07
октябрь
2023
"Гүлдер" бояумен сурет салу тақырыбында ашық сабақ өтті
Сынып оқушыларын «Киндер әдісі арқылы» екі топқа бөлді. Үй тапсырмасын тексерді. Ынтымақтастық атмосферасын «Ертегілер» әні мен керекті құрал-жабдықтармен табысталу арқылы қалыптастырылды. «Гүлдер» бояумен сурет салу. Пуантилизм техникасы тақырыбында жаңа сабақ өтті. Сергіту сәті «Сиқырлы қобдиша» әдісі арқылы жүргізілді. 1-тапсырма. «Адасқан әріптер» әдісі бойынша пазл суреттері құрастырды. 2-тапсырма. Ағаштан жасалған салпыншақ гүлдерін гуашь бояуымен бояды. 1-мамыр күніне арналған сыйлық ретінде ұстаздарға табысталды. Сергіту сәті «Қолшатыр» әдісі арқылы ұйымдастырылды. 3-тапсырма. «Пуантилизм» техникасы арқылы А5 көлемдегі қағаздарға оқушылар гүлдің суретін салды. Рефлексия «Палитра» әдісі арқылы кері байланыс жасалды. #64Жасмаман

