Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
29
апрель
2024

Психологиялық көмек

25.04.2024ж
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Абуова мен педагог-психолог Р.М.Арзыкулова «9-сынып оқушыларына мемлекеттік аттестацияға психологиялық дайындық тренингін» өткізді.
Тақырыптың өзектілігі:
Жеке тұлға сенің дәл бүгінгі дайындығың – бұл тұлға ретінде, үлкен биіктерге жетуге және білімнің жаңа шыңдарын бағындыруға деген бірегей мүмкіндік. Болашағында баспалдақтан сүрінбей өтуің үшін саған психолог-практикант керемет мотивациялық кеңестермен ойындар  дайындап қойды. Міндетті түрде белсенді қатысып отыр.
Әр жеткен жетістігіңізге қуан. Табысқа жету жолындағы әрбір кішкентай қадам маңызды және өзіңді ынталандыруға лайық. Әрбір кезеңнен ләззат алу үшін кішкентай жетістік болсада өзіңе сыйлық жаса.
Әрқашан ата-анаңның үмітін ақтауды ойла, сені мақтан тұтуына күш сал. Сенен күткен нәрсені дәлелде, себебі олар саған және сенің күшіңе сенеді. Өз күшіңді сабақ оқу мен жетістікке жетуге жұмса, ата-анаңның үміттерін ақтап қана қоймай, одан да асып түсуге тырыс.
Стив Джобстың "Stay hungry, Stay foolish", - деген даналық сөздерін есте сақта. Білімге деген аштық пен жаңа көкжиектерге ұмтылу сені жетістіктерге жетелейді. Біліміңді арттырудан шаршама.
Ойын жаттығуы: «Менікі»
Мақсаты: «Зейін қойып тыңда» топты біріктіру.кім жылдам екенің анқытау, жағымды ахуал қалыптастыру.
Ережесі: Ойын жүргізушісі оқушылардың арасынан 2 адамнан шығарады және оларды бір-біріне қарама қарсы тұрғызып екеуіне бір зат береді. Сол затты  оларға  қай дене мүшелерін  айтса сол жерін ұстайды. Солай ойынды жалғастыра отырып жердегі затты да айттып сол затты кім бірінші алады сол Жеңімпаз 
Ойын жаттығуы: «Құнды пікір»
Мақсаты: Сабаққа қатысты пікілерді қалдыру
Ережесі:  Оқушыларға банк карточкалары  таратылады. Сол карточкаға сабаққа қатысты ойын қалдырады.Алып қосары бар болса онымен бөліседі  
Ойын жаттығуы: «Арман ағашы»
Мақсаты: Арман- тілектеріңізді мақсатты білу.
Ережесі: Қатысушыларға стикер және ручка беріледі. Өздерінің  болашаққа қойған арман мақсаттарын жазып, арман ағашына апарып жабыстырады.
SQ3R әдісі оқығаныңды ұмытпайтындай етіп, есте сақтап алуға көмектеседі. Бұл әдісті 1946 жылы психолог
Фрэнсис Робинсон ойлап  шығарған.
1️⃣Кітапты оқығанда онын ішіндегі кілт сөздерге,
суреттерге, графиктер мен сызбаларға мұқият назар
аудар. Егер кітап электронды түрде болса, онда шрифтке, кою түспен боялған сөздерге көбірек мән бер.
2️⃣Ақпаратпен танысып болғаннан кейін өзіңе оқығаның 
бойынша сұрақтар қойып, соларға жауап беруге тырыс.
3️⃣Кітап оку - пайдалы іс. Бірақ, кейбір адамдар 100 кітап оқып шықса да, олардан алған білімді өмірлеріңде пайдаланбайды, ал кейбіреулер бар болғаны 10 кітап окып, өмірлерін өзгертіп жатады. Кез келген білім
қолданбалы болуы керек. Ақпаратты жай ғана оқып
Қана коймай, шынайы өмірде колдану - оны есте сақтап алудың ең тиімді жолы.
4️⃣Кітапты толықтай жаттап алудын қажеті жоқ, бар болғаны ең маңызды жерлерін белгілеп, кайталау жеткілікті. Және кітап бойынша өзіңе сұрактар коюды да умытпағаның  жөн.
5️⃣Енді кітаптың мазмұнын бір қарап, барлық, маңызды ақпарат бар жерлерді кайталап шық . Оқығанынды есте сақтаудын тағы бір тимді жолы: оны басқа адаммен бөлісу, өзге біреуге оқығанынды айтып, түсіндіру.
Істі кейінге калдыру дертінен
кұтылудың кұпиясы🤫
Адамды стресске ұшырататын зиян әдеттердін бірі - істі кейінге калдыру әдеті. Ғылымда - "прокрастинация".
Осы әдеттен кұтылудын екі жолы төменде 👇🏻
1. "Велосипедтің педалін айналдыру" әдісі 🚲
Көз алдыңа елестетші: велосипедке отырған кезде күш салып, қозғалып кетуге тырысасың. Ал бір қозғалған соң, айдау біртіндеп жеңілдей бастайды. Аздаған күш салып, жылдамдықты бір қалыпта ұстап отырсаң болғаны. Бұл әдістің қалай жұмыс жасайтынын енді түсініп келе
жатырсың ба?
Әдістің мәні мынада: алғашқы қадамды жасау әрдайым қиын. Велосипедті айдап кету үшін ең, бірінші
педальдарды айналдыруға максималды күш салу қажет.
Ал велосипед бір қозғалып кетсе, ары карай айдау оңайрақ болады. Сол сияқты бір істі қиын көріп, бастай
алмай журсең, бар болғаны алғашқы қадамды жасасаң,
болғаны, кейін ол істі калай аяқтап қойганынды білмей де қаласың.
2. "Пілді жеу" адісі. 🐘
Бұл әдіс улкен бір істі кішкентай бөліктерге бөле отырып, атқаруды негізге алады. Тайм-менеджмент
саласындағы атақты маман Глеб Архангельский ауқымды
жұмыспен айналысуды "пілді жеу" процесімен байланыстырған. Себебі бір пілді жеу - өте улкен іс. Бірақ егер пілді кішкене бөліктерге, бифштекстерге бөліп жейтін болсақ, анағұрлым жеңілдей түседі.
Дәл солай үлкен шаруаны кішігірім бөліктерге бөлетін болсақ, онда оларды жасау бізге аса катты киын болмайды әрі әркайсысын мұқият орындауға мүмкіндік
пайда болады.
Жетістікке апаратын 10 "кажет"🚀
1. Саған өзің қалағаннан да, ерте тұру кажет.
2. Саған қорқып тұрсан да, тәуекелге бару қажет.
3. Саған өз сұрақтарыңа жауап іздегенде, ақымақ болып көріну қажет.
4. Саған ақталудың, орнына нәтижеге жету қажет.
5. Саған байкап көріп, сәтсіздікке ұшырап, содан соң
қайтадан байқап көру қажет.
6. Саған демің таусылып бара жатса да, қаттырақ, жүгіру
қажет.
7. Саған өз іс-әрекеттерің үшін әрдайым жауапкершілікті
алу қажет.
8. Саған ешқандай кедергіге карамай, алдыға жылжуды
тоқтатпау қажет.
9. Саған басқа ешкім олай жасамаса да, өз-өзіңді дамыту
қажет.
10. Саған әлі ешкім қолыңа алмаған іске кірісіп, мүмкін еместі мүмкін етіп, жетістікке жету қажет.
Қарапайым адамдар қалай жетістікке жетеді деп ойласаң,
жауабы мынау: олар басқа адамдардың, батылдығы
жетпеген іске кірісіп, соның, бар қиындығына шыдап, соңында жақсы нәтиже көрсетіп,  жетістікке жетеді.


https://www.facebook.com/100015194193406/videos/1196875898144697/




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив