23
февраль
2024
2024 жылдың 13.02 күні 6"Ә" сыныбында ағылшын тілі пәнінен зерттеу сабақ өтті.Пән мұғалімі: БердибаеваАқмарал. Сабақтың тақырыбы: «Defining relative
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияның орта буын сыныптарында құрылған зерттеу тобының кезекті сабағы 2024 жылдың 13.02 күні 6"Ә" сыныбында ағылшын тілі пәнінен зерттеу сабақ өтті.Пән мұғалімі: БердибаеваАқмарал. Сабақтың тақырыбы: «Defining relative clauses» Зерттеу тобының мүшелері А,В,С тобындағы оқушылардың сабаққа қатысуын зерттеп, жұмыстар жүргізді.Сабақ барысында жұптық , топтық жұмыстар жасалды. "Piliap" және "Baamboozle" платформасын, " Throw ball" әдістерін пайдаланды. Көз жаттығулары арқылы жасалған сергіту сәті сабақты қызықтыра түсті. Ресурстар: Интерактивті тақта, оқулық, стикерлер, топ қарындаштар. Бағалау үшін 100$ суреттері беріліп отырды. Бұл оқушылардың сабаққа қатысуы мен қызығушылығын арттыра түсті. А,В тобындағы оқушылар сұрақтарға тиянақты жауап беріп,тапсырмаларды орындап отырды. С тобындағы оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмалар берілді. Дәптермен жұмыс жасалынды, үй, сынып жұмыстары бағаланды. "Traffic jam" әдісі арқылы Кері байланыс берілді.Оқушылар тақырып бойынша қызықты мәліметтер алды. Сабақ өз мақсатына жетті.





