28
ноябрь
2023
Жас маманмен жұмыс
Жас маманмен жұмыс – жас маманның кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстардың бірі. Білім беруде нәтижеге жету оңай жұмыс емес. Білім беру міндеті білім сапасын көтеруді мақсат етіп қояды. Педагог алға қойған мақсатқа жету үшін үнемі шығармашылықпен жұмыс жасап, педагогикалық құзыреттілігін дамытып отыруы қажет.Қазіргі таңда мектепке келген жас мамандар жаңа технологияны жақсы меңгергенімен, теориялық білімі жақсы болғанымен әдістемелік және психологиялық жағынан қолдауды қажет етеді.
Осындай өз нәтижесін беретін түрлі іс-шаралар негізінде жас мамандарымызға әдістемелік көмек үздіксіз беріліп отырады. Аталмыш шаралар жас мұғалімдеріміздің ұстаздық болмысын қалыптастырып, біліміне білік қоса түседі деген ойдамыз.



