Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
» » » Математика пәнінен 08.02.2024ж күні 8 «Е» сыныбында сабақ өттім. Жас ерекшеліктері бірдей. Білім стандартына сәйкес бағдарламаны басшылыққа алып, «Үш
19
февраль
2024

Математика пәнінен 08.02.2024ж күні 8 «Е» сыныбында сабақ өттім. Жас ерекшеліктері бірдей. Білім стандартына сәйкес бағдарламаны басшылыққа алып, «Үш

Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының
математика пәні мұғалімі Зиядақызы Құралайдың  
8 «Е» сыныбында өтілген «Lesson study» зерттеу сабағы бойынша рефлексивті есеп.
Математика пәнінен 08.02.2024ж  күні 8 «Е» сыныбында сабақ өттім. Жас ерекшеліктері бірдей. Білім стандартына сәйкес бағдарламаны басшылыққа алып, «Үшбұрыштың ауданы формулаларын қолданып, есептер шығару» тақырыбында сабақ өттім.
Стикерлер арқылы топқа бөлдім: І топ – тікбұрышты, ІІ топ – тең қабырғалы, ІІІ топ – тең бүйірлі.  Үй жұмысын «Миға шабуыл» әдісі  арқылы  wordwall ,   сабақты бекітуге jeopardy платформаларын қолдандым. Сабақтың басында «Ойлан, жұптас, бөліс!» әдісі арқылы, фигуралар құрастырып, оның ұзындықтарын өлшеп, топта есептер шығарттым. Соңында үш топтан 1,3,5 деген сан шығып, Ж. Аймауытовтың 135 жылдығына орай, Фатима деген оқушы Аймауытовтың өмір баянына шолу жасады.Сабақтың ортасында "Жұптық жұмыс" есептер беріліп дәптерге орындады. Сергіту сәтіне үш топтан үш оқушы шығып, қағазды сөзді оқып оқушыларға мимикамен түсіндіру арқылы оқушылардың қызығушылығын ояттым. Сабақты бекітуге "Жеке жұмыс" тапсырма бердім. Оқушылар интерактивті тақтадан дұрыс жауапқа қарап  өзін-өзі тексерді. Сабақ барысында жұптық, топтық және жеке жұмыс жүргіздім. Барлық есептерге дескриптор қойылған.
Зерттеу тобының мүшелері  «А» тобындағы оқушы Нұржігіт Қарақат «В» тобындағы оқушылар Малчы Зейнеп, Талғат Айда сұрақтарға ұқыпты тиянақты жауап беріп, тапсырмаларды орындап отырды.
С тобындағы оқушылар Бауыржанұлы Дәулет,Жорабай Ерсұлтан  сергіту сәтінде белсенді жауап беріп отырды. Оқушылардың сабаққа қатысуы жақсы, дәптермен жұмыс жасалынды, оқушыларды «Мадақтау» әдісін пайдаланып, бағалау критерийлері бойынша 10 баллдық жүйемен бағаладым. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алдым. 
№1 зерттеу сабағыма  талдау жүргізілді, бақылаудағы оқушылардың іс-әрекеті талданып, сабақтың сәтті, сәтсіз тұстарын анықтадық та, сәтсіз тұстары бойынша қайта жоспарлап, №2 зерттеу сабағының жоспарын бірлесе құрдық. Әрине, мұнда «оқушының іс әрекетін» ескеріп отырдық. 
Қорытындылай келе,  егер  дұрыс мақсаттар мен дұрыс таңдалынып алынған деңгейлік тапсырмаларды берсек, оқушылардың қызығушылығы артып, сабаққа белсене қатысып отырады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив