Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
12
сентябрь
2022

Психологиялық көмек

1- сынып оқушыларынан Йирасек-Керн тесті алынып нәтижесі шығарылды.
Мақсаты: Баланың Mayда нәзік қимыл әрекеттерінің қалыптасқанын және үйлесімділігін анықтау.
Тест үш тапсырмадан тұрады:
1. ойға сүйене отырып ер адамның суретін салып дене бітімін бейнелеу;
2. жазба әріптерін үлгіден көшіріп салу;
3. нүктелер тобын көшіріп салу.
1.«Ер адамның суретін салу» әдістемесі.
Орындау ережесі: «Сендер күнделікті көптеген ер адамдарды көріп жүрсіңдер. Солардың сырт пішінін еске түсіріңдерші. Енді ер адамның суретін салыңдар».
Ер адамның суретін салғанда балалар осы кейіпкерді ойына түсіріп сол қиялын бейнелеу бойынша салады.
2. «Әріптерді көшіріп салу» әдістемесі.
Тапсырманың үлгісі салынған парақ балаларға таратып беріледі. Оның бетінде алты әріптен тұратын сөз жазылған. Балаға тапсырманы орындау тәртібі түсіндіріледі: «Мына парақта әріптер жазылған, оны дәл осындай етіп көшіріп сал. Әріптерді толық салып болғанша қаламды парақтың бетінен алма».
3.«Бір топ нүктелерді көшіріп салу» әдістемесі.
Балаға бір топ нүктелер (саны 20 дан аспауы керек) геометриялық фигураның пішініне ұқсатып салынған парақ беріліп, тапсырманы орындау шарты түсіндіріледі: «Мына параққа қара. Оның бетінде нүктелер салынған. Осындай суретті дәл қасына көшіріп сал».


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив