27
январь
2024
4-зерттеу тобының кезекті тізбектелген 2- сабағы 2024 жылдың 24.01 күні 6"Д" сыныбында қазақ тілі пәнінен өтті.Пән мұғалімі Наурызбаева Кулаш Жаксылык
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияның орта буын сыныптарында құрылған 4-зерттеу тобының кезекті тізбектелген 2- сабағы 2024 жылдың 24.01 күні 6"Д" сыныбында қазақ тілі пәнінен өтті.Пән мұғалімі Наурызбаева Кулаш Жаксылыковна.Сабақтың тақырыбы: "Жаңбырменен жер көгерер". Зерттеу тобының мүшелері А,В,С тобындағы оқушылардың сабаққа қатысуын зерттеп, жұмыстар жүргізді.Сабақ барысында деңгейлік , топтық жұмыстар жасалды. "Жылулық шеңбері", "Ортадағы қаламсап", "Аяқталмаған сөйлем", "Ойды аяқта" әдістерін пайдаланды. Көз жаттығулары арқылы жасалған сергіту сәті сабақты қызықтыра түсті. Ресурстар: Интерактивті тақта, оқулық, стикерлер, топ қарындаштар. Бағалау үшін 5, 10, 20 мыңдық теңге суреттері беріліп отырды. Бұл оқушылардың сабаққа қатысуы мен қызығушылығын арттыра түсті. А,В тобындағы оқушылар сұрақтарға тиянақты жауап беріп,тапсырмаларды орындап отырды. С тобындағы оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмалар берілді. Дәптермен жұмыс жасалынды, үй, сынып жұмыстары бағаланды. "Ойды аяқта" әдісі арқылы Кері байланыс берілді.Оқушылар тақырып бойынша қызықты мәліметтер алды. Сабақ өз мақсатына жетті.




