27
январь
2024
3-зерттеу тобының кезекті сабағы 25.01.24 жылы 6"ә" сыныбында қазақ тілі пәнінен өтті. Пән мұғалімі Кошанова Жамилә
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияда орта буын сыныптарында құрылған 3-зерттеу тобының кезекті сабағы 25.01.24 жылы 6"ә" сыныбында қазақ тілі пәнінен өтті. Пән мұғалімі Кошанова Жамилә.Сабақтың тақырыбы: "Жаңбырменен жер көгерер". Зерттеу тобының мүшелері А,В,С тобындағы оқушылардың сабаққа қатысуын зерттеп,жұмыстар жүргізді.Сабақ барысында жеке,жұптық жұмыстар жасалды. "Жылулық шеңберіне", "Серпілген сауал", "Аяқталмаған сөйлем" "Ойды аяқта" әдістері қолданылды; мәтінмен жұмыс жасалынды. Ресурстар: Интерактивті тақта, оқулық, стикер, жұптық жұмысқа арналған стикерлер.Оқушылардың сабаққа қатысуы,қызығушылығы жақсы.А,В тобындағы оқушылар сұрақтарға тиянақты жауап беріп,тапсырмаларды орындап отырды.С тобындағы оқушыларға қосымша тапсырмалар берілді.Дәптермен жұмыс жасалынды,бағаланды.Кері байланыс жасалды.





