайырымдылық акциясына белсенді ат салысқан оқушыларға және сынып жетекшілерге алғысымыз шексіз.Соның ішінде ерекше ат салысқан
5 "А" сынып жетекшісі Д.Тастанбековаға,
5 "Ғ" сынып жетекшісі У. Жунисбековаға,
7 "Ғ" сынып жетекшісі Ж.Жұмахметоваға алғыс білдіреміз.
Жоспарымызға сай "Жақсылық - жан азығы" қайырымдылық акциясы аясында ата - аналар өз ризашылықтарын білдіріп, оқушыларға ізгі тілектерін арнады.



