Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
25
апрель
2024

Психологиялық көмек

24.04.2024ж Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Т. Абуова мен педагог-психолог Р.М.Арзыкулова
 "ҰБТ-ға қатысатын 11-сынып оқушыларымен психологиялық қолдау көрсету" тренингін жүргізілді. 11-сынып оқушыларына ҰБТ-ға байланысты кеңес берілді.
Тақырыптың өзектілігі:
Болашақ студент, сенің дәл бүгінгі дайындығың – бұл тұлға ретінде, үлкен биіктерге жетуге және білімнің жаңа шыңдарын бағындыруға деген бірегей мүмкіндік. Ал ҰБТ жаңа белестерге шығарудағы бір ғана баспалдақ. Сол баспалдақтан сүрінбей өтуің үшін саған психолог-практиканттар керемет мотивациялық кеңестермен ойындар  дайындап қойды. Міндетті түрде белсенді қатысып отыр.
Әр жеткен жетістігіңізге қуан. Табысқа жету жолындағы әрбір кішкентай қадам маңызды және өзіңді ынталандыруға лайық. Әрбір кезеңнен ләззат алу үшін кішкентай жетістік болсада өзіңе сыйлық жаса.
Әрқашан ата-анаңның үмітін ақтауды ойла, сені мақтан тұтуына күш сал. Сенен күткен нәрсені дәлелде, себебі олар саған және сенің күшіңе сенеді. Өз күшіңді сабақ оқу мен жетістікке жетуге жұмса, ата-анаңның үміттерін ақтап қана қоймай, одан да асып түсуге тырыс.
Стив Джобстың "Stay hungry, Stay foolish", - деген даналық сөздерін есте сақта. Білімге деген аштық пен жаңа көкжиектерге ұмтылу сені жетістіктерге жетелейді. Біліміңді арттырудан шаршама.
ҰБТ-дағы жоғары балл - бұл күш-жігердің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар сенің білімге деген адалдығыңның дәлелі. Топ университетте оқу мүмкіндігі басқалардың назарын аударып, оларды сенің жолыңмен жүруге шабыттандырады.
Аз аздан үздіксіз оқы. Оқу материалын кішкене бөліктерге бөліп, оларға күнделікті уақыт бөл. Бұл саған ақпаратты жақсы сіңіруге және ҰБТ алдында қажетсіз стресстен аулақ болуға көмектеседі.
Дайындығың мықты болып, ҰБТ кезінде өзіңді барлығына дәлелде. Мұқият және жүйелі түрде дайындал, дайындыққа жұмсалған күш-жігерің сені сенімді болуға және ҰБТ кезінде жақсы нәтиже көрсетуіңе мүмкіндік береді.
Білім алу ҰБТ-да жақсы нәтижеге жетуге ғана емес, өмірлік жолда да, тұлға ретінде қалыптастыруға де қажет болатын маңызды бөлік екенін ұмытпаңыз.
Ойын жаттығуы: «Құбыр»
Мақсаты: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» топты біріктіру. қарым-қатынасты нығайты, жағымды ахуал қалыптастыру.
Ережесі: Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі. Қағазды қолдарымен астау кейпіне енгізеді. Барлық қатысушылар қолдарындағы астауша тәрізді иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайтын болады. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп алмай допты өткізіп шығару керек.
Ойын жаттығуы: «Адам өз өмірінің суретшісі»
Мақсаты: Өмірің өз қолыңда. Сенің ойың, сенің өмірің екенін түсіндіру.
Ережесі: Қатысушыларға А4 қағазы мен ручка беріледі. А4 қағазын басына қойып нұсқаушының айтуы бойынша сурет салатын болады. Сурет салынып біткен соң суретке анықтама беріледі.
Ойын жаттығуы:  «Әр кез бірге »
Мақсаты:   Зейін қою.Көңіл-күйді көтеру. Шапшаң әрекет ету.
Ережесі: Қатысушыларға шар беріледі. Шарды үрлеп, қолымен ұстамай кедергілерден өту керек.
Ойын жаттығуы: «Қош бол іштегі қорқыныш»
Мақсаты: Іштегі қорқынышпен эмоцияны сыртқа шығару.
Ережесі:  Қатысушыларға шар беріледі. Шарды үрлеп жарып тастайды.  
Ойын жаттығуы: «Арман ағашы»
Мақсаты: Іштегі арман мақсатты білу.
Ережесі: Қатысушыларға стикер және ручка беріледі. Өздерінің  болашаққа қойған арман мақсаттарын жазып, арман ағашына апарып жабыстырады.

https://www.facebook.com/100015194193406/videos/1437139890256682/




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив