27
январь
2024
1-зерттеу тобының кезекті сабағы 25.01.24 жылы 5"А" сыныбында математикадан пәнінен тізбектелген 2-ші сабағы өтті.Пән мұғалімі Идирисбаева Гүлнар. Саб
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияда орта буын сыныптарында құрылған 1-зерттеу тобының кезекті сабағы 25.01.24 жылы 5"А" сыныбында математикадан пәнінен тізбектелген 2-ші сабағы өтті.Пән мұғалімі Идирисбаева Гүлнар. Сабақтың тақырыбы: "Ондық бөлшектерді салыстыру".Зерттеу тобының мүшелері А,В,С тобындағы оқушыларыдың сабаққа қатысуын зерттеп,жұмыстар жүргізді.Сабақ барысында жұптық, жеке жұмыстар, оқулықпен жұмыстар жасалды. "Ой қозғау",
«Сәйкестендіру» әдістері қолданылды. Ресурстар:Интерактивті тақта,оқулық,стикер,жұптық жұмысқа арналған стикерлер.Оқушылардың сабаққа қатысуы,қызығушылығы жақсы.А,В тобындағы оқушылар сұрақтарға тиянақты жауап беріп,тапсырмаларды орындап отырды.С тобындағы оқушыларға қосымша тапсырмалар берілді.Дәптермен жұмыс жасалынды,бағаланды.Кері байланыс жасалды.Оқушылар тақырып бойынша есептер шығарды.


