Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
05
ноябрь
2023

Ізгіліктану кафедрасы

Адамзат тарихының беттерін ақтара отырып, әлем құрлықтарында өмір кешкен халықтар, ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күресіп келгенін білеміз.   Еліміздің дербес, толық қанды ел, егеменді мемлекет болуы, халқымыздың ертеден бергі еркіндік үшін, туған жері – Отаны үшін күресінің жемісі. Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен статусын алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені, әр елдің, халықтың өзіндік болмысына тән мақсат – мұраты бар. Мұрат – алға жетелейтін, болашақтан қол бұлғап шақыратын, халықтың арманы, мақсаты. Ал мақсат немесе мұрат – ол, болашақта қол жеткізуге жетелейтін қоғамдық-рухани сананың көрсеткіші -  идеал.

Осы тұрғыдан, Қазақстан халқының мұраты: еркін халық болу; өзгелермен терезесі тең мемлекет болу; өз ішінде береке-бірлік пен ынтымақ орнаған халық болу. Бұл мұратты жүзеге асырудың негізгі шарты – әрбір Қазақстан азаматының қатардағы қоғам мүшесі деңгейінен мемлекеттің саналы әрі белсенді азаматы әрі өз Отанының, халқының нағыз патриоты дәрежесіне көтерілуі.

Міне, сол құндылықтарды туған жерімізде өмір сүре отырып игеруге, кезіндегі кеңестік ұлт саясаты кедергі жасап келді. «Тұтас кеңестік бір ұлттық» саясат пен оның негізгі тірегі кеңес үкіметінің тоқырауы, біртіндеп келмеске кетуі, қазақ жастарының азаматтық санасына ықпал еткен, олардың ұлттық намысын көтерген - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен басталды. Міне бұл, қоғам азаматының патриоттық сана-сезімінің оянғаны. Бүгінгі  еліміздің егемендігі, оның саяси-әлеуметтік, экономикалық, рухани-мәдениет саласында, әлемдік іргелі елдердің қатарынан орын алуы, сол азаматтық сананың жемісі. Ата Заңымыздың мазмұнындағы мемлекет ретіндегі белгіленген басты идеал «Еркіндік, теңдік, татулық» - халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған, ерлікпен қол жеткізген және қорғаған асылы.  Бұл үш түсініктің аясында, мемлекетіміздің басты мұраты, Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасының мазмұнында:  «Бізге қажетті - жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын  ұрпақ тәрбиелеу» -  деп көрсеткендей, еліміздің елдігі  мен бірлігін сақтайтын, Отаны, халқы алдындағы парызын жауапкершілікпен өтейтін, ұлтжанды  ұрпақ тәрбиелеу міндеті  тұр. 

Қорыта айтсақ, халқымыздың ғасырлар бойы жасаған рухани-материалдық мәдениетінің бай мұралары, қазіргі «Этномәдениет тәрбиесі» негізінде жастардың Отансүйгіштік тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруда пайдаланатын тәлімдік құрал болып саналады.
#Өрлеу#
#ұлттыққұндылық#
#тәрбие#
#64мектеп#







Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив