19
декабрь
2021
Жастарға мамандық таңдауға көмек көрсету шаралары өткізілді.
Бүгін Ж.Аймауытов Атындағы 64/Мектеп-гимназиясына кәсіптік бағдарлану , кәсіпке бағдарлау , кәсіби бағдар , кесіптік бағдар (жастарға мамандық таңдауда көмек көрсету шаралары жүйесі өткізілді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абуова Айгүл Тасболатқызы Shymkent жоғары педагогикалық колледжінен келген Маманазаров Бахрам -филология және әлем тілдер бөлімінің меңгерушісімен 9-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Omosola Bamidele , Soile Peter - Колледж ағылшын тілі мұғалімі, Silkway Global халықаралық білім орталығы -ағылшын тілі мұғалімдері өздерінің жұмыстары барысымен таныстырды.
Болашақ студенттер, бұрында осындай мүмкіншіліктер болмаған, осы қазіргі мүмкіндіктерді жіберіп алмаңдар! Сіздер қазір өмірлеріңіздің жауапты сәтерінің бірінде, таңдау үстінде тұрсыздар. Осы таңдауларыңнан қателеспеу үшін сіздерге мұғалім реттінде айтарым: болашақ мамандықтарыңды таңдаған кезде сіздер өздеріңізді болашақта армандаған белгілі бір маманның жай ғана маманы емес, үздік маманы бола аламын деп және үлкен жетістіктерге жете алатындарыңа ішкі жан-дүниелеріңмен сенімді болыңдар! Сонда сендер тандауларыңнан қателеспейсіңдер деп есептеймін. Армандарға қол жеткізу бірінші жасаған қадамнан басталады, сол бірінші қадамдарың, таңдауларың сәтті болуына тілектеспін. Менің мамандығым, яғни жер саласы мамандығы қазіргі таңда өте үлкен сұраныста. Жер саласы мамандары әлемнің барлық дамушы елдерінде үлкен сұраныста және біздің елде даму барысындағы елдер қатарында. Біздің еліміз үлкен, ауқымды, әлемді таң қалдырарлықтай, тамсандыратын жобаларды іске қосуда, осы даму барысы әлі де кем дегенде 60-70 жыл даму барысын бастан кешеді. Егер де сіздер осы жер саласы мамандығын таңдасаңыздар, болашақта үлкен сұранысқа ие болатындарыңызға және оқуды жақсы, ойдағыдай аяқтаған соң жұмыс орнына орналасу сіздерге оңай және тез болатынына сенімдімін. Осы тұста біздің колледжі аталған талаптарға сай болу үшін жан-жақты, үлкен еңбек етуде. Біздің колледжіміз облысында алдынғы қатарлы, абыройлы оқу орнындарының бірі деп айтуға толық негіз бар. Біздің колледжімізде білімгерлерге таңдаған мамандықтары бойынша сапалы білім алу үшін әкімшілік және мұғалімдер тарапыннан сол сапалы білімді беруге біздер толық дайынбыз. Мен білімді болашағымызға сенемін”-деп сөздерін қорытындылады.