27
январь
2024
4-зерттеу тобының 2024 жылдың 25.01 күні 6"Д" сыныбында қазақ тілі пәнінен тізбектелген кезекті сабағы өтті.Пән мұғалімі Наурызбаева Кулаш Жаксылыковн
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияның орта буын сыныптарында құрылған 4-зерттеу тобының 2024 жылдың 25.01 күні 6"Д" сыныбында қазақ тілі пәнінен тізбектелген кезекті сабағы өтті.Пән мұғалімі Наурызбаева Кулаш Жаксылыковна. Сабақтың тақырыбы: "Сумен байланысты аңыз- әңгімелер". Зерттеу тобының мүшелері А,В,С тобындағы оқушылардың сабаққа қатысуын зерттеп, жұмыстар жүргізді.Сабақ барысында деңгейлік , топтық жұмыстар жасалды. "Жылулық шеңбері", "Түртіп алу", "Автор орындығы", "Таяқшалар", "Ойды аяқта" әдістерін пайдаланды. Әсіресе "Автор орындығы" әдісі балаларға қатты ұнады. Ресурстар: Интерактивті тақта, оқулық, стикерлер, топ қарындаштар. Бағалау үшін 5, 10, 20 мыңдық теңге суреттері беріліп отырды. Бұл оқушылардың сабаққа қатысуы мен қызығушылығын арттыра түсті. А,В тобындағы оқушылар сұрақтарға тиянақты жауап беріп,тапсырмаларды орындап отырды. С тобындағы оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмалар берілді. Дәптермен жұмыс жасалынды, үй, сынып жұмыстары бағаланды. "Ойды аяқта" әдісі арқылы Кері байланыс берілді.Оқушылар тақырып бойынша қызықты мәліметтер алды. Сабақ өз мақсатына жетті.





