27
январь
2024
4-зерттеу тобының кезекті сабағы 2024 жылдың 22.01 күні 6"Д" сыныбында қазақ тілі пәнінен өтті.Пән мұғалімі: Наурызбаева Кулаш Жаксылыковна. Сабақтың
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияның орта буын сыныптарында құрылған 4-зерттеу тобының кезекті сабағы 2024 жылдың 22.01 күні 6"Д" сыныбында қазақ тілі пәнінен өтті.Пән мұғалімі: Наурызбаева Кулаш Жаксылыковна. Сабақтың тақырыбы: " Қазақстан теңіздері". Зерттеу тобының мүшелері А,В,С тобындағы оқушылардың сабаққа қатысуын зерттеп, жұмыстар жүргізді.Сабақ барысында деңгейлік , топтық жұмыстар жасалды. "Стикер сөйлейді", "Ортадағы қаламсап", "Кім жылдам?", "Бас, қол, жүрек" әдістерін пайдаланды. Көз жаттығулары арқылы жасалған сергіту сәті сабақты қызықтыра түсті. Ресурстар: Интерактивті тақта, оқулық, стикерлер, топ қарындаштар. Бағалау үшін 5, 10, 20 мыңдық теңге суреттері беріліп отырды. Бұл оқушылардың сабаққа қатысуы мен қызығушылығын арттыра түсті. А,В тобындағы оқушылар сұрақтарға тиянақты жауап беріп,тапсырмаларды орындап отырды. С тобындағы оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмалар берілді. Дәптермен жұмыс жасалынды, үй, сынып жұмыстары бағаланды. "Бас, қол, жүрек" әдісі арқылы Кері байланыс берілді.





