25
май
2023
«Кибербуллинг және оның зардаптары» тақырыптарында видео ролик көрсетілді
Шымкент қаласындағы Ж.Аймауытов атындағы N 64 мектеп-гимназияда 5-11 сынып оқушылары арасында «Кибербуллинг және оның зардаптары» тақырыптарында видео ролик көрсетіліп, мектеп инспекторы Ж.Орынбаев және ДТІЖ орынбасары А.Бердімұратовалар лекция оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар буллинг және кибербуллингтің қауіптілігі және әлеуметтік желілер, онлайн ойындар қосымшалары арқылы интернеттегі психологиялық зорлық-зомбылықтың бір түрі қорқыту, қорлау туралы толық мағлұматтарды алды.