Өзара іс-тәжірибе алмасу
Өз тәжірибесін жүйелі талдап, жалпылап
отыру ғана мұғалімнің күнделікті
педагогикалық қызметіне шығармашылық
сипат береді.
М.Скаткин
Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр. Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс - тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру - заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы оқушы даярлау - бүгінгі өмір талабы.
Мұғалім білімін, қабілетін, сенімін, ішкі мүмкіншіліктерін интеллектуалдық, психологиялық сапасын үнемі толықтырылып, жаңартылып отыру керек. Біліктілікті арттыру арқылы сіз өз біліміңіз жетілдіруді қамтамасыз ете аласыз.
Қазіргі таңда мұғалім – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан – жақты мұғалім болуға тиіс. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруланып қоймай , өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілігі туындайды. «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасы – мұғалімге үздікссіз, жан – жақты білімін жетілдіруді талап етеді. Мұғалімнің үнемі біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін жетілдіріп отыруы - жалпы мектептің білім беру сапасын арттырудың басты шарты. Мұғалім қашан да әртүрлі нысанда білім беруді демократияландыру жағдайында үздіксіз білім көтеру үстінде жүреді.













