14
сентябрь
2022
Психологиялық көмек
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп -гимназиясы Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің 25тамыз N377 бұйрығын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-25 тармақшасына сәйкес орта білім ұйымдарындағы психологиялық қызметінің жұмыс істеу тәртібі бойынша ата-аналар мен педагогтерді ақпараттандыру. Психологиялық қызметтің негізгі міндеті – психикалық іс-әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Мектептегі оқу процесінде оқушылардың мектепке бейімделуін түзету мақсатында және
үлгермеушілікті болдырмаудың алдын алу мақсатында арнаулы бағдарламалар жасау,балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтау, оқушылардың дамуындағы «дағдарыс», «өтпелі», «қиын» кезеңдерге үлкен жауапкершілікпен қарап, бұл кезеңдерді арнайы бақылауға алу, үлгерімі, тәртібі төмен оқушылармен диагностикалық коррекциялық жұмыстар жүргізу, кәсіптік бағдар беру, бейіналды дайындық жұмыстарын ұйымдастыру,
ҰБТ және ББЖМ-ға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге, ата-аналарға оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық мәселелері, өзара қарым-қатынас үлгілері, оқушылардың психикалық процестерінің даму заңдылықтары туралы психологиялық кеңестер беру және т.б жұмыстарын ұйымдастыру жүйелі түрде жүзеге асыру болып табылады.Сонымен қатар ата-аналар мен педагогтерге мектеп-гимназияда "Сенім жәшігі" , және 75-25-15 "Сенім телефоны" жұмыс жасап тұрғандығын ескертеміз.
#shymkenttarbie
#ШЫМБҚАҚ
#психолог
https://www.facebook.com/100019821242308/videos/809938933754870/